Нисан. Н тобы: жмқА-05-21 Қабылдаған: Курманбекова Ш. Ж


Бактериялық және вирустық инфекциялардың микробиологиялық диогностикасы әдістері



бет4/4
Дата20.09.2022
өлшемі66,51 Kb.
#150148
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат микробиология 1
мол.био.9.3, ботаника, химия диаграмма, құқық, Жаратылыстану 6 класс Заттар мен материалдар. Заттардың түзілуі және алынуы Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтары Қысқа мерзімді жоспар (1)
Бактериялық және вирустық инфекциялардың микробиологиялық диогностикасы әдістері.
Микробиологиялық зерттеу әдістері:
1.Микроскопиялық
2.Биологиялық
3.Микробиологиялық
4.Иммунологиялық
1.Микроскопиялық - қарапайым паразиттер биоматериалдың боялған үлгілерін микроскоппен зеттеу арқылы анықталады.Көптеген потогендер үшін ең қарапайым және сенімді әдіс.
2.Биологиялық - сезімтал лабораториялық жануарлардың микроорганизмдерге сезімталдығына негізделген. Ол үшін жануарлардың жасын, салмағын, түрін ескере отырып микробтың таза дақылымен немесе алынған зерттелінетін материалдың өзімен жарақаттайды. Бұл тәсілде, жасанды қоректік ортада өспейтін патогенді микроорганизмнің таза дақылын бөліп алуға және оның патогенділігі мен вируленттілік дәрежесін анықтауға болады.Нақты айтқанда бөлінген таза дақылды физиологиялық түрде дені сау жануарға эксперимент жүргізу.
3. Микробиологиялық - өте тиімді, ақпараттылығы өте жоғары тәсіл. Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алу. Оның морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттеріне байланысты идентификациялау Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның патогенділігін лабораториялық жануарлар арқылы , немесе қоректік орта арқылы токсин түзілуін , зерттеу арқылы, сонымен қатар антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға және фаготипирлеуге болады.
4.Иммунологиялық - Иммунология латынша (immunitas -иммунитет,бірдемеден босану ) иммун жүйесі туралы ғылым. Иммуногенетикалық әдіс - қан тобын, қан ұлпасындағы ақуыздар мен ферменттердің сарысуларын зерттеу үшін қолданылатын серологиялық әдіс, иммуноэлектрофорез және т.б. негізделген. Оның көмегімен иммунологиялық сәйкессіздікті, иммунодефицитті алуға, егіздердің мозаицизмін анықтауға болады.

2.2 Бактериоскопиялық зерттеу әдісі туралы түсінік және оның маңызы.


2.3 Бактериоскопиялық зерттеу әдісін зетханалық диогностикада қолдану.
Бактериологиялық,вирусологиялық зерттеулер инфекциялық аурулардан қайтыс болғандарға қорытынды диагноз қоюда маңызды. Бұл әдістер инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық өршуі мен клинико-эпидемиологиялық мәліметтердің жеткіліксіздігінде, нақты әрі тез эпидемияға қарсы шаралар диагностикасы қажет уақытта қолданылады.
Инфекциялық аурулардан өлген мәйітті жару барысында патологанатомнан басқа дәрігер инфекционист, бактерилог-маман қатысуы қажет, олар мәйіттен қажет бактерилогиялық, вирусологиялық материалдар алып, секционды столда сәйкес ортаға егу жүргізеді.
Бактериоскопиялық әдіс көптеген мемлекеттерде диагностика үшін ғана емес, сол сияқты туберкулезді анықтау үшін тексергенде қолданады.
Бактериоскопиялық әдістің артықшылығы: белгілі мақсатта қауіпті топ өкілдеріне жүргізіледі, нәтижесі дәл, арзан, ыңғайлы, ағзаға зияны жоқ. Бактериоскопиялық тексеріс жүргізудің әдістемесі
Зертханаға жіберуге арналған қақырық саңылаусыз жабылатын бұрандамалы қақпағы бар, қонтейнерлерге (түкіргіштерге) жиналады, олар қажетті шамада жуылып дезинфекцияланғаннан кейін бірнеше рет пайдаланылады. Бір рет қана қолданылатын түкіргіштер пайдаланылғаннан кейін енді іске жаратылмайды, жойылады. Түкіргіштің сыртына науқастың аты-жөні, туған жылы, қақырық жиналған күні, идентификациялық реттік саны жазылған этикетка жапсырылады. Әр сынамаға жолдама жазылады – 05 ТБ формасы.
Бактериоскопия әдісіне Циль-Нильсен бойынша бояу, флотация және люминисцентті микроскопия әдістері жатады.
Бактериологиялық зерттеу әдісі бактериоскопиялық әдіспен ерекшеленеді. Біріншісінде талдау үшін арнайы дайындалған тірі прокариоттар мәдениеті қолданылады, ал екіншісінде шыны слайдтағы өлі немесе тірі жасушалармен жұмыс жүргізіледі.
Бактерия дақылының қасиеттерін зерттеу принципі прокариотты жасушаларды зерттеуді мақсат етіп қойған микробиологтар үшін де, міндеті бактериялардың патогенділігін немесе патогенді еместігін анықтау, содан кейін науқасқа диагноз қою болып табылатын лаборанттар үшін де пайдалы болуы мүмкін.
Бактерияларды зерттеу әдісі үш кезеңге бөлінеді:
1. Бастапқы сынамадан бактерияларды бөліп алу.
2. Бактерияларды егу және таза дақыл өсіру, оның қасиеттерін зерттеу.
3. Бактерия жасушаларын егжей-тегжейлі зерттеу.

  1. Қорытынды

Қорытындылай келе біздің қоршаған ортамыздың бәрінде микроорганиздер болады.Микроорганизмнің зиянды түрі де бар және адамға пайдалысы мысалы иммунитет ол микроорганизм бізге өтте қажет. Микроорганизнің зиянды түрінен аулақ болу үшін адам тазалық сақтау өтте маңызды әдетте ондай микроорганизмдер қоғамдық жерлерде көп кездеседі мысалы:мектепте,асханада,қоғамдық көліктерде тіпті ішетін суымызда да болады екен.Ал пайдасы микроорганиздерды аркасын ашыткы жасай және шарап,дәрі дәрмек, ауыл шаруашылығына тапыраққа қүнарлық береды.Сондықтан біздің уақытта микробиология өтте үлкен рөл атқарады.


  1. Пайдаланылған әдебиеттер

1.Медициналық микробиология, вирусология және иммунология: оқулық. 2 томдық. 1 том / қазақ тіліне ауд. Қ. Құдайбергенұлы
2.Медициналық микробиология.Рамазанова Б.А,Құдайбергенұлы.Қ,Котова.А.Л.ж.б-Алматы.
3.Бахитова, Р. А. Микробиология, вирусология пәнінен дәрістер жинағы: оқу құралы / Р. А. Бахитова. - ; Атырау облыстық біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын ин-т басп. ұсынған. - Алматы : Эверо, 2014.
4. Арықпаева, Ү. Т. Медициналық микробиология. Т. 1 : оқу құралы - Қарағанды: ЖК "Ақ Нұр", 2012. – 100 экз.
5. Медицинская микробиология, вирусология и иммунология. В 2 т. Т.1, 2 [Электронный ресурс] : учебник / под ред. В. В. Зверева, М. Н. Бойченко. - Электрон. текстовые дан. ( 47,3 Мб). - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2011.
6. Нуржанова, А. У. Микробиология және вирусология: оқу құралы / А. У. Нуржанова, М. Ш. Сералиева, Н. У. Абдукасымова. - ; Шымкент мед. колледж. оқу-әдіст. кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынған. - Шымкент : "Нұрлы Бейне"

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет