Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныпқа арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша



Дата10.10.2019
өлшемі121 Kb.
#49669
Байланысты:
МАТЕМАТИКА 5 ҰМЖ
0 variant Beginner English 14.11.19, 0 variant Beginner English 14.11.19, 0 variant Beginner English 14.11.19
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныпқа арналған

«Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

5-сынып





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімінің мазмұны



Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Натурал сандар және нөл саны


Натурал сандаржәне нөл

5.1.1.1 - натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.2 - тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;



Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік

5.3.1.1 - өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;

5.5.2.2 - натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

5.1.2.1 - натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру;

5.5.2.6 – натурал сандарды салыстырудың нәтижесін  белгілері арқылы жазу;

5.5.2.7 - натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу;


Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

5.1.2.2 - амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу;

5.1.2.3 - санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану;



Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау

5.2.1.1 - қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;

5.2.1.2 - әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу;



Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу.

5.2.2.1 - арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

5.2.2.2 - теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;



Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі

5.5.1.1 - натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару;

5.5.1.8 - әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану;

5.5.1.9 - мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану;

5.2.3.1 - натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау;

5.2.3.2 - натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу;

5.2.3.3 - натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу;



Натурал сандардың бөлінгіштігі

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

5.1.1.5 - натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

5.1.2.8 - натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9 - натурал сандардың еселіктерін табу;


Жай және құрама сандар

5.1.1.6 - жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

5.1.2.10 - көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

5.1.2.11 - қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;



2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

5.1.2.5 - натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

5.1.2.6 - натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;



Дәреже

5.1.1.3 - натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;

5.1.1.4 - натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;

5.1.2.4 - бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу;


Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

5.1.2.7 - құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу;

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік

5.1.1.7 - ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ең кіші ортақ еселік ( ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу;

5.1.2.12 - екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу;

5.1.1.8 - өзара жай сандардың анықтамасын білу;

5.5.1.2 - мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану;



Жай бөлшектер

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу

5.1.1.9 - жай бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.1 - жай бөлшектерді оқу және жазу;



Жай бөлшектің негізгі қасиеті

5.1.2.14 - жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

5.1.2.15 - жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіру;



Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер

5.1.1.10 - дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;

Аралас сандар

5.1.1.11 - аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13 - бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;



Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

5.5.2.3 - жай бөлшектерді,аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

2-тоқсан

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру

5.1.2.16 - жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;

Жай бөлшектерді косу және азайту

5.1.2.17 - бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18 - бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;



Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту

5.1.2.19 - натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;

5.1.2.20 - аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;



Жайбөлшектерді және аралас сандарды көбейту.Өзара кері сандар

5.1.2.21 - жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;

5.1.1.12 - өзара кері сандар анықтамасын білу;

5.1.2.22 - берілген санға кері санды табу;


Жай бөлшектерді және аралассандарды бөлу

5.1.2.23 - жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

3-тоқсан

Мәтінді есептер

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

5.1.2.24 - санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.5.1.4 - санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;



Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

5.5.1.3 - жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

5.1.1.13 - ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.5 - ондық бөлшектерді оқу және жазу;

5.1.1.14 - ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;

5.1.2.25 - бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;



Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

5.5.2.4 - ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

5.1.2.26 - ондық бөлшектерді салыстыру;



Ондық бөлшектерді қосу және азайту

5.1.2.27 - ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту

5.1.2.28 - ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

5.1.2.30 - ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына көбейту және бөлу

5.1.2.29 - ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін қолдану;

5.1.2.31 - ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану;



Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

5.1.1.15 - санның жуық мәні ұғымын меңгеру;

5.1.2.32 - ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;



Мәтінді есептерді шығару. Бөлшектерден тұратын сандар тізбектері

5.5.1.5 - бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару;

5.2.3.4 - бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау;

5.2.3.5 - бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу;


Жиын

Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу

5.4.1.1 - жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру;

5.5.2.8 - жиындармен жұмыс істеуде  имволдарын қолдану;



Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын

5.4.1.4 - ішкі жиын ұғымын меңгеру;

5.4.1.5 - жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар);



Жиындардың бірігуі мен қиылысуы

5.4.1.2 - жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу;

5.4.1.3 - берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін  символдарын қолданып жазу;



Мәтінді есептерді шығару

5.5.1.7 - Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару;

4-тоқсан

Пайыз

Пайыз

5.1.1.16 - пайыз ұғымын меңгеру;

5.1.2.33 - бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ;



Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

5.1.2.34 - берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35 - бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36 - берілген пайызы бойынша санды табу;


Мәтінді есептерді шығару

5.5.1.6 - пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;

Бұрыш.

Көпбұрыш



Бұрыш.

5.3.1.4 - бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру,

5.3.1.5 - бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық );

5.3.3.1 - бұрышты транспортир көмегімен өлшеу;

5.3.3.2 - градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу;

5.3.3.3 - бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару;





Көпбұрыш

5.3.1.7 - көпбұрыш ұғымын меңгеру;

Диаграмма

Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор

5.3.1.2 - шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;

5.3.1.3 - циркульдің көмегімен шеңберді салу;

5.3.1.6 - дөңгелек сектор ұғымын меңгеру;


Диаграмма

5.4.3.1 - дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу;

5.4.3.2 - дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу;



Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері

5.4.3.3 - кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу;

Кеңістік фигураларының жазбалары

Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы

5.3.1.8 - тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы туралы түсінігі болу;

5.5.2.9 - жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед);



Фигураларды қиюға берілген есептер. Фигураларды құрастыруға берілген есептер

5.3.2.1 - фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару;

5-сыныптағы математика курсын қайталау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет