Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасының әлеуметтік ерекшелігі



бет33/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Отбасы
1 дәріс контенты
55 Отбасының әлеуметтік ерекшелігі
Қазақстандағы отбасының да басқа елдер сияқты проблемалары біркелкі болып келеді. Сол сияқты, Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың айтарлықтай ерекшеліктері жоқ. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әр елде әр түрлі жүргізіледі. Біздің Қазақстандағы жағдай анау айтарлықтай күшті дамымаған. Яғни, отбасына көмек көрсету қатты дамымаған. Барлық елдердің отбасылық проблемалары ұқсас болғанымен, кейбір ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгеруі мүмкін. Отбасының проблемаларына не жатады?
Оған:
— Ажырасу, жұбайлардың келіспеушілігі
— Неке санының азаюы.
— Бала туудың төмендеуі.
— Әйелдердің күйеу тарапынан зардап шегуі, яғни, отбасындағы зорлық.
— Материалдық жетіспеушілік.
— Отбасындағы жұбайлардың түсініспеушілігі.
Бұл проблемаларға Қазақстан да душар болып отыр. Яғни, қоғам болған соң проблема болғаны бұл заңдылық. Бірақ, шектен шығармай реттеп отыру қажет. Сол мақсатта Қазақстан Республикас Үкіметі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да қоғамдық ұйымдар көптеген жұмыстар атқаруда.
Қазақ халқы бұрыннан отбасын өте қатты құрметтеген. Сондықтан да отбасылық проблемаларды ушықтырмай, әділетті түрде шеше білген. Бұл біздің халқымыздың текті халық екенін білдірсе керек. Қазақ халқы отбасыға өте қатты мән берген. Қызды тұрмысқа берерде, баласын үйлендірерде текті отбасыларға, тәрбиелі отбасыларға беруге талпынған. Бұл деген сөз, өзінің ғана ұрпағын емес, бүкіл қазақ халқының тектілігі жоймау мақсатындағы әрекет болып табылады. Біздің қазақ халқы қаны таза халық. Яғни, өз руласына үйлену қазақ тарихында болмаған. Осындай әдет-ғұрып, салт-дәстүр қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен рөл атқарған. «Отан- отбасынан басталады» деген қанатты сөзді ұстанған біздің ұлы халқымыз отбасының қоғамдағы рөлін түсінген. Сондықтан да, отбасыны өте қатты құрметтеп, сақтаған. Бірақ қазіргі жаһандану үрдісінің кесірінен қазақ отбасының шаңырағы шайқалып жүр. Сайып келгенде, қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшеліктері ұлттық құндылықтарымызға, ұлттық ерекшеліктерімізге байланысты. Негізінен отбасымен әлеуметтік жұмыстың көрсетілуі барлық елдерде бірдей болып келеді. Мемлекеттің отбасы саясатын жүргізуіне, мемлекеттің қаржылық жағдайына байланысты болады. Қазақ халқы отбасылық проблемаларды туысқандық негізде бірлесе отырып шешкен. Қазіргі кезде жаһандану үдерісінен пайда болған отбасылық проблемаларды шешу Қазақстан Үкіметінің және әлеуметтік жұмыскерлердің алдындағы келелі мақсаттардың бірі. Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу өте маңызды әрі өте қиыншылығы мол жұмыс.
Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айрылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.
Отбасы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделіпғ маңызды өзгерістерге төтеп береді. Олардың дәйексіздігі, сонымен қатар, Қазақстан халқының ауқымды мәдени әртүрлілігі өмір сүріп отырған отбасы моделінің әр алуандығын алдын-ала анықтайды және олардың көпшілігінің ауыспалы сипаты бар.
Осының бәрі отбасы саясаты жүйесіндегі отбасы қызметінің барлық бағыттарында отбасы мен қоғамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін әлеуметтік институт қызметін ұйымдастыру және үйлестіру тәсілі ретінде отбасы саясатын реформалаудың қажеттігін туғызады.
Отбасы саясаты – ол өзара қарым-қатынастағы көптеген институттардың бірі ретінде отбасының арнайы мүддесін және отбасы рөлін басқа да әлеуметтік рөлдермен қатар орындайтын алып жүруші ретінде адамның арнайы мүддесін қорғайтын бүкіл әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ғана.
Біздің отбасы өміріміздің көптеген экономикалық қиындықтары – ол дағдарыс салдары, экономиканың әлсіздігі, оның тиімділігінің төмендігі, үлестіру қарым-қатынасының жетілмеуі және т.б.. Осы кемшіліктерді жеңу үшін отбасы саясаты ғана емес, отбасына маңызды түрде әлеуметтік қолдау жасау және отбасы өзінің ішкі ресурстары есебінен төтеп бере алмайтын, отбасы өмірінде пайда болған мәселелерді шешу кезінде әртүрлі үрей тудырған жағдайларды жеңуде көмек те көрсету керек. Отбасының көптеген мәселелері отбасының құрлымдық өзгерістерімен, өзара ішкі қарым-қатынасы сипатымен және т.б. қатысты өткерген ішкі өзгерістермен байланысты. Отбасы саясатының мәні отбасының тереңдетіп қаралған мүддесін қоғамның түсінуіне және қолдауына, жеке тұлға, отбасы және жалпы қоғам арасындағы жаңа тепе-теңдікті іздестіруге ықпал етумен түсіндіріледі.
Қазіргі отбасы өрістеудің күрделі кезеңін – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үдерісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, отбасы қызметі, билікжүйесі, отбасылық роль, жұбайлардың функциолнальды тәуелділігі, отбасындағы бала жағдайы өзгереді, ал бұл өз кезегінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне әкеледі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың субъектісі туралы айта отырып, бір жағдайды есте ұстауымыз қажет. Осындай қызметкерлердің арасында осы жұмысты тек ұйымдастырумен ғана айналысатындар және оларға тікелей көмек көрсететіндер бар. Оларды шартты түрде практиктер немесе практикалық әлеуметтік қызметкерлер деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет