НұСҚаулар бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары


Мәтіндегі азамат соғысының шығу себептері туралы айтқан тарихи тұлғаны анықтаңыз



бет3/4
Дата04.01.2022
өлшемі56,3 Kb.
#109551
түріНұсқаулар
1   2   3   4
Байланысты:
Tarikh 2
Around the house1, Еуропа 14апта, Еуропа 14апта, 9 ТАРИХ ҚМЖ, 9 ТАРИХ ҚМЖ, Жанел Азия 13 апта, Болатова Айжан, 2 5226984454886527241, Глоссарий 10, Документ (19), СӨЖ
Мәтіндегі азамат соғысының шығу себептері туралы айтқан тарихи тұлғаны анықтаңыз:

A) П. Милюков

B) А. Керенский

C) М. Калинин

D) И. Сталин

E) В. Ленин

Дұрыс жауабы: E

Қазіргі дүние жүзі тарихы (1914-2004жж.) хрестоматия./ Қожахметұлы К., Шүпеков Ә., Ғұбайдуллина М., Алматы «Мектеп»,2005.-25 бет


30. ХІІІ ғасырдың басында Үндістанның солтүстігінде құрылған мұсылман мемлекеті:

A) Дели сұлтандығы

B) Ауд ұлысы

C) Ұлы Моғол империясы

D) Гупта мемлекеті

E) Харши мемлекеті

Дұрыс жауабы: А

VІІ ғасырдың аяғында Үндістан мен Ауғанстанды арабтар жаулап алып, ислам дінін енгізді. Арабтардың жаулауы ХІІІғ. дейін созылды. 1206ж. Кутб-уд-дин-Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, жаңа мемлекет құрады. Мемлекет Дели сұлтандығы деп аталады.

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің

7-сыныбына арналған оқулық / С. Мәшімбаев және тб. Алматы: «Атамұра»

2012.§7. 34-бет.
31.1968 ж. «Прага көктемі» болған ел:

A) Албания

B) Венгрия

C) Польша

D) Чехословакия

E) Югаславия

Дұрыс жауабы: D

Тоталитарлық социализм Еуропа өркениеті дамуының табиғи-тарихи үрдісіне қайшы келді.1968 жылғы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО және басқа социалистік елдердің әскерлерімен басып-жанышталды.

Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған

оқулық / Қожахметұлы К, Шүпеков Ә, Ғұбайдуллина М, Алматы: «Мектеп» , 2013ж. §20-21. 122 - бет.

32.1939 жылы 30 қарашада кеңес әскерінің соғыс әрекеті бағыттаған ел:

A) Норвегия

B) Финляндия

C) Дания


D) Франция

E) Англия

Дұрыс жауабы: В

Кеңес Одағы Фин үкіметінен шекарасын Ленинградтан шегіндіруді өтінді. Финляндия бұл талапты орындаудан бас тартты. 1939ж. 30 қарашада кеңес әскері Финляндияға қарсы соғыс әрекетін бастады... Кеңес-Фин соғысы 1940 жылы 12 наурызда бітім-шартына қол қоюмен аяқталды.

Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған

оқулық / Қожахметұлы К, Шүпеков Ә, Ғұбайдуллина М, Алматы: «Мектеп», 2013ж. §15. 88 – бет; 2009ж. §21, 97 бет.


33. Англияда 1974-1979жж. «баға мен кіріс саясатын» қабылдауға мәжбүр болған үкімет жетекшісі:

A) Г. Вильсон

B) У. Черчиль

C) К. Эттли

D) А. Иден

E) Г. Макмиллан

Дұрыс жауабы: А

Лейбористердің өкімет басына қайтадан келуі (1974-1979жж.). Премьер-министр Г.Вильсон баға мен кіріс саясаты деп аталатын басқа жоспар түрін қабылдауға мәжбүр болды.

Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған

оқулық / Қожахметұлы К., Шүпеков Ә., Ғұбайдуллина М., Алматы «Мектеп» 2009ж. §22, 106-107 беттер; 2013ж. §16, 98


33. Ежелгі парсы мемлекетінің билеушісі:

А) Дарий І

B) Хаммурапи

C) Ашшурбанипал

D) Тутанхамон

E) Астиаг

Дұрыс жауабы: А

Парсы патшасының тағына б.з.б. 522 жылы І Дарий (парсыша Дарайявауш) отырды.

Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арнал-

ған оқулық.Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Алматы «Атамұра» 2015.

§10. 70-бет.

34. Хетт патшалығында биліктің мұрагерлікпен берілуін енгізген патша:

A) Ашшурбанипал

B) Телепин

C) Нарамсин

D) Шульги

E) Навуходоносор

Дұрыс жауабы: В

Телепин атты патша елдегі жағдайды реттеуді қолға алды. Ол егер патша өлсе, оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырсын. Ал егер балалары болмаса, ең үлкен күйеу баласы тақты иемденуге құқылы деген жарлық шығарды.

Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арнал-

ған оқулық.Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Алматы «Атамұра» 2015.

§8.59-бет.


35. Ежелгі грек демостарының алдында архонт Солонның сіңірген еңбегі:

А) Театр және цирк өнерін дамытты

B) Ғылым мен сауданың дамуына үлес қосты

C) Жаңа жерлерді басқаруға құқық берді

D) Жерге жеке меншік орнады

E) Ру ақсүйектерінің билігін жойды

Дұрыс жауабы: Е.

Солон Афины демосының мүддесін көздейтін заңдар (реформалар) шығарды. Ол заңдар ағаш тақталарға жазылып, қаланың алаңына қойылды. Заңдарда ру ақсүйектердің билігін жойып, оларды ерекше жағдайынан айырды.

Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Алматы «Атамұра» 2015.§21. 135-бет.
36. Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар:

А) Ассириялықтар мен парсылар

B) Шумер және аккадтықтар

C) Хананейліктер мен филистимдіктер

D) Израил мен иудейліктер

E) Филистимдіктер мен еврейлер

Дұрыс жауабы: В

Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген шумер және аккад халықтары деп аталды. Шумерліктер Қосөзенге оның шығысжағына келіп қоныстанған.Ал аккадтықтар болса, оңтүстік- батыс өлкелерден келіп орналасқан.

Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Алматы «Атамұра» 2015.

§1. 8-бет.

37. Ежелгі Үндістанда адамдарды төрт кастаға бөлген құдайдың аты:

А) Ашок


B) Брахма

C) Рамаяна

D) Равана

E) Будда


Дұрыс жауабы: В

«Үнді қоғамы брахмандар, жауынгерлер, шаруалар және шудралар деп төртке бөлінді. Брахмандар деп дінді уағыздаушы, абыздарды атады. Олар – Брахма атты құдайдың аузынан жаралған сүйікті ұлдары. Жауынгерлер елді қорғаушы, күзетуші, тәртіпті реттеуші топ деп есептелді. Оларды Брахма құдай өзінің қолдарынан жаратқан. Үшінші тұйық топ негізінен шаруалар – ерікті егіншілер тобы болды. Олар Брахманның жамбасынан жаратылғандар деп есептелді. Төртінші топ өкілдері – шудралар. Олар Брахма құдайдың аяғынан жаратылды. Осылайша бүкіл үнді қоғамы төрт топқа бөлінді.

Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арнал-

ған оқулық.Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Алматы «Атамұра» 2015.

§15. 102,103-беттер
38.1950 жылы Үндістанның үкімет басшысы болған қайраткер:

A) М. Ганди

B) И. Ганди

C) Р. Ганди

D) Д. Неру

E) В. Сингх

Дұрыс жауабы: D

1950ж. Үнді Одағы Үндістан Республикасы деп аталды. Үкіметті ұлт-азаттық күрес көшбасшыларының бірі Дж. Неру (1898-1964ж.ж.) басқарды.

Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Қожахметұлы К., Шүпеков Ә., Ғұбайдуллина М., Алматы «Мектеп» 2009ж. §38, 199 бет; 2013ж. §28, 170 бет
39. Ежелгі Грекияда демостар – ол ...

A) Әскерлер

B) Шонжарлар

C) Қарапайым халық

D) Ақсүйектер

E) Ақсақалдар

Дұрыс жауабы: С

Аттикада ақсүйектерден басқа қарапайым халық-егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер және кедейленгендер мекен етті. Оларды демостар (грекше – халық деген сөз) деп атаған.

Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арнал-

ған оқулық.Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Алматы «Атамұра» 2015.

§21. 134-бет.

40. «Бүгінгі таңда халық-азаттық соғысы, негізінен, жеңіске жетті, еліміздің

халқының басым көпшілігі азат етілді. Осының негізінде Қытайдың халықтық

саяси консультативтік конференциясы шақырылған болатын. Оның жұмысы-

на барлық демократиялық партиялар мен топтардың , Халық-азаттық армия-

сының, әртүрлі аудандардың, ұлттық топтардың, шетелдерде тұратын қытай-

лықтардың және бүкіл еліміздегі патриоттық демократиялық элементтердің

делегаттары қатысты. Бүкіл ел халқының еркін білдіре отырып , Қытайдың

халықтық саяси консультативтік конференциясы Қытай Халық Республика-

сының Орталық Халық үкіметінің негізгі заңын бекітті. Қытай Халық Респуб-

ликасын жариялады, Пекин Қытай Халық Республикасының астанасы болады

деп шешім қабылдады...».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет