Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»



бет6/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Отбасы
1 дәріс контенты
7 Отбасы типтері
Отбасын типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан кұбылыс. Сондықтан отбасы кұрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-катынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі - нуклеарлык немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпактың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңда кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі тандағы отбасының тағы бір түрі — кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының кұрамы мен кұрылымының осылай өзгеруі отбасылық-туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді. Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағыңдыру тиіс. Бүгінгі танда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналарының отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін басқа кәсіпті тандайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының иерархиялық тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтын өкілдері тұрады, билікті, яғни лидерлікті жасы үлкен ер адам өз қолына алады.
Отбасыларының өтпелі типтері де бар. Онда ер адамның өз рөлін ат-қарудағы алға қойган максаты оның нақты тәртібіне қарағанда дәстүрлі сипатта болады, демократиялық мақсатта рөл аткаратын ер адам керісінше үй шаруашылығымен айналысуға аз қатысады.
Сайып келгенде, қазіргі отбасында әйелдердің кәсіби қызметпен жаппай айналысуына байланысты әйелдердің дәстүрлі рөлдерінің өзгеруімен бірге ер адамдардың рөлдері де басқа сипатқа ие болады. Бұған Батыс Еуропа елдеріндегі ер адамдардың баланы күтіп-бағу үшін демалысқа шығуы дәлел бола алады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың жаңа осы жағдайды қалай қабылдайтының, отбасындағы лидерлікті шешетін отбасылық міндеттерді қайта бөлуге дайындығын анықтаудың маңызы да зор. Ата-ана — ерлі-зайыптылар туыстық өлшемдермен анықталатын отбасы құрылымының типтері алуан түрлі болуымен қатар, оның әкенің немесе шешенің қайсыбір қасиеггеріне байланысты екендігін де атап көрсетеді. Осыған байланысты этноәлеуметтануда, отбасы және туыстық әлеуметтануында әлеуметтік әкелік және физиологиялық әкелік және дәл сондай дәрежеде шешелік деп бөлу қабылданған. Отбасы топтарын патри немесе матри локалдандыру принциптері негізінде фамилияны, мүлік-дүниені, әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық және матрилиниялық отбасылар деп екіге бөлінеді.
Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады. Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққан-
дар болса, ал гетерогенді отбасыңда олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, касталардан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі, т.б. біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді.
Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына қарап патри-локалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен бірге тұрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет