Нұсқаулар Пәні: Клиникалық патофизиология Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет3/18
Дата27.12.2022
өлшемі267 Kb.
#164606
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Практика-СД-4курс-каз
тәуелсіздік, гпз, Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс, REPHRASING ON REPORTED SPEECH (I) key
Өткізу формасы: тәжірибелік жұмысты орындау
Тақырыбы бойынша тапсырма :
1. Ауызша сабақ тақырыбына жауап беру.
2. Ситуациялық есептерді жауаптарымен құру.
3. Тест есептерін шығару.
Тарататын құжаттар:
1. Тест тапсырмасы.
2. Ситуациялық есеп.
3. Кесте.
4. Схема.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Көмірсу сіңірілуі және гидролиз бұзылыстарының механизмдері және себептері қандай?
2. Ағза жасушаларының көмірсуға толеранттылығы немен сипатталады?
3.Жасушалардың көмірсуды сіңіру бұзылыстарының механизмдері және
себептері қандай?
4. Қантты диабеті, клинико-патофизиологиялық сипаттамасы. қандай?
5. Қантты диабеті, клинико-патофизиологиялық киникалық көріністері
қандай?
6. Диабеттік кетоацидоз этиопатогенезі қандай?
7.Гипо-, гипергликемиялық кома этиопатогенезі қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
негізгі:
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология . 2009 ж.
2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. Алматы. - 2007. -648с.
қосымша:
1. Нурмухамбетов Ә., Ахмет-төре М. Патофизиологиядағы медициналық атаулардың сөздігі – Алматы. – 1998. -80.
2. Нурмухамбетов Ә., Есенқұлов Ә., Әбисатов Қ., Ахмет-төре М. Медициналық атаулардың орысша-қазақша шағын сөздігі. Алматы.-1998-128.
3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.
Тесттік тапсырмалар
1. Ұйқы безінен тыс инсулиндік жеткіліксіздік салдары болуы мүмкін
А)ұйқы безінің өспелік зақымдануы
В)қанның протеолиздік ферменттерінің концентрациясының жоғарылауы
С)панкреатиттен кейін
Д)Лангерганс аралшықтары аймағында қан айналымның бұзылуы
Е)Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелердің түзілуі
2. Инсулиннің бездік жеткіліксіздігі дамиды
А)инсулиннің қандағы антиденелермен бөгелуі
В)инсулиннің плазма нәруыздарымен берік байланысуы
С)Лангерганс аралшығының β-жасушаларының бұзылуы
Д)контринсулиндік гормондардың артық түзілуі
Е)инсулиназаның жоғары белсенділігі
3. Диабеттік синдромның бастапқы симптомы
А) полифагия
В) полиурия
С) глюкозурия
Д) полидипсия
Е) гипергликемия
4. Қантты диабетте глюкозурияға әкеледі...
А) полиурия
В) кетонемия
С) гиперлипидемия
Д) гипергликемия
Е) гиперлактатацидемия
5. Қантты диабеттің алғашқы сатысындағы полиурияның себебі:
А) глюкозурия
В) бүйрек микроангиопатиясы
С) кетонурия
Д) гипостенурия
Е) шөлдеу
6. Ағзада теріс азоттық баланс дамиды:
А) күйік ауруында
В) гиперинсулинизмде
С) ағзаның өсу кезеңінде
Д) жүктілікте
Е) анаболдық гормон-артық болғанда
7. Ағзада оң азоттық баланс дамиды:
А) ақуыздық ашығуда
В) глюкокортикоидтар
С) инсулин артық болғанда
Д) өспелік кахексияда
Е) қантты диабетте
8. Гипопротеинемия – бұл:
А) қанда нәруыз мөлшерінің артуы
В) негізінен альбумин азаюымен сипатталатын нәруыздық жалпы мөлшері азаюы
С) қанда патологиялық нәруыздардың пайда болуы
Д) қан нәруыздары арақатынасының өзгеруі
Е) қанда гаммаглобулин мөлшерінің азаюы
9. Гипопротеинемия қабаттасады:
а) қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен
б) плазманың нәруыздарының тасымалдау қызметінің бұзылуымен
в) гипокоагуляциямен
г) ісіну дамуымен
д) қанда гормондардың бос бөлшектерінің көбеюімен
А) а,б,г,д
В) в,г
С) б,д
Д) а,в,г
Е) б,в,д
10. Парапротеинемия – бұл қанда пайда болуы:
А) гамма-глобулиндердің сапалық өзгерістерінің
В) альбуминдердің сапалық өзгерістерінің
С) альбуминдердің төмендеуі
Д) ақуыз фракциясы арақатынасының өзгерістері
Е) иммуноглобулиндердің жоғарылауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет