Облыс Әкімдігінің 2007 жылғы № қаулысына 8 қосымша



Дата17.06.2018
өлшемі26,38 Kb.



Облыс Әкімдігінің

2007 жылғы «____» __________ № ______ қаулысына 8 қосымша











«Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы» облыстық

байқауды өткізу туралы

ЕРЕЖЕ


1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері


  1. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

- облыстағы кәсіби білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісін дамыту мен жетілдіру;

- техникалық және кәсіптік оқу орындарында жаңа басқару әдістерін іздеуге, қамтамасыз ету жүйесін дамытуға, мамандар дайындау сапасын көтеруге ынталандыру;


- кәсіби болашағы бар және шығармашылықпен жұмыс істейтін колледждерді анықтау;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде озық іс-тәжірибиені насихаттау және тарату;

- жаңа тиімді педагогикалық технологиялар мен оқыту әдістерін анықтау, облыстық колледждердің педагогикалық идеяларын дамытуға қолдау көрсету.

2. Байқауға қатысушылар

1. Байқауға облыс колледждері ерікті негізде меншіктік түріне қарамастан қатыса алады.

2. Аталмыш байқауға қатысып, жүлделі орын алған оқу орындары бес жыл бойы байқауға қатыса алмайды.

3. Байқауды өткізуді ұйымдастыру

1. Облыстық байқауды өткізу үшін облыстық білім басқармасы жанынан ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті байқау қызметін үйлестіреді.

2. Облыстық байқауды өткізудің тәртібін, үлгісін, орны мен мерзімін облыстық ұйымдастыру комитеті анықтайды. Байқауға қатысушылардың тізімі бекітіледі.

3. Облыстық байқау жыл сайын 1-30 қыркүйек аралығында өткізіледі.



4. Байқауды өткізу кезеңдері

Байқау екі кезеңде өткізіледі:



I кезең: техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің презентациясы, регламент -10 минут

Бағалау (10 балдық жүйемен) көрсеткіштері:

- ұсынылған материалдың мазмұндылығы, жаңашылдығы, жүйелілігі, сабақтастығы

- тәжірибелік құндылығы, нәтижелілігі

- презентацияның өзіндік ерекшелігі (шешендік өнері, эстетикалық безендірілуі)

- уақытты тиімді пайдалануы
II кезең: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында техникалық және кәсіптік білім беру орындарының оқу-тәрбие үрдісінің моделін қорғау (бейне материалмен қоса) регламент - 10 минут

Бағалау (10 балдық жүйемен) көрсеткіштері:

- оқу-тәрбие үрдісі моделінің мақсаты, міндеттері, құрылымы, басым бағыттары

- колледжде Қазақстан Республикасы Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2016-2019 ж. іске асырылуы

- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің ерекшелігі

- әдістемелік қызметтегі жаңашылдық, білім ұйымының дамуына ықпалы

- тәрбие жұмысының бекітілген Тұжырымдамаға сәйкестілігі


5. Байқаудың мазмұны

1. Байқау барысында білім беру ұйымдарының ішіндегі жоғары кәсіби шеберлігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін колледждер анықталады.

2. Байқаудың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы байқауға қатысушының қызметін мынадай бағыттар бойынша бағалайды:

2.1. Нарық талаптарына сай мамандықтарды дайындау (Алматы облысының аймақтық әлеуметтік экономикалық жағдайын жетілдіру мен жұмыспен қамтамасыз етудегі сұранысты қанағаттандырудағы басымдық бағыты, шағын және орта бизнес саласында қажет маман қызметкерлері мен орта буын мамандарын даярлаудағы пайыздық көрсеткіші мен соңғы үш жылдағы мониторингі. Оқу орнының дамуына бағытталған преспективтік (стратегиясы) жоспары).

2.2. Оқу орнының оқу-материалдық, техникалық базасының жетілдірілуі (заман талабына сай жабдықталған жаңа оқу кабинеттері, компьютерлік кластар, шеберханалардың саны мен материалды- техникалық жабдықталуы).

2.3. Президенттік білімдік ақпараттандыру бағдарламасын іске асыру деңгейі, Халықаралық білім кеңістігіне шығу бағдары (ақпраттық білім кеңістігі негізінде халықаралық байланысты нығайтуға байланысты іс шаралардың жоспары мен нәтижесі (келісім шарттар, іс тәжірибелік семинарлар).

2.4. Педагогикалық кадрлар мен қосымша қызметкерлер (жалпы оқытушылардың құрамы мен сапалық көрсеткіші; заман талабына сай жаңа формациядағы оқытушылардың құрамын арттыруда және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған іс шаралар нәтижесінің соңғы үш жылдағы мониторингі;)

2.5. Студенттердің үлгерім сапасы (жалпы білім беру, жалпы техникалық, арнайы пәндер бойынша соңғы үш жылдағы студенттердің үлгерім сапасының, облыстық және республикалық байқаулар нәтижесі негізінде жеткен жетістіктерінің соңғы үш жылдағы мониторингі).

2.6. Колледж бен қоғамның іскерлік байланысы (кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен, “Орта білім беру мектебі – Колледж – Жоғарғы оқу орны” арасындағы байланысты қаматамасыз ету мен жетілдіру мақсатындағы бірлескен жұмыстар: жұмыс берушілердің пікірлері, алғыс хаттары). Түлектердің жұмысқа орналасуы (түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерінің соңғы үш жылғы мониторингі).

2.7. Колледждегі басқару жүйесі: (колледждің оқу-тәрбие үрдісінің моделі: мақсаты, басты міндеттер, жобалау, педагогикалық қызметтің мазмұны, басқару құрылымы, басқару қызметін түзету, нәтижесі, бақылау, уәж, ұйымдастыру);

2.8. Колледждің білім беру және даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс (авторлық оқу, оқу-әдістемелік кешен, компьютер бағдарламалары, элективті курс, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік жинақтар саны, “Жаңа буын оқулықтары” мемлекеттік бағдарлама бойынша іске асырудағы үлесі). Мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде типтік бағдарламалардың әзірленуіне қатысуы.

2.9. Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, аудан, облыс, республикалық эксперименталдық жұмысқа қатысуы (эксперименталды, компьютерлік бағдарламаларды пайдалану, АКТ) бағдарлама мен мониторинг және олардың нәтижелілігінің үлгілері;

2.10. Тәрбие жұмысының өзектілігі (ұйымдастырылған іс шаралардың бекітілген Тұжырымдамаға сәйкестігі, ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс, байқау жеңімпаздарының аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысу саны; озық тәжірибе жетістіктерін оқу үрдісіне енгізу нәтижесі туралы соңғы үш жылдық ақпараты).

2.11. Білім беру ұйымдарындағы адамгершілік-психологиялық климат (психологтың жұмыс жоспары негізінде жүргізілген іс шаралардың мазмұны, есебіне мониторинг; анықталған жағдайларға байланысты жүргізілген іс шаралардың мазмұны мен есебі).



6. Байқаудың қазылар алқасы

1. Қазылар алқасы қоғамдық ұйымдардың, білім, ғылым, әдістемелік мекемелердің, өндірістік кәсіпорынның, шығармашылық одақтар мен орталықтарының өкілдері, өнер қызметкерлері бола алады. Қазылар алқасы әр білім беру ұйымының байқаудағы жұмыстарының мазмұны мен сапасын бағалайды.



7. Ұйымдастыру комитетіне құжаттар ұсынудың тәртібі

1. Байқауға қатысушыларды тіркеу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылады:

- байқауға қатысуға сұраныс қазақ және орыс тілдерінде, электрондық жүйе арқылы Алматы облыстық әдістемелік кабинетіне 2017 жылдың 22 қыркүйегіне дейін ұсынылады.

8. Байқауды қаржыландыру мен жеңімпаздарды марапаттау

1. «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы – 2016» байқауын өткізуді облыстық білім басқармасы қаржыландырады.

2. Қазылар алқасы байқаудың барлық сынақтары нәтижесінде бір бас жүлде (бірінші орын) мен бір екінші, бір үшінші орындар және 3 номинацияларды анықтайды: «Инновация шеберханасы», «Жетістік жолында», «Жаңашыл колледж».

3. Бірінші орын жүлдесінің құрылтайшысы – облыс Әкімі, екінші және үшінші орындарының құрылтайшысы – Білім басқармасы болып табылады.

Облыстық байқаудың жеңімпазына «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы – 2017» атағы беріледі. Ол облыс Әкімінің Дипломымен және мемлекеттік тілде жібекпен кестеленген «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы – 2017» деген атлас лентасымен марапатталады.

Осы оқу ұйымдарының жұмыс тәжірибесін Алматы облыстық әдістемелік кабинеті жинақтап, талдап, тәжірибеге енгізуді ұсынады.

4. Байқау құрылтайшылары, демеушілері және басқа ұйымдар байқау жеңімпаздары мен лауреаттарға жеке өзіндік сыйлықтарын табыс ете алады.





Приложение 8

к постановлению Акимата области

№_____________

от «___» ________ 2007г.











ПОЛОЖЕНИЕ
областного конкурса «Лучшее учебное заведение технического и профессионального образования»

1. Цели и задачи конкурса

1. Основной целью и задачами конкурса являются:

1. Совершенствование и развитие технического и профессионального образования в области.

2. Стимулирование учебные заведения технического и профессионального образования к поиску современных методов управления, развития систем обеспечения, качества подготовки специалистов.

3. Выявление наиболее профессионально перспективных и творчески работающих колледжей.

4. Пропаганда и распространение передового опыта в системе технического и профессионального образования.

5. Выявление новых эффективных педагогических технологий и методик обучения, поддержка и поощрение педагогических идей развития казахстанских колледжей области.

2. Участники конкурса

1. В конкурсе на добровольной основе принимают участие колледжи области, независимо от форм собственности.

2. Колледжи, ранее принявшие участие и занявшие призовые места, не могут принять участие в течение пяти лет.

3. Организация проведения конкурса

1. Для проведения областного конкурса при управлении образования создается организационный комитет, который координирует деятельность конкурса.

2. Областной оргкомитет определяет порядок, формы, место и дату проведения областного конкурса. Утверждается список участников конкурса.

3. Областной конкурс проводится ежегодно с 1 по 20 сентября.



4. Порядок проведения конкурса

Конкурс проводится в два этапа:



I турПрезентация учебного заведения

Регламент выступления -10 минут



Критерий оценки (по 10 баллов) презентации:

- содержательность, новизна, системность, последовательность конкурсного материала

- практическая ценность,результативность

- оригинальность презентации (мастерство публичного выступления, эстетичность оформления

- соблюдение регламента выступления

II турЗащита модели учебно-воспитательного процесса учебного заведения технического и профессионального образования в свете реализаций Послания Президента народу Казахстана и Государственной программы развития образования на 2016-2019 годы.

Регламент выступления -10 минут


Критерий оценки (по 10 баллов) модели учебно-воспитательного процесса:

- цели, задачи, структура, приоритетные направления учебно-воспитательного процесса

- реализация государственной программы развития образования 2016-2019г. в колледже

- особенности организации учебно-воспитательного процесса и научно-

методической обеспеченности

- инновации в методической деятельности, влияние на развитие организации образования

- воспитательная работа колледжа с учетом требований Концепции воспитания
5. Содержание конкурса

1. В ходе конкурса выявляются творчески работающие колледжи, имеющие высокий профессиональный рейтинг среди образовательных учреждений и общественности.

2. На всех турах конкурса жюри оценивает деятельность претендента по следующим критериям:

2.1. Наличие специальностей, отвечающих требованиям рынка (приоритетная ориентация на подготовку кадров в условиях региона, подготовка квалифицированных рабочих и специалистов среднего звена, которые востребованы в сфере малого и среднего бизнеса в Алматинской области). Мониторинг за последние три года. Перспективный (стратегический) план развития колледжа).

2.2. Модернизация учебно-материальной, технической базы учебного заведения (современные новые учебные кабинеты, компьютерные классы, количество оборудованных мастерских, ТСО, ЭВМ).

2.3. Уровень реализации Президентской программы информатизации образования, ориентир на выход в Международное образовательное пространство (планы и договоры, практические семинары), работы, направленные на развитие и укрепление международного образовательного пространства.

2.4. Педагогические кадры и вспомогательный персонал (качественно-количественный состав, меры по подготовке и переподготовке кадров преподавателей и мастеров производственного обучения по совершенствованию учебно-воспитательного процесса), мониториг работы учебного заведения по совершенствованию профессионального уровня преподавателя и мастера производственного обучения по формированию педагога новой формации последние три года.

2.5. Мониторинг работы с учащимися за последние три года. Качество успеваемости учащихся (мониторинг фактического уровня знаний по общеобразовательным, общетехническим и специальным предметам, умений и практических навыков учащихся по производственному обучению, мониторинг участия в районных, областных, республиканских конкурсах, последние 3 года).

2.6. Трудоустройство выпускников (мониторинг трудоустройства выпускников, последние 3 года).

2.7. Деловые связи колледжа и социума (связь с предприятиями, работодателями, преемственность между уровнями образования, сочетание «Образовательная школа – Колледж – ВУЗ»). Отзывы, награждения социальных партнеров в совместной работе.

2.8. Система управления колледжем: (модель колледжа:  цель, главные задачи, проектирование, принципы содержания педагогической деятельности, структура управления, организация, мотивация, контроль, результат, корректировка управленческой деятельности).

2.9. Работа по реализации программы развития колледжа, образовательной программы колледжа (авторские учебные программы, программы элективных курсов, методических пособий, учебно-методических комплексов, компьютерных программ выпуск учебно-методических пособий). Участие в разработке типовых образовательных учебных программ по специальностям технического и профессионального образования.

2.10. Внедрение образовательных технологий, участие в экспериментальной работе района, области, республики;   (использование экспериментальных, компьютерных программ, ИКТ, новых образовательных программ) образцы программ и мониторинг их результативности;

2.11. Воспитательная работа (реализация Концепции воспитания непрерывного образования, информация об участии в различных городских, областных, республиканских, международных конкурсах, выявление лучшего опыта работы последние три года).

2.12. Нравственно-психологический климат в учебном заведении (план и мониторинг работы психологической службы, содержание и отчет работы по выявленным ситуациям).

6. Жюри конкурса

1. Членами жюри могут быть представители общественности, работники образовательных, научных, методических учреждений, производственных предприятий, творческих союзов и центров, деятелей искусства, культуры и науки. Жюри конкурса оценивает качество представленных материалов каждого учебного заведения.



7. Порядок представления документов в оргкомитет

1. Для регистрации участников конкурса в оргкомитет представляются следующие документы:

- заявка на участие в конкурсе представляются в областной методический кабинет по эл. адресу tal.metodtipo@mail.ru до 22 сентября 2017года.

8. Финансирование и награждение победителей конкурса
1. Проведение областного конкурса «Лучшее учебное заведение технического и профессионального образования – 2017» финансируется областным управлением образования.

2. В результате всех конкурсных испытаний жюри определяет одно первое, одно второе, одно третье место и 3 номинации: «Инновация шеберханасы», «Жетістік жолында», «Жаңашыл колледж».

3. Учредителями призов за первое место является Аким области, за второе и третье места – управление образования.

Победителю областного конкурса присваивается звание «Лучшее учебное заведение технического и профессионального образования – 2017». Оно награждается Дипломом Акима области с вручением атласной ленты с шелковой вышивкой на государственном языке «Лучшее учебное заведение технического и профессионального образования – 2017».



Опыт работы данных организаций образования будет обобщен и рекомендован для внедрения на практике методическим кабинетом Алматинской области.

4. Учредители конкурса, спонсоры и другие организации могут устанавливать свои индивидуальные призы, подарки лауреатам и победителю.


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет