Нишанбаева сабира зетбековна


ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет9/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser
УМК девиантология лекция, b231 3, annotation50170
ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы 
төмендегілер болып табылады:
1. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық 
негіздері анықталды. 
2. «Отбасы-адамгершілік құндылықтары» ұғымының мәні нақтыланып, 
құрылымы айқындалды;
3. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық -функционалдық 
моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері айқындалды. 
4. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
әдістемесі 
жасалды, 
әдістеменің тиімділігі тексерілді және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар 
дайындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
педагогикалық 
жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыру әдістемесі құрастырылды және тәжірибе жүзінде оның тиімділігі 
тексерілді. Олар: 
- «Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» атты элективті курс 
бағдарламасы әзірленді. 
- «Отбасылық өмірге дайындаудағы психологиялық тренингтер» топтамасы 
даярланды. 
-«Студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру 
негіздері» атты оқу-әдістемелік құралы дайындалды. 
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері теориялық-
әдіснамалық негіздерін анықтауда 
аксиологиялық тұғыр, әлеуметтік-
гуманистік тұғыр, жүйелілік-құрылымдық тұғыр, іс-әрекеттік тұғыр, 
мәдениеттанымдық тұғырлары 
айқындалады. Отбасылық мәселелерді зерттеу 
үшін тұғырлардың маңыздылығы, ол отбасын адамзат жасаған құндылық 
ретінде қарастыруға, құндылықтың нақты жетістігін түсінуге және оның ары 
қарай қалыптасуы педагогика ғылымындағы отбасын әлеуметтік-мәдени 
маңызды құбылыс ретінде қарастыруға, оны үнемі дамитын социум ретінде 
ұсынуға, отбасына субъектілік құндылық ретінде қарауға мүмкіндік береді. 
- «отбасы-адамгершілік құндылықтар» көпмағыналы ұғым ретінде 
қарастырылып, ол бір мақсаттағы индивидтердің сеніміне негізделген адам 
өмірінің мәні болатын, әлеуметтену үрдісі арқылы отбасы мүшелерінің 
қатынасы өмірлік тәжірибе барысында түзілетін, адамгершілік мінез-құлық 
жиынтығынан тұратын жалпы қағидалар ретінде анықталады. Студенттердің 
отбасын құндылық ретінде қабылдауы отбасы мүшелерімен қарым-
қатынастағы қажеттіліктерді іске асыруына, оның мүшесі ретінде сенімділікті 
сезінуіне, отбасының құндылықтарына сәйкес іс-әрекеттер жасау үшін ерік-
жігерінің болуына, отбасылық қатынастарда бірлескен бос уақытты өткізуге 
қанағаттануына, тұрақты мінез-құлқының болуына байланысты сипатталады.
 



педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мазмұны құрылымдық-
функционалдық моделдеудің негізінде түсініліп, танылады. Динамикалық 
педагогикалық 
жүйе 
ретінде 
блоктары 
(теориялық-әдіснамалық, 
ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік, 
критерийлік-бағалау), 
компоненттері 
(мотивациялық-мақсаттылық, рефлексивтік-іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелік), 
өлшемдері 
(дүниетанымдық, 
іс-әрекеттік, 
білімділік-тәрбиелік) 
мен 
көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және деңгейлеріне (төменгі, орта, 
жоғары) сәйкес жүзеге асырылады.
-
 
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігі (элективті 
курс бағдарламасы, психологиялық тренингтер топтамасы, оқу-әдістемелік 
құралы) және тәжірибелік-эксперимент нәтижелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет