Барысы:
Сәлемдесу «Есімім-сәлемдесуім!» жаттығуы
Жаттығу мақсаты: сергіту, қатысушылардың бір-бірімен сәлемдесуі, эмоционалды босаңсу.
-Бүгінгі күн ерекше күн, ендеше ерекше күнімізді ерекше сәлемдесуден бастайықшы! (алдын ала таратылған қима қағаздағы әр елдің сәлемдесу дәстүрін көрсетіп соны барлығымыз қайталау бір-бірімізбен) қолымыздағы қима қағаздарда жазылған елдің сәлемін көрсетіп атымызды айтамыз. Мысалы: Менің атым Ардақ, қазақ халқында – Ассалаумағалейкум! деп немесе қол алысып қушақтасып амандасады ары қарай оқушылар:
Сәл иіліп сәлемдесу (Кәріс халқында)
Бимен сәлемдесу ( Австралиялықтар)
Отырып тұрып шапалақтау (Замбези)
Көзімізге қарап қол қысу (Германия)
Алақандарын маңдайға қойып иілу (Индия)
Бразилияда бір-бірінің иығын қағады.
Македонияда бір-біріне шынтақтарын тигізеді.
Жаңа Зеландияда шекелерін түйістіріп сәлемдеседі.
Тибет халқында тіл шығарып амандасады.
Қытайда жана көрген таныстық болып жатса, бір-біріне қол шапалақтайды екен, ендеше біз де бір-бірімізге шапалақ соғып қояйық!
«Мен Астанаға барамын....» жаттығуы Бұл жаттығуда әркім өз есімдерін айтып, Астанаға не алып баратындарын айтады
Менің атым Ардақ, Мен Астанаға барамын, өзіммен бірге ақыл алып барамын, ал сен не алып барасын.....?
- Біз бүгін тренинг элементтерімен өткізетін саббақа келдік тақырыбымыз: «Өмір, сені мен сүйемін!» деп аталады. Мақсатымыз - тақырыптың өзі айтып тұрғандай өмірді сүю, қандай жағдай болмасын өмірге деген құштарлығымызды арттыру.
2. «Сынық қарандаш» жаттығуы
- Балалар менің қолымда не көріп тұрсыңдар?
Иә, сынық қарындаш? (практикалық түрде қарындашты сындырып көрсетугеде болады).
Қалай ойлайсындар, бұл қарындаш енді іске жарайма? Қалай жаратамыз?
Иә, дұрыс айтасындар, қарындаштың екінші жағын ұштасақ, ол қалыпқа келіп, өз жұмысын еш өзгеріссіз ары қарай жалғастыра береді. Мына суретте көріп тұрғандай.
Иә, біздің өмірімізде осы қарындаш сияқты, қандай қиын қыстау кездер, қандай жағдайлар болмасын өз мәнін жоғалтпау керек, дүниеде шешілмейтін мәселе жоқ, әр нәрсенің шешімі болады, оны қарапайым ғана қарандаш мысалынан көрдіңдер.
Келесі бейнероликке назар аударайықшы:
Достарыңызбен бөлісу: |