Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет5/7
Дата28.01.2023
өлшемі183,43 Kb.
#166664
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7-9 сыныпқа БАҒДАРЛАМА. Жаңа 2022 жыл
8 түсінік хат
2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
32. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында «7» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.
Білім алушылар білуі тиіс:



7-сынып

8-сынып

9-сынып













1.1 Физика –табиғат туралы ғылым

7.1.1.1 физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру, табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату



















1.2 Физикалық шамалар

7.1.2.1 физикалық шамаларды олардың SI(Халықаралық бірліктер жүйесі) жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру



















7.1.2.2 скаляр және векторлық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру;



















7-сынып

8-сынып

9-сынып













1.3 Физикалық өлшеулер

7.1.3.1 дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу

8.1.3.1 эксперимент-тен деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу



9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау













7.1.3.2 кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау

8.1.3.2 тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау

9.1.3.2 эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспериментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну













7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

9.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау













2.1 Кинематика негіздері

7-сынып

8-сынып

9-сынып













7.2.1.1 терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру




9.2.1.1 материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану













7.2.1.2 түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты және бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу




9.2.1.2 векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту вектордың координаталар остеріне проекцияларын анықтау, векторларды құраушыларға жіктеу










7.2.1.3 қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу




9.2.1.3 уақытқа тәуелділік графиктерінен орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуді анықтау




7.2.1.4 s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координата осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу




9.2.1.4 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану, түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану







7.2.1.5 дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын




9.2.1.5 тең үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау, тең үдемелі қозғалыс кезiндегiорын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру




7.2.1.6 бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау




9.2.1.6 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану










9.2.1.7 теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау










9.2.1.8 горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау, горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу










9.2.1.9 дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау, сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану










9.2.1.10 центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану




2.2 Динамика негіздері

7-сынып

8-сынып

9-сынып




7.2.2.1 инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру




9.2.2.1 инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру, Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану




7.2.2.2 күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру




9.2.2.2 ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру




7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру




9.2.2.3 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану




7.2.2.4 серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау




9.2.2.4 Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану




7.2.2.5 Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу




9.2.2.5 бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану




7.2.2.6 Үйкеліс күшінің түрлерін ажырату, оның пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру




9.2.2.6 үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау, салмақсыздық күйді түсіндіру




7.2.2.7 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету, денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау




9.2.2.7 ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру, бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану




7.2.2.8 масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату




9.2.2.8 тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау




7.2.2.9 электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу










7.2.2.10 әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді(мензурка) қолдану










7.2.2.11 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру,










7.2.2.12 сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау, тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану










2.3 Сақталу заңдары

7.2.3.1 механикалық жұмыс деген физикалық ұғымның мағынасын түсіндіру




9.2.3.1 дене импульсі мен күш импульсін ажырату




7.2.3.2 механикалық энергияның екі түрін ажырату




9.2.3.2 импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану




7.2.3.3 кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану




9.2.3.3 табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру Байқоныр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру




7.2.3.4 жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану




9.2.3.4 механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтау, жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру




7.2.3.5 энергияның түрленуіне мысалдар келтіру, және механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану




9.2.3.5 энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану




7.2.3.6 қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру










7.2.3.7 механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану










2.4 Статика

7-сынып

8-сынып

9-сынып




7.2.4.1 «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру, күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру










7.2.4.2 жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау










7.2.4.3 тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану










7.2.4.4 көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде анықтау










2.5 Тербелістер мен толқындар

7-сынып

8-сынып

9-сынып












9.2.5.1 еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру, эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау










9.2.5.2 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау










9.2.5.3 тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау










9.2.5.4 гармоникалық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу










9.2.5.5 әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру, маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу










9.2.5.6 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау, период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау










9.2.5.7 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау,резонанс құбылысын сипаттау










9.2.5.8 толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану, көлденең және бойлық толқындарды салыстыру










9.2.5.9 су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау










9.2.5.10 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау, дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру










9.2.5.11 резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру










9.2.5.12 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау, табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру




3.1 Молекулалы- кинетикалық теория негіздері

7-сынып

8-сынып

9-сынып

7.3.1.1 заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау

8.3.1.1 молекулалы- кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау




7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау, есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану

8.3.1.2 температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу, температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау




7.3.1.3 газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру

8.3.1.3 молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау




7.3.1.4 сұйықтықтағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

8.3.1.4 молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау




7.3.1.5 қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдар келтіру










7.3.1.6 гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау, гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу










7.3.1.7 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну, манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау










7.3.1.8 кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу










7.3.1.9 сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру










7.3.1.10 есептер шығару кезінде Архимед заңын қолдану










3.2 Термодинамика негіздері

7-сынып

8-сынып

9-сынып













8.3.2.1 дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау
















8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру, техникада және тұрмыста жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру
















8.3.2.3 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау
















8.3.2.4 заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру
















8.3.2.5 отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
















8.3.2.6 жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу, жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
















8.3.2.7 балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану
















8.3.2.8 заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау
















8.3.2.9 эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау
















8.3.2.10 заттың булану және конденсациялану кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау, су буының мысалында қанығу күйін сипаттау
















8.3.2.11 меншікті булану жылуын анықтау, қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру
















8.3.2.12 термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру
















8.3.2.13 термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
















8.3.2.14 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер
коэффициентін анықтау
















8.3.2.15 іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін түсіну және сипаттау
















8.3.2.16 жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну, жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау
















8.3.2.17 жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау













4.1 Электростатика негіздері

7-сынып

8-сынып

9-сынып













8.4.1.1 электр зарядын сипаттау, үйкеліс арқылы денені электрлендіру және индукция құбылысын түсіндіру
















8.4.1.2 электрленудің оң және теріс әсерлеріне мысалдар келтіру
















8.4.1.3 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру, Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
















8.4.1.4 электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру
















8.4.1.5 біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу, электр өрісін күш сызықтар арқылы графиктік кескіндеу
















8.4.1.6 потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру, конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау













4.2 Электр тогы

7-сынып

8-сынып

9-сынып













8.4.2.1 электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
















8.4.2.2 электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану, кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру
















8.4.2.3 электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау
















8.4.2.4 тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру
















8.4.2.5 тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану
















8.4.2.6 кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіну, есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану
















8.4.2.7 өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау, өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау
















8.4.2.8 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу
















8.4.2.9 жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
















8.4.2.10 Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану
















8.4.2.11 эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау, кВтсағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практикалық есептеулермен алу
















8.4.2.12 металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау
















8.4.2.13 қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру, сұйықтардағы электр тогын сипаттау













4.3 Магнит өрісі

7-сынып

8-сынып

9-сынып




8.4.3.1 магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық бейнелеу







8.4.3.2 магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру; тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасында магнит өрісі сызықтарының бағытын анықтау;







8.4.3.3 жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;







8.4.3.4 магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау







8.4.3.5 электр қозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру







8.4.3.6 электро магниттік индукция құбылысын түсіндіру. Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру




4.4 Электромагниттік толқындар және тербеліс

7-сынып

8-сынып

9-сынып







9.4.4.1 тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалы сипаттау







9.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру, электро магниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру







9.4.4.3шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру

5.1 Геометриялық оптика заңдары

7-сынып

8-сынып

9-сынып




8.5.1.1 Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу







8.5.1.2 эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау







8.5.1.3 айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру







8.5.1.4 жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау







8.5.1.5 дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау







8.5.1.6 жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу







8.5.1.7 жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару







8.5.1.8 тәжірибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру







8.5.1.9 экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау







8.5.1.10 жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану







8.5.1.11 линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру







8.5.1.12 жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау







8.5.1.13 көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау. қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, Обскура камерасы) құрастыру




6.1 Атом мен атом ядросының құрылысы

7-сынып

8-сынып

9-сынып







9.6.1.1 сәулелік энергияның температураға тәуелділігін сипаттау







9.6.1.2 Планк формуласын есептер шығаруда қолдану







9.6.1.3 фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану







9.6.1.4 рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру







9.6.1.5 α-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау







9.6.1.6 ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау







9.6.1.7 атом ядросының масса ақауын анықтау, атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану;







9.6.1.8 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану

6.2 Радиоактивтілік

7-сынып

8-сынып

9-сынып







9.6.2.1 α, β және γ - сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру







9.6.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру, радиоактивті ыдырау заңын есептер шығаруда қолдану







9.6.2.3 тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау, ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау







9.6.2.4 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру







9.6.2.5 радиоактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру, радиациядан қорғану әдістерін сипаттау

6.3 Элементар бөлшектер

7-сынып

8-сынып

9-сынып







9.6.3 элементар бөлшектерді жіктеу

7.1 Жер және Ғарыш

7-сынып

8-сынып

9-сынып

7.7.1.1 геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру







7.7.1.2 Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу







7.7.1.3 жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуын және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру







7.2 Астрофизика элементтері

7 - сынып

8 - сынып

9 - сынып







9.7.2.1 абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау







97.2.2 аспан сферасының негізгі элементтерін атау, жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау







9.7.2.3 әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру







9.7.2.4 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру







9.7.2.5 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығы мен өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру

8.1 Физиканың дүниетанымдық мәні

7 - сынып

8 - сынып

9 - сынып







9.8.1.1 адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының әсерін түсіндіру







9.8.1.2 жаңа технологиялардың қоршаған ортаға әсерінің артықшылығы мен қауіптілігін бағалау

33. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Физика» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.


34. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет