Нәжмединова Н. Б, Сәдібек А. 6В09110- ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған


-зертханалық жұмыс. Бояғыштар және бактериологиялық бояулар, дайындау және олармен жұмыс істеу



бет9/21
Дата06.09.2023
өлшемі1,58 Mb.
#180326
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà
марксизм, абай, мұхтар Әуезов, Тәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті, тыңдаушының жұмыс дәптері (3).docxРинат
5 -зертханалық жұмыс. Бояғыштар және бактериологиялық бояулар, дайындау және олармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты. Микрококк, стрептококк, диплококк, стафилококк дақылдарынан препараттарды дайындап, Пфейффер фуксинімен, мителен көгімен және т.б. бояулармен бояп, олардың суретін салып алу. Зат және жамылғы шыныларын өңдеу жұмыстарымен танысу. 

Жабдықтар мен материалдар. Тығыз және сұйық қоректік орталарда өсірілген микрококк, диплококк, стрептококк, стафилококк дақылдары бар шыны түтіктер, штативтер, физиолгиялық ерітінді, микробиологиялық ілмектер. Пастер пипеткалары, метилен көгі, Пфейффер фуксині және тағы басқа бояулардың ерітіндісі бар тамызғыштар, жуынды төгетін шыны аяқтар. Жағындыларды шаюға арналған шыны сауыттардағы дистилденген су, қолданған зат шыныларына және жамылғы шыныларына арналған дезинфекциялық ерітінділер құйылған ыдыстар. Никифор сұйығындағы зат шынылары. Құм сағаттар немесе басқа сағаттар. Анатомиялық пинцеттер. Спирт шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Шар формалы микроорганизмдерден дайындалған көрнекті препараттар. 

Препараттарды дайындау. 
Зат және жамылғы шыныларын өңдеу. Микроскопиялық препаратты дайындау алдында зат және жамылғы шынылар өңдеуден өткізіліп, майынан тазартылуы қажет. Су тамшысының шыны бетінде біркелкі таралуы оның жақсы майсыздандырылғының дәлелі. Қолданылмаған шыныларды әуелі суда жуып, сонан соң оларды Никифор ерітіндісінде ұстайды. Препараттарды дайындар алдында шыныларды жалынның үстінде ұстап, қыздырып алады. Жаңа шыныларды 1%-дық натрий гидрокарбонатының (соданың) ерітіндісінде 10 минут қайнатып, нейтралданған дистилденген сумен шаяды. Қолданылып жүрген шынылар концентрленген күкірт қышқылының ерітіндісінде немесе оның 5% калий дихроматы қосылған ерітіндісімен өңделеді (ерітіндіні дайындау тәртібі: 6 г калий дихроматына 100 мл дистилденген су және 100 мл күкірт қышқылын қосып шайқаған соң бір күнге қалдырады. Ерітінді күңгірт қызғылт сары түске боялады. Хромды қоспа өте күшті тотықтырғыш болғандықтан органикалық заттармен ластанған жерлерді жақсы кетіреді).
Шыныларды аталмыш ерітіндіде 1-2 сағат ұстап, сумен жуып, 5%-дық натрий гидрокарбонатының ерітіндісінде 30 минут қайнатады. Одан кейін дистилденген сумен шайған соң кептіргіш шкафта немесе бөлме температурасында кептіреді. Өңделген зат шыныларын тығыз тығыны бар банкаларға құрғақ түрінде немесе Никифор ерітіндісінде сақтайды. Шыныларды пинцетпен алған жөн, өйткені қолдың майлы дақтары шыныны жарамсыз күйге келтіреді.

Жағындыны дайындау. Жағындылар (препараттар) зат шынысының бетінде микробиологиялық ілмек немесе Пастер пипеткасы көмегімен дайындалады. Материал ретінде тығыз және сұйық қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдер шайындысы, сүт, ірің, қан және т.б. үлгілер қолданылады.


Спирт шамында бактериологиялық ілмекті қыздырады. Сосын тығыз қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдердің дақылдары бар шыны түтіктің тығынын жалынның үстінде қолдың шынашағымен абайлап ашып, ілмекті шыны түтіктегі конденсатқа немесе қоректік ортаның себілмеген жеріне тигізу арқылы суытады да, онымен микробтар массасын іліп алып, шыны түтікті жауып, штативке қояды. Микробиологиялық ілмектегі микробтар массасын физиологиялық ерітінді тамызылған зат шынысының бетіне жұқалап жағады. Тығыз қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдерден жағынды дайындар алдында зат шынысының бетіне бір тамшы физиологиялық ерітінді немесе су тамызады.
Пастер пипеткасының көмегімен сұйық заттардан және сұйық қоректік ортада өсіп жатқан микроорганизмдерден жағынды дайындайды. Жалынның үстінде стерильді пипетканың дәнекерлеген ұшын сындырып, микроб суспензиясынан үлгі алады да, зат шынысының бетіне жағынды жасап болған соң пипетканы дезифекциялық ерітіндісі бар сауытқа салады. Жағындыны ауада немесе жалын бетіндекептіру арқылы бекітеді. Жағынды тым қыздырылса, клеткалардың құрылысы өзгерістерге ұшырайды, ал егер бекітілу жеткіліксіз болса, онда жағынды кейінгі өңдеулерде шайылып кетеді.
Қан жағындысын, қарапайымдылар мен спирохеттердің клеткаларының нәзік құрылымдарын және т.б. зерттеуде қыздыру арқылы бекіту әдісі қолданылмайды. Мұндай кездерде препараттарды сұйықтықтармен бекітеді. Бекіткішті (фиксаторды) жағындының үстіне құяды немесе препаратты бекіткіш сұйықтығы бар ыдысқа белгілі бір уақытқа батырғаннан соң ауада кептіреді.
Микробиологияда мынандай келесі бекіткіш сұйықтықтар қолданылады: 
  • Этил спирті 10-15 минут 


  • Метил спирті (метанол) 2-3 минут 


  • Ацетон 5 минут 


  • Этил спирті мен этилді эфирдң қоспалары 10-15 минут 


  • Жағындыны сонымен қатар осмий қышқылы мен формалиннің буында да бекітуге болады (бірнеше секунд ішінде). 


Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсілі жиі қолданылады, өйткені ол микробтардың морфологиясымен тез және жақсы танысуға мүмкіндік береді. Бояудың қарапайым тәсілінде, тек бір ғана бояуды пайдаланады. Мысалы, Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісі немесе метилен көгі. Бекітілген жағындыға тамызғыштың көмегімен бояудың бірнеше тамшысын тамызады. Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісімен жағындыны 1-2 минут, ал метилен көгімен 2-3 минуттай бояғаннан кейін, оларды сумен шайып, микроскоптың иммерсонды жүйесі арқылы зерттейді. 

Шар формалы микроорганизмдер (кокктар). Барлық микроорганизмдер ядролары мен органеллаларының құрылымына байланысты пркариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Пркариоттардың ядролық заттары (генофоры) мен органеллалары цитоплазмадан арнайы қабықшамен бөлінбеген, ал эукариоттардың ядролары мен органеллалары (митохондриялары мен хлоропластары) цитоплазмадан мембрана бөліп тұрады.
Микроорганизмдердің көбі соның ішінде шар формалылар (кокктар) прокариотты жасушалардың өкілдері. Кокктар (грекше соссus – жидек) сыртқы түріне қарағанда шар формасын еске түсіреді. Олардың сопақ, бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен клеткалардың орналасуына сәйкес кокктар микрококктарға, тетракокктарға, стафилококктарға, стрептококктарға және сарциналарға бөлінеді.


  1. Микрококктар (грекше micros- кішкене) – зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар бөлінген соң бір-бірімен қосылмай жеке дара орналасады. 
  2. Диплококктар (грекше diplos-қос) – бір жазықтықта екіден қосарланып орналасады. 


  3. Стрептококктар (грекше streptos-тізбек) – бір жазықтықта бөлініп, жасушалар бір-бірімен моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады. 


  4. Стафилококктар (грекше staphyle-жүзім шоғыры) – жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз жүзім шоғыры тәрізді орналасады. 


  5. Тетракокктар (грекше tetra-төрт) – бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан орналасады. 


  6. Сарциналар (латынша sarcio-байланыстыру) – өзара үш пар перпендикулярлы жазықтықта бөлініп, сыртқы формасы кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп болып орналасады. 



МИКРОБТАРДЫҢ ТАЯҚША ТӘРІЗДЕС ФОРМАЛАРЫ. БОЯУДЫҢ КҮРДЕЛІ ТӘСІЛДЕРІ 


Сабақтың мақсаты. Микроорганизмдердің таяқша тәріздес формалы өкілдерінің тәуліктік дақылдарынан жағындыларды жасап, оларды Грам тәсілімен бояу. Боялған препараттарды микроскоппен қарап, олардың суретін салу. 

Жабдықтар мен материалдар. Ішек таяқшасының (Escherichia coli) және капуста бациласының (Bac.megatereum) тәуліктік дақылдары – өсірілген шыны түтіктер, стерилді физиологиялық ерітінді. Микробиологиялық ілмектер. Фенолды геницианвиолет, Пфейффер фуксині, Циль фуксині және басқа бояулардың ерітінділері бар тамызғыштар. Люголь ерітіндісі. Синев тәсілі бойынша фенолды генцианвиолетпен боялған сүзгіш қағаздар. Этил спирті. Жуынды төгетін шыны аяқтар, «көпіршіктер». Жағынды бояуларын жууға арналған су. Шыныға жазатын қарындаштар. Анатомиялық пинцеттер. Спирт шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Кестелер. 



Таяқша немесе цилиндр тәріздес микроорганизмдердің формалары, ұзындығы мен жуандығы әр түрлі болады. Олардың формалары сопақ цилиндрлі, ұршық тәрізді болуы мүмкін. Таяқшалардың ұшы жұмыр немесе үшкір болып келеді.
Таяқша тәріздес микробтар екі топқа бөлінеді: спора түзушілер (бациллалар) және спора түзгіштік қабілеттері жоқ микроорганизмдер (бактериялар). Бациллалар лимонның, ракетаның, барабан таяқшасының және басқа заттардың формаларына ұқсас келеді.
Олар жеке-жеке (монобактериялар), қос-қостан (диплобактериялар мен диплобациллалар) немесе тізбектеліп (стрептобактериялар мен стрептобациллалар) орналасады. Кейбір микробтардың ұзындығы олардың жуандығынан сәл ғана үлкен болып, формасы жағынан кокктарға ұқсас болып келеді. Мұндай микробтарды коккобактериялар деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет