Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


§1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#103661
түріКодекс
1   2   3   4
Байланысты:
k1100000518.02-01-2021.kaz


§1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі
32-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы
      1. Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ 
меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады.
            2.  Ерлi-зайыптылардың  шаруа  немесе  фермер  қожалығы  мүшелерiнiң  бiрлескен 
ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде айқындалады.
33-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі
            1.  Ерлi-зайыптылар  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған)  кезінде  жинаған  мүлiк 
олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
      2. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында 
бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қорынан  төленетін  біржолғы  зейнетақы  төлемдерін 
қоспағанда, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған 
мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен 
және  зияткерлiк  қызмет  нәтижелерiнен  түскен  кіріс  сомалары,  ерлi-зайыптылардың 
ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған кіріс
сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ 
арнаулы  нысаналы  мақсаты  жоқ  өзге  де  ақшалай  төлемдер  (материалдық  көмек 
сомалары,  мертігу  не  денсаулығының  өзге  де  зақымдануы  салдарынан  еңбек 
қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары
) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ кіріс сомалары есебiнен сатып алынған


жылжымалы және жылжымайтын мүлiк, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік 
ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, жарғылық капиталдағы үлестер және 
ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражатын ерлi-зайыптылардың 
қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) 
кезеңінде  жинаған  басқа  да  кез  келген  мүлiк,  оның  ішінде  тұрғын  үй  жағдайларын 
жақсарту  мақсатында  бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қорынан  төленетін  біржолғы 
зейнетақы  төлемдері  есебінен  сатып  алынған  мүлік  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкi 
болып табылады.
      3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) 
кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе
басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 
№ 399-VI
 (01.01.2021 бастап 
қолданысқа 
енгізіледі
) Заңымен.
34-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету
            1.  Ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  иелену,  пайдалану  және  оған  билiк  ету 
ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың бiреуi
мәмiле жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi қажет болады. Екінші жұбайдың тек 
қана оның талап етуі бойынша оның келісімі болмаған себептері бойынша және егер 
басқа тарап осы мәмiленi жасасуға екінші жұбайдың келiспеуі туралы бiлгендiгi немесе
көрінеу бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген жағдайларда ғана сот ерлi-зайыптылардың
бiреуiнің  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiне  билік  ету  жөнiнде  жасасқан  мәмiлені 
жарамсыз деп тануы мүмкiн.
            3.  Ерлi-зайыптылардың  бiреуi  жылжымайтын  мүлікке  иелік  ету  жөнінде  мәміле 
және  нотариатта  куәландыруды  және  (немесе)  заңда  белгіленген  тәртіппен  тіркеуді 
қажет  ететiн  мәмiле  жасасуы  үшiн  екінші  жұбайдың  нотариатта  куәландырылған 
келiсiмiн алу қажет.
      Аталған мәмiлені жасасуға нотариатта куәландырылған келiсiмi алынбаған жұбай 
осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап
үш жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
35-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі
      1. Мыналар:
      1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына 
тиесiлi болған мүлiк;
      2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк 
тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi;
            3)  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған)  кезеңінде  ерлi-зайыптылардың  ортақ 
қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын 


қоспағанда,  жеке  пайдаланатын  заттары  (киiм-кешек,  аяқкиiм  және  басқалар) 
ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
            2.  Некенің  (ерлі-зайыптылықтың)  іс  жүзінде  тоқтатылуына  байланысты  бөлек 
тұрған  кезеңде  ерлi-зайыптылардың  әрқайсысы  жинаған  мүлiктi  сот  олардың 
әрқайсысының меншiгi деп таниды.
36-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкін олардың бірлескен ортақ меншігі 
деп тану
            Егер  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған)  кезеңінде  ерлi-зайыптылардың  ортақ 
мүлкi  немесе  ерлі-зайыптылардың  бірінің  мүлкi  не  олардың  кез  келгенiнiң  еңбегi 
есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, 
реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады.
37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
      1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап
етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн 
де, 
сондай-ақ 
кредит 
берушi 
ерлi-зайыптылардың 
ортақ 
мүлкiндегi 
ерлi-зайыптылардың  бiреуiнiң  үлесiнен  өндiрiп  алу  үшiн  ерлi-зайыптылардың  ортақ 
мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар 
арасында  бөлiнуi  мүмкiн.  Ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлiктi  бөлу  туралы  келiсiмi 
нотариатта куәландырылуға тиіс.
            3.  Дау  туған  жағдайда,  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу,  сондай-ақ 
ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тәртібімен немесе сот
тәртiбiмен жүргiзiледi.
      Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың 
мүдделерін  ескере  отырып,  ерлi-зайыптылардың  талап  етуi  бойынша 
ерлi-зайыптылардың  әрқайсысына  қандай  мүлiктің  берiлуге  жататынын  айқындайды. 
Егер  ерлi-зайыптылардың  бiреуiне  құны  оған  тиесiлi  үлестен  асатын  мүлiк  берiлсе, 
екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.
      4. Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып 
алынған  заттар  (киiм-кешек,  аяқкиiм,  мектеп  және  спорт  керек-жарағы,  музыкалық 
аспаптар,  балалар  кiтапханасы  және  басқалары)  бөлуге  жатпайды  және  балалары 
өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.
            Ерлi-зайыптылар  өздерiнiң  кәмелетке  толмаған  ортақ  балаларының  атына 
ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкi  есебiнен  салған  салымдары  сол  балаларға  тиесiлi 
болып  есептеледi  және  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлген  кезде  есепке 
алынбайды.
      5. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде ортақ мүлкiн
бөлген  жағдайда  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiнiң  бөлiнбеген  бөлiгi,  сондай-ақ 


ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде бұдан әрі жинаған 
мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.
            6.  Некесi  (ерлі-зайыптылығы)  бұзылған  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу 
туралы  ерлi-зайыптылардың  талаптарына  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылған  кезден 
бастап талап-арыз ескіруінің үш жылдық мерзiмi қолданылады.
      Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 
№ 254-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
38-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді айқындау
      1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ 
мүлкiн  бөлу  және  осы  мүлiктегi  үлестерiн  айқындау  кезiнде  ерлi-зайыптылардың 
әрқайсысының үлесi тең деп танылады.
            2.  Егер  жұбайлардың  бiреуi  дәлелсiз  себептермен  табыс  таппаса  немесе 
ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  екінші  жұбайдың  келісімінсіз  отбасының 
мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн 
негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала
отырып,  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiндегi  олардың  үлестерiнiң  теңдiгi  негiзiн 
ескермеуге құқылы.
            3.  Ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу  кезiнде  ерлi-зайыптылардың  ортақ 
борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет