Немесе Жәдидтік қозғалыстағы әйелдердердің рөлі


Тәуелсіздік жолындағы әйелдердің рөлі



бет4/6
Дата07.10.2023
өлшемі31,34 Kb.
#184033
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қуандық М.
zawacki-richter2019


Тәуелсіздік жолындағы әйелдердің рөлі

ХХ ғасырда Алаш арыстарының қазақ тәуелсіздігі үшін жұмыстарына тек қана, ер адамдарда емес сондай-ақ асыл аруларыда солардыңда қатарында болды. Ел мен жердің қазақтың аңсаған тәуелсіздгі тек Алаш арыстандарына ғана емес, бүткіл қазақ еліне керек екенін әйелдер қауымыда түсінді. Олардың қатарында: Нәзипа Құлжанова, Гүлсім Асфендиярова, Аққағаз Досжанова, Ғайнижамал Дулатова, Жаңыл Қадырбаева, Гүлшаһара Досымбекова сыңды қазақтың қыздаы болды. Аталған арулар қазақтың азаттық жолында көзін ашумен ғана емес сонымен қатар, оқу-ағарту істеріменде айналысқан. Атап кетсек Гүлсім Асфендиярова 1913 жылы Ташкентке оралып шаһарда әкесінің көмегімен 30 орындық перзентхана ашты. Уақыт өте келе Түркістандағы патриоттық және әлеуметтік қозғалыстардың, белді тұлғасы Сейітжафар Асфендиарұлы оны өзінің жолына бағыттайды. Ақпан және Қазан революция кезінде қалалық перзентхананың жетекшісі болды. 1918 жылы Қазан қаласындағы бүкіл реселйік мұсылмн сьездінің делегаты болуыға әрі ұйымдастырушы болуға мүмкіндік алды. Ташкентке қайта келіп, қалалық перзтхананың басшысы болып мол заманның жалпы түркі халықтарының астананың саяси өмірінің белсенділерінің біріне айналды. Өзінің ағасына Санжар Асфендияровқа үйсіз-күйсіз жүрген халыққа көмек қолын созды[15]. Гүлшаһара Досымбекова – алаш жастарының «Бірлік» және «Жас азамат» ұйымын құрушылардың бірі, 1918 жылы қазақ жастар ұйымлдарының басын қосып, «Жас Азамат» ұйымының ісіне белсенді атсалысқан. Гүлшаһарының аты 20 жылдары шыққан естелік кітаптарда «Тар жол, тайғақ кешу» жиі кездеседі. Мысалы, Алаштың «Абай» журналын тұрақты шығару үшін қаржы-қаражат қажет болғанда, ол саусағындағы күміс жүзігін тапсырған[16]. Нәзипа Құлжанова алаш қайраткерлерімен бір қатарға тұрып,  көзге түскен қазақ қыздарының бірі, аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист. Нәзипа қазақ үшін істеген еңбектеріде аз емес апамыз елге өзін арнаған, «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттеріне әйел теңдігі туралы бірнеше мақала жазған. Нәзипа 1917 жылы Семей облысы қазақ сьездінде төралқа құрамына енген. 1920 жылы Қырғыз АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар, баспасөз істері жөніндегі арналған комиссияның құрамында қызмет атқарған. Осы жолда жүріп жаңа қазақ әліпбиенің енгізу жолында комиеттің құрамына кірген, омен қоса Нәзипа қазақ қыздарының арасында алғашқы журналисттердің бірі. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие» қазақ тіліндегі еңбегін жазған, 1927 Қызыорда өлкесінде «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптарын басып шығарған. Мәдениетке қосқан үлесіде мол болған, қазақ әндерін нотаға түсуге көмек көрсеткен, Нәзипа Затаевичке «Ғайни-ау», «Қадыр зары» әндерін жаздыруға еңбек еткен[17]. Қазақ әйелдері алаш әскерінің құрылуынада зор еңбек еткен А.Бөкейханова, Г.Тынышбаева бастаған әйелдер қауымы «қазақ һәм ноғай әйелдерінің күшімен қысқа мерзімде 1000 пар көйлек-көпшікті дайындап, қазақ әскерін сүзек ауруынан сақтап қалған»[18].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет