Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлы



Дата25.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#114445
Байланысты:
құмаш нұрғалиұлы

ҚҰМАШ НҰРҒАЛИҰЛЫ

  • Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлы (1925 – 1988) – педагог, КСРО Халық мұғалімі (1981), 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алғаш Қатонқарағайдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық еткен Шыңғыстай мектебінде білім алған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң тарих факультетін бітірген (1955). 1946 –1957 ж. мұғалім, Марқакөл ауданындағы Сорвенка ұжымдық мектебінің директоры
  • 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Боран орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
  • Алтай тау мен сұлудың көзіндей мөлдіреген Марқакөлдің жағасында Сармөңке атты ауылда 1925 жылы белсенді колхозшы, озат жылқышы Нұрғали мен оның жары Күлдәрінің отбасында Құмаш есімді тұңғыш нәресте дүниеге келеді.
  • Ұстаз болу, жас шәкірттерге білім беру ісі – оның аяулы арманына айналды. Құмаш мектепте озат оқушы болды. Әсіресе тарих, орыс тілі мен әдебиеті пәндерін ерекше сүйіп оқитын зерек бала қоғамдық шараларда да аса белсенділік танытты. Жыл өткен сайын мұғалім болу арманы арта түсті. Сегізінші сыныпты бітіріп, педагогикалық училищеге түсемін деген мақсат қойды. Алайда әкесінің мезгілсіз қазасы бозбаланың бар жоспарын өзгертті. Соңынан ерген інілері мен анасына қол ұшын беру мақсатында Құмаш педучилищеге барудан бас тартып, ауылдық Кеңестік хатшысы қызметіне орналасты. Арманына жетуге қол созымдай қалғанда, өмірінің ағысы басқа арнаға ауысқан жас жігіт енді кешкі мектепке жазылып, өз бетімен білім алуға кірісті.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, екі аяғынан және бір қолынан айырылады. 1946 жылы ауруханадан ағаш протездерге сүйеніп, бейбіт өмірге шығады. Боран деген ауылда мектеп мұғалімі болып, сол мектептің дамуына үлкен үлес қосты. Ол мектеп 1970 жылдардың ортасында алдыңғы қатарлы Мәскеу, Рига, Винница мектептерінің қатарында бүкіл Одақ көлемінде Каз КСР-нің БХШК Қола медалін иеленеді. Бүгінге күнге дейін сол сара жолмен оқу-тәрбие үдерісін жүргізіп келе жатқан гимназия 1992 жылдан бері Құмаш Нұрғалиұлының атымен аталып, қазіргі таңда Ұстаздың ізбасар ұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы Нұрғалиевтің басқаруымен, республика көлемінде танымал, алдыңғы қатарлы білім ордасы санатында қызмет атқарып келеді.

Марапаттары:

  • Жауынгерлік Қызыл Ту,
  • Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені,
  • 5 медальмен, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің,
  • КСРО БХШЖ (ВДНХ КСРО) Қола медалі иегері.
  • КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен 1 мәрте және Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен 3 рет марапатталған.
  • Атақтары:

  • «КазКСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», «ҚазКСР-нің халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық Мұғалімі» атақтарының иегері, КазКСР мұғалімдер сьезінің бірнеше мәрте делегаты.

Тұлғаның еңбек жолына арналған зерттеулер:

  • «Құмаштың мектебі», «Өлімді жеңген өмір», Құмаш Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Халық Мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Педагогикалық әулет» кітаптары және Кеңестік басылымдарда 50-ден астам мақалалар жарық көрді.
  • Құжатты-публицистикалық фильмдер топтамасы мен арнаулар:

  • «Комсомольский билет», «Здравствуй, солнце!», «Учитель», «Открытый урок». Жазылған жыр - дастандар: Ғ.Қайырбеков «Адамда кісі-ақ еді Құмаш деген», Әлімбаев М. «Құмашқа хат», С.Ғабдуллин «Тағылымды тағдыр» дастаны (1975 ж.), Зарықбай Ыбыраев «Октябрь өрені» (1967 ж.) поэмасы, Ғалым Байбатыров «Аңыз адам» атты поэмасы, С.Алдажаров «Құмашқа арнау» поэмасы және тағы да басқа арнау өлеңдер.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет