Несиелік саясат


Банктік несиенің жіктелімі



бет3/15
Дата17.05.2023
өлшемі130,07 Kb.
#177012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Документ Microsoft Word
КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС КАССА ҚҰЖАТТАРЫН ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ, Дебиторлық берешек есебі
8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни əр алуан сыртқы жəне ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне əр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
•банктерге;
•қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
•өнеркəсіп салаларына;
•ауыл шаруашылығына;
•саудаға;
•дайындау ұйымдарына;
•жабдықтау-сату ұйымдарына;
•кооперативтерге;
•жеке кəсіпкерлерге.
3.Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II.Мерзіміне қарай:
•қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
•орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);
•ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III.Тағайындалуы жəне пайдалану сипатына қарай:
•негізгі қорларға жұмсалатын;
•айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дəрежесіне қарай:
1.Қамтамасыз етілген:
• кепіл-хатпен,
• кепілдемемен;
• кепілдікпен
2.Сақтандырылған.
3.Қамтамасыз етілмеген:
•сенім (бланктік)несиесі.
V. Қайтарылу дəрежесіне қарай:
1)Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмəн жоқ несиелер;
2)Күмəнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған жəне банк үшін тəуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сəйкес, күмəнді несиелер ішінара бөлінеді: 1- санатты күмəнді, 2-санатты күмəнді, 3-санатты күмəнді, 4-санатты күмəнді, 5- санатты күмəнді.
3)Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
•ұлттық валютамен;
•шетел валютасында.
VII. Берілу шартына қарай:
• Тұтыну несиесі бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін жəне тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді жəне т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру арқылы
ондағы дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру жəне жартылай фабрикат жəне дайын өнімдерді сыртқа шығару тəжірибесінде пайдаланылатын несие.
Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.
Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет