Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер


тарау. «Физика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет4/7
Дата28.01.2023
өлшемі183,43 Kb.
#166664
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7-9 сыныпқа БАҒДАРЛАМА. Жаңа 2022 жыл
8 түсінік хат
3тарау. «Физика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)


1-параграф. «Физика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

20. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: физикалық шамалар мен өлшеулер, механика, жылу физикасы, электр және магнетизм, геометриялық оптика, кванттық физика элементтері, астрономия негіздері, әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.
21. «Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: физика – табиғат туралы ғылым, физикалық шамалар мен өлшеулер.
22. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: кинематика негіздері, динамика негіздері, сақталу заңдары, статика, тербелістер мен толқындар.
23. «Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: молекулалы-кинетикалық теория негіздері, термодинамика негіздері.
24. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: электростатика негіздері, электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік толқындар және тербеліс.
25. «Геометриялық оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: геометриялық оптика заңдары.
26. «Кванттық физика элементтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
атом мен атом ядросының құрылысы, радиоактивтілік, элементар бөлшектер.
27. «Астрономия негіздері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: жер және ғарыш, астрофизика элементтері.
28. «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімі «Физиканың дүниетанымдық мәні» бөлімшесінен тұрады.
29. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Физика – табиғат туралы ғылым». Физика – табиғат туралы ғылым,табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері; «Физикалық шамалар мен өлшеулер».Халықаралық бірліктер жүйесі (SI); скаляр және векторлық физикалық шамалар, өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі, үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;
№ 1-зертханалық жұмыс: кішкентай денелердің өлшемін анықтау;
№ 2-зертханалық жұмыс: физикалық шамаларды өлшеу;
2) «Механикалық қозғалыс». Механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу, әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері;
3) «Тығыздық». Масса және денелердің массасын өлшеу, дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу, заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі, тығыздықты есептеу;
№ 3-зертханалық жұмыс: сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау;
4) «Денелердің өзара әрекеттесуі». Инерция құбылысы, күш, тартылыс құбылысы және ауырлық күші, салмақ, деформация, серпімділік күші, Гук заңы, үйкеліс күші, үйкеліс әрекетін техникада ескеру, бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу;
№ 4-зертханалық жұмыс: серпімді деформацияларды зерделеу;
№ 5-зертханалық жұмыс: сырғанау үйкеліс күшін зерттеу;
5) «Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым». Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылымы, қатты денелердегі қысым, сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы, қатынас ыдыстар, гидравликалық машиналар, атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу, манометрлер, сорғылар, кері итеруші күш;
№ 6-зертханалық жұмыс: Архимед заңын зерделеу;
№ 7-зертханалық жұмыс: дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау;
6) «Жұмыс және қуат». Механикалық жұмыс, қуат;
7) «Энергия». Кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы;
8) «Жай механизмдер». Жай механизмдер, дененің массалық центрі, иіндіктің тепе-теңдік шарты, пайдалы әрекет коэффициенті;
№ 8-зертханалық жұмыс: Жазық фигураның массалар центрін анықтау;
№ 9-зертханалық жұмыс: иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;
№ 10-зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;
9) «Жер және Ғарыш». Аспан денелері туралы ғылым, күн жүйесі, күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл).
30. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Жылулық құбылыстар». Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия, температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары, ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару, табиғаттағы және техникадағы жылу берілу, жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы, отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы, жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және басқа түрге айналу заңы;
№ 1-зертханалық жұмыс: әртүрлi температурадағы суларды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру;
2) «Заттың агрегаттық күйлері». Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы, булану және конденсация, қаныққан және қанықпаған булар, қайнау, меншiктi булану жылуы, қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;
№ 2-зертханалық жұмыс: мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, заттың фазалық ауысу графигін зерттеу, мұздың балқу температурасын зерттеу, булану жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу;
3) «Термодинамика негiздерi». Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы, жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары, жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті, Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;
4) «Электростатика негіздері». Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер, электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды, электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор;
5) «Тұрақты электр тогы. Электр тогы, электр тогы көздері, электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу, тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы, өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат, өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы, металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік, электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар, электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы);
№ 3-зертханалық жұмыс: электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;
№ 4-зертханалық жұмыс: тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу;
№ 5-зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу;
№ 6-зертханалық жұмыс: электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
6) «Электромагниттік құбылыстар». Тұрақты магниттер, магнит өрiсi, тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi, тогы бар шарғының магнит өрiсi, электромагниттер және оларды қолдану; магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш; электр өлшеуіш құралдар, электромагниттiк индукция, генераторлар;
№ 7-зертханалық жұмыс: тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;
№ 8-зертханалық жұмыс: электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау;
7) «Жарық құбылыстары». Жарықтың түзу сызықты таралу заңы, жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар, сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу, жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу, линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы, линзаның көмегімен кескiн алу, көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері, оптикалық аспаптар;
№ 9-зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
№ 10-зертханалық жұмыс: жұқа линзаның фокустық қашықтығын анықтау;
31. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Кинематика негіздері». Механикалық қозғалыс, векторлар және оларға амалдар қолдану, вектордың координаталар осьтеріне түсірілген проекциялары, түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу, түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру, дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi, қисықсызықты қозғалыс, материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы, сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар, центрге тартқыш үдеу;
№ 1-зертханалық жұмыс: теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;
№ 2-зертханалық жұмыс: горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу;
2) «Астрономия негіздері». Жұлдызды аспан, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі, әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары, Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау;
3) «Динамика негіздері». Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi, механикадағы күштер, Ньютонның екiншi заңы, масса, Ньютонның үшінші заңы, Бүкiләлемдiк тартылыс заңы, дененің салмағы, салмақсыздық, денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы, Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы;
4) «Сақталу заңдары». Дене импульсі және күш импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивтi қозғалыс, механикалық жұмыс және энергия, энергияның сақталу және айналу заңы;
5) «Тербелістер және толқындар». Тербелмелі қозғалыс, тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі, тербелмелі қозғалыстың теңдеуі, математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері, еркін және еріксіз тербелістер, резонанс, еркін электромагнитік тербелістер, толқындық қозғалыс, дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық, электромагниттік толқындар, электромагниттік толқындар шкаласы;
№ 3-зертханалық жұмыс: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау;
№ 4-зертханалық жұмыс: беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

  1. «Атом құрылысы. Атом құбылысы». Жылулық сәуле шығару; жарық кванттары туралы Планк гипотезасы, фотоэффект құбылысы, рентген сәулелері, радиоактивтілік, радиоактивті сәулеленудің табиғаты, Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы;

  2. «Атом ядросы. Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер, массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы, ядролық реакциялар, радиоактивті ыдырау заңы, ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция, ядролық реактор, термоядролық реакциялар, радиоизотоптар, радиациядан қорғану, элементар бөлшектер;

  3. «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі». Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы, экологиялық мәдениет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет