Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет18/20
Дата08.06.2018
өлшемі7,36 Mb.
#41497
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
24-сурет – Жонғылау сұлбалары
Горизонталь беттерді цилиндрлік жонғыштармен (24в,г-сурет) және шет жақтық жонғыштармен (24б-сурет) өндейді.

Түпбетті жонғыштардын бір мезгілде жұмыс істейтін тістер саны цилиндрлік жонғыштардын тістер санынан көп болғандықтан түпбетті жонғыштармен өңдеуі қолайлы, цилиндрлік жонғыштарға карағанда оларды айналдырықта бекіту қатандығы жоғары және жұмысы бірқалыпты.

Вертикаль жазықтарды түпбетті жонғыштармен (24б,в сурет) немесе түпбетті жонғыш бастиектермен және саусақты жонғыштармен (24г-сурет) өңделеді, көлбеу беттерді және қия кесіктерді шет жақтық, шеттік, бұрыштық жонғыштармен және жонғыштар жиынымен (24к-сурет) өңдейді.

Тік бұрышты қималы кілтек ойықтар мен бунақтарды жонғылау кезінде шеттік және арнайы кілтекті жонғыштарды пайдаланады. Оларды вертикаль-жонғыш станоктарда өндейді. Кейде кілтек бунақтарды горизонталь-жонғылау станоктарында дисклік үш жақты жонғыштармен (24ж-сурет) жонғылайды. Ойма кілтектерді горизонталь-жонғылау станоктарында кертікті дисклік жонғыштармен өңдейді. Фасонды ойықтарды фасонды дисклі жонғыштармен өндейды (24к-сурет), бұрышты ойықтарды – бір бұрышты және екі бұрышты жонғыштармен (4е-сурет). Кия ойықтарды вертикаль-жонғылау станоктарында екі өтуде жонғыланады: тортбұрышты ойықты – саусақты жонғышпен, сосын ойықтын киясын – бір бұрышты саусақты жонғышпен (4е-сурет).

Т тәрізді ойықтарды (станок үстелдерінің негізгі ойықтары) (24и-сурет) – әдетте екі өтуде жонғылайды: бірінші саусақты жонғышпен төртбұрышты ойықты содан сон ойықтын төменгі бөлімін – шеттік жонғыштармен өңдейді.

Кілтек ойықтар саусақты немесе ойықты жонғыштармен жонғыланады (11-сурет).



Тісті доңғалақтар арнайы тіс өңдеу станоктарда жонғыланады.
8 Жоңғыштарды орнату және бекіту
Цилиндрлік жоңғыштарды орнату және бекіту. Берілген өңдеу жағдайы үшін жоңғының оптималды түрі таңдалғаннан кейін оны орнатады және бекітеді. Жоңғыштың тесік диаметріне сәйкес құралбіліктің қажетті диаметрін таңдайды. Отандық зауыттарда құралбіліктердің стандартты өлшемдері пайдаланады: 16, 22, 27, 32, 40 және 60 мм. 25 суретте цилиндрлік немесе дискілі жоңғыштарды және орнату сақиналарымен 5 жоңғыш жинағын бекітуге арналған жоңғылағыш құралбілік 3 көрсетілген.

25-сурет – Жонғылау кезінде құралды бекіту тәсілдері


26-сурет – Қондырма балдақтар

Жоңғылы құралбілік айналдырық тұрқысына орнатылады және Т шомполымен қысылады. Құралбілікке орнату сақиналары кигізіледі және айналдырық шетжағының қажетті ара қашықтықта жоңғыш 4 орнатады.

Одан кейін тағы да сақиналар кигізіледі және сырға астына конусты төлке орнатылады. Жоңғылы сақиналар тобы (немесе жоңғылар жинағымен) және конусты төлкемен құралбілікте сомынмен 1 тартылады. Осыдан кейін сырға құралбіліктің конусты төлкесіне соңына дейін жылжиды және мойыншада сомынмен 2 тартылады. Мойынша тұғырда сомындармен тартылуы қажет. Ауыр жұмыстарда екінші сырға орнатылады, ол үшін жинаққа екінші конусты төлке де кіреді.

Құралбілікте бір немесе бірнеше жоңғыштарды орнату үшін екі типті түрлі қалыңдығы бар орнату сақиналары қолданылады (26 сурет). Жоңғылау білдегіне қажетті орнату сақиналарының қалыпты жинағы 1-ден 50 мм-ге дейінгі қалыңдықты сақиналардан тұрады: 1,0; 1,1; 1,2; 1,3; 1,4; 1,5; 1,6; 1,7; 1,8; 1,9; 2,0; 3,0; 5,0; 8,0; 10: 15; 20; 30; 40 және 50 мм.

Жоңғылау процесінде құралбілік созылу мен майысуға жұмыс істейді, ал орнату сақиналары тартылуға жұмыс істейді. Құралбілікте бір жоңғышты орнатқан кезде оны білдектің айналдырығына жақын орналастыру жөн, өйткені осындай қалпында құралбіліктің майысуы минималды болады. Өңделетін дайындамаға қатысты жоңғыштың қажетті орналасуы үстелдің бойлық бағытта сәйкес орналасуымен жүзеге асырылады.

Егер құралбілікте шетжақты жанасуы жоқ бірнеше жоңғыны орнатылуы қажет болса, олардың дұрыс орналасуы аралық сақиналарының жинағымен жүзеге асырылады. Жоңғышты орнату мен бекіту келесі ретпен жүзеге асады:

1) білдектің тұмсығын шетжақты кілттің көмегімен шығару, оның алдында тоқтатқыш бұрандаларды босату;

2) бұранданы алдын ала босатып, сырғаны алу;

3) Құралбілікті конустық ұшымен айналдырыққа кіргізу, құралбілік ернемегіндегі ойықты айналдырық ұшындағы сухарьмен сәкестендіріп, құралбілікті шомполмен бекіту;

4) құралбілікке таңдалған орнату сақиналарын және жоңғыны орнату. Білдек айналдырығының айналу бағытының дұрыс таңдалуын және жоңғыштың бұрамалы ойықтардың бағытының дұрыс таңдалуын ескеру. Құралбілікке орнату сақиналары мен жоңғышты орнатылғаннан кейін құралбілікке қалған орнату сақиналарын кигізу қажет.

5) сырғаны құралбіліктің ұшы сырғаның мойынтірегіне кіргендей етіп орнату;

6) жоңғышты құралбілікте орнату, кілтпен сомынды тарту;

7) тұмсықты бекіту және сырға мойынтіректерін майлау.


9 Жұмысты орындау тәртібі
9.1 Әдістемелік нұсқамен сәйкес жоңғылау әдістерімен, құралдармен және жабдықтармен танысу.

9.2 Тораптардың және 6Н12 білдегінің басқару мәрімдерінің тағайындамасын зерттеу.

9.3 Оқытушының тапсырмасы бойынша білдек жұмысының аталған режимдерін орнату.

9.4 Жоңғылау сұлбасын эскиздеу.


10 Есеп мазмұны
Жұмыс атауы және мақсаты.

1) айналым және берілістердің берілген шамаға сәйкес білдекті реттеу ретін сипаттау;

2) тесіктердің өңдеу кезіндегі кесу құралының және жабдықтың эскиздерін келтіру;

3) өңдеу кезіндегі кесу құралының бекіту әдістерін сипаттау;

4) өңдеу кезінде дайындаманы бекітуге арналған айлабұйымның сипаты мен құралымы.
Бақылау сұрақтары


  1. Жоңғылау процесінің ерекшелігі қандай және неліктен жазықтықтардың көпшілік жағдайында шетжақты жоңғылармен өңдеу ыңғайлы болып табылады?

  2. Қисықсызықты түзуші және түзусызықты бағыттаушылары бар СББ жоңғылау білдектерінде фасонды беттерді өңдеудің әмбебапты жоңғылау білдектерінде өңдеуге қарағанда артықшылықтары қандай?

  3. Жоңғылау білдектерінің құрылымы және жұмыс істеу принциптері.

  4. Жоңғылау тобының білдектерінде дайындаманы бекіту әдістері.

  5. Жоңғылау білдектерінде кесу құралын бекітудің әдістері.

  6. Жоңғылау тобының білдектерінде орындалатын негізгі технологиялық операциялар.

Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………3

1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті…...………….4

1.1 Жұмыстың мақсаты ………………………...……..…......4

1.2 Зертханалық жұмыстын міндеті ………………...…....….....4

2 Жоңғылаудын технологиялық үрдісі ……………...….…..4

3 Жонғылау жұмыстарына арналған жабдықтар ………….5



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет