Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасындағы гендерлік тәрбие



бет7/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Отбасы
1 дәріс контенты
8 Отбасындағы гендерлік тәрбие
Гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік мазмұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.
Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.
Соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеудің жетілген тұсында жарық көрген педагогикалық және психологиялық сөздікте «гендер» ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын білдіреді. Әлеуметтік психология тұрғысынан қарастырсақ, гендер – еркек пен әйел міндеттері және әлуеметтік ақпаратта әйел мен еркек арасындағы айырмашылықтар өте көп деп сендіретін орныққан мәдени ерекшеліктердің зор ықпалында. Осыған байланысты жастардың гендерлік тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. Гендерлік тәрбие жоғары оқу орындарының студенттеріне маңызды өмірлік мәні бар, өйткені осы мәселе бойынша ақпараттың жеткіліксіздігі ортадағы таптаурындардың, дұрыс емес гендерлік көзқарастың, кейде гендерлік рөлдік кикілжіңдер күйзелістердің пайда боуына соқтырады. Көптеген танымал басылымдардың авторлары еркек және әйел психологиясының ерекшелік мәселесі туралы өзіндік көзқарастарын ұсынады, бірақ бұл оқулықтардың басым көпшілігі автордың жеке тәжірбиесіне сүйенеді. Өткен ғасырдың 80-жылдары американдық тарихшы Джон Скоттың еңбегіндегі «гендер» термині қазіргі таңдағы көпшілік қауымға белгісіз болды. Соңғы уақытта гендерлік зерттеулер педагогика ғылымының ажырамас бір бөлігіне айналуда, ал гендерлік мәселе педагогика ғылымының барлық бағыттарында пайда болуда. Әрбір педагогикалық құбылыс өзіндік тәжірибелі даму жолы мен соған сәйкес теориялық негіздемеге ие. Бұл студент жастардың гендерлік тәрбиесіне қатысты. Гендер термині 1975 жылы пайда болды. Осы ретте кейбір идеялар мен әзірлемелерді зерттей отырып, бұл ұғымның педагогикаға да қатысы бар екенін айта аламыз. Студент жастардың гендерлік тәрбие мәселесін заманауи әлеуметтік қыбылыс ретінде зерттеу үшін қысқаша оның антикалық кезеңнен бастап даму ерекшеліктеріне талдау жасау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет