Негізгі және туынды үстеулер тарихы


ҮСТЕУДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#98332
1   2   3   4
Байланысты:
Негізгі және туынды үстеулер тарихы
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, етіс, Негізгі және туынды үстеулер тарихы, 800123, терапия барлык сурактар, ата аналарга хаттама-1, 3 сынып ҚМЖ жаңа., § 48 Н.В.Гоголь. «Ночь перед Рождеством»

ҮСТЕУДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ


Үстеудіц пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік кызметі — сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер кашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі — мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.
Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлгада көптік жалғаулары арқылы субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш кызметін аткарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). Бүгін деген корқыныш пен үміттің екіұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).
Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп баяндауыштың кызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К.Токаев). Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов).
Үстеудің толықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура толыктауыш та, жанама толыктауыш та бола алады. Тура толыктауыш кызметінде жай септікпен бірге тәуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Мысалы, Азын-аулак қазақшаны да далбарлайтын болған (М.Әуезов). Жанама толыктауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз (Бұл да).
Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп, анықтауыш та болады. Мысалы, Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүрсіз (Т.Ахтанов).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет