О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жыл-



Pdf көрінісі
бет14/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жыл- 
дардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына 
1989 жылы қол жеткізілді:
• 
1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды;
• 
1989 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы 
(Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі болып бекітілді);
• 
1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт 
тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік 
бағдарламасы».
ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең 
• 
1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
• 
1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.
• 
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан 
Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы: 
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. 
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық 
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, 
заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iсқағаздарын жүргiзу тiлi. 
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып та-
былатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр 
азаматының парызы. 
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi және атқарушы органдар: 
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға
оның халықаралық беделiн нығайтуға; 
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк 
тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, 
материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; 
Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек 
көрсетуге мiндеттi.
• 
2001 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану 
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
• 
2011 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасында Тілдерді 
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды.


13
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   244




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет