Нормативтік сілтемелер



бет3/14
Дата14.10.2023
өлшемі5,67 Mb.
#185428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
МД

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін ынталандыруды басқарудың әдістері мен тәсілдерін теориялық және іс жүзінде анықтау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін ынталандыру.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін ынталандыруды басқаруды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
1. Оқу мотивациясының түсінігі мен мәнін, сондай-ақ оны қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау.
2. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін анықтау;
3. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының айқындаушы және қалыптастырушы кезеңдерін өткізу.
4. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыруды зерттеу нәтижелерін талдау.
5. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру үшін мұғалімдер мен ата-аналарға ұсыныстар жасау.
Біздің зерттеуіміздің гипотезасы келесідей: бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін басқарды қалыптастыру оң нәтиже береді, егер: білім беру процесі құралдарды, әдістер мен тәсілдерді қолданудың бірыңғай схемасы, жұмыстың топтық және жеке формаларының үйлесуі, қол жеткізудің үлкен мүмкіндіктері үшін оқу ақпаратымен оқу кеңістігі ұйымдастырылса.
Қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің мынадай әдістері пайдаланылды: теориялық – қорытындылау, салыстыру, талдау, синтез; эмпирикалық - бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу материалдары осы тақырып бойынша одан әрі дамуға негіз бола алады. Зерттеу нәтижелерін бастауыш сынып мұғалімдерінің практикалық қызметінде қолдануға болады.
Жұмыстың негізгі материалдарын жариялау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері -________ тақырыбында жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс 71 бетке компьюттерлік мәтінде терілген. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кестелер саны – 18, суреттер – 18, пайдаланылған әдебиеттер саны – 36.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет