Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет34/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   292
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ, 2003.-220 бет (31-32;101-109; 118-127) .
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары.

Бейрут-Любнан: Дар-уль-ад-Дамаск, 1986. 23 - 173 б
.
2. Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары.
Бейрут-Любнан: Дар-уль-ад-Дамаск, 1986. 23 - 173 б.
3.Әл-Фараби Бақытқа жету жайында.
Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль, 1995. – С.25-102.

4. Қ.Махмудов .Ахмад Югнакийнинг «Хибатул Хақойик» Асари Хақида. Узбекистон ССР «Фан» Нашриети Тошкент – 1972, 25-39 беттер;


5. Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ат-түрк»). Алматы, Ана тілі, 1993. 33-99 бб.
6.. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік/
7 Қожа Ахмет Яссауй. Диуани Хиқмет.
8. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.
9 Шәкерім Құдайбердіұлы Шығармалары

Мазмұны


  1. Әбу Насыр Әл- Фараби --4

  2. А. Иүгінеки -- 22

  3. М. Қашқари -- 30

  4. Ж. Баласағұн -- 54

  5. Х. А. Ясауи -- 65

  6. Абай -- 67

  7. Шәкерім -- 75

  8. М. Ж Көпеев -- 104

АЛҒЫСӨЗ


Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мұра-халықтық педагогика мен Орхон-Енисей жазуларынан, атап айтқанда Тоныкөк, мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздеген, ұлы күйші, кемеңгер жырау Қорқыт ата өсиеттерінен басталып, 15-19 ғасырларда Асан қайы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат сияқты ақын-жыраулардың поэзиясындағы асыл ойлармен көмкеріледі.
Кез келген халықтың рухани мұрасында әлемдік философияның, әлемдік педагогиканың ортақ қазынасын байыта түсетін құнды ой-пікірлер, пайымдаулар болатыны белгілі. Осыған орай, ұсынылып отырған еңбекте шамамен б.з.д. ІІІ мыңжылдықтағы ежелгі шумердің мектеп өсиеттері, будда дінінің әйгілі нақыл сөздер жинағы «Дхаммапададан» үзінділер, б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген шығыстағы Конфуций мен батыс ойшылдары Аристотель, Гуго Сен-Викторский т.б. көптеген ғұламалардың парасатты тәлімгерлік ой толғаныстары келтіріледі.
Еңбекте Әмір Кейқаустың дидактикалық сарында жазылған «Қабуснамасынан» алынған адамгершілікті, әдептілікті насихаттайтын, ғылыми негізде жазылған шағын ақылнамалық әңгімелері, ХІ-ХІІ ғасырларда қасиетті қазақ даласында дүниеге келген ұлы ғұламалардың бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындыларынан, әлемдік әдебиетте мәңгі өшпестей із қалдырған Жүсіп Баласағұнның ізгілікке, адами жақсы қасиеттерді марапаттауға арналған халық даналығының нағыз қазынасы болып табылатын шығармаларынан үзінділер ұсынылады.
Сонымен қатар, әлемдік озық мәдеиеттің шоқжұлдыздары Шоқан, Ыбырай, Абайдың әлемдік педагогиканың алтын қорына қосар үлесі мол еңбектері, ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкерім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптардың қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең педагогикалық, психологиялық ой-тұжырымдары өскелең ұрпаққа мұра болып жеткен бай қазына ретінде қарастырылады.
Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдениетін, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпы мен салт-санасын танытатын шығармалармен қатар қазақ әдебиетінің ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, мейірімділік, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу және т.б. мәселелерге арналған туындыларын оқып-үйрену, танып-білу – ұрпақ тәрбиесіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Аталған еңбектің мазмұнын құрайтын материалдар «Әлемдік педагогика нұсқалары», «Қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары», «Ұлттық тәрбие нұсқалары» және «Қазақ әдебиетіндегі педагогикалық ой-пікір» деп аталатын төрт тарауға бөлінген.



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   292




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет