Образдың объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық аспектілері қарастырылады



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата20.12.2023
өлшемі476,25 Kb.
#198186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ФОН, Сайлау шаралары, Матсауаттылық тақырыптар тізімі
Образ (көркем образ)
– белгілі бір құбылыс, 
шындық жайындағы жазушы ойлауы мен 
танымының нәтижесін көрсететін эстетикалық 
категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған 
кез келген құбылысты әдеби образ деп атайды. 
Көркем шығармада суреттелген алуан түрлі өмір 
құбылыстары, сезіммен астасып бейнеленген 
сөз бен ұғым-түсініктер, көбінесе кейіпкерлер 
мен әдеби қаһармандар образ ұғымында 
қабылданады. 
Әдебиет туралы ғылымның аса маңызды эсте-
тикалық ктегориясы – образ және образдылық. 
Өйткені көркем образдың табиғаты көп қырлы, 
мағыналық аясы кең. Образ тек шындықты бей
-
нелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Образдың 
мақсаты – көркем тілмен кез келген жансыз 
құбылысқа, затқа, дерексіз ұғымдарға да жан 
бітіру, сөйлету, сурет салу.
Әдебиет теориясында образ деген ұғымның 
екі түрлі мағынасы бар:
1) көркем бейне, кейіпкер, тип, яғни адам об
-
разы. Оған заттық сипат тән.
2) суретті сөз, сөзбен салынған сурет, яғни 
образдылық. Оған бейзаттық тән. 
Образдылық
– суретті, бейнелі сөз. Осы екеуінің де туын
-
дауына өмірлік құбылыстар мен объективтік 
шындықтар ықпал ететіні, бастау алар негіз бо
-
лып табылатындығы анық.
Көркем образ – көп қырлы және күрделі 
әдеби-философиялық категорияның бірі. Об
-
раз көркем шығарманың сюжеттік-фабулалық 
құрылымын құрайды. Әдебиетте оқиғалар, ситуа-
циялар, характерлер – бәрі де адам бейнесімен 
танылады. Ол жануар не құс болсын, я қиялдан 
туындаған тіршілік иесі болсын – бәрібір ада
-
ми мәнге толы гуманизацияланған образ болуы 
мүмкін. Мұның бәрі де адамның қоршаған орта
-
мен қарым-қатынасын анықтайды. Көркем об
-
раз белгілі бір дәуірдегі көптеген адамдарға тән 
моральдық белгілерді жинақтап қамтиды. Образ 
әлемінен жазушының шындық пен адам туралы 
көзқарасы анықталады. 
Образ ой мен көңіл-күйдің таңбалануы 
болғандықтан, ол заттық және сезімдік нұсқаға 
ие. Көркем образдың таңбалану, жасалу амал-
тәсілдері алуан түрлі. Көркем образды класси
-
фикациялау (жіктеу) үшін тектік, тақырыптық, 
жинақтық, архаикалық, семантикалық, құрылым-
дық, стильдік сияқты бірнеше негіздерге жүгіну 
керек. Өйткені әр образ – өз заңдылықтары мен 
даралық сипаты бар өзіндік жүйе. Мысалы, әдеби 
тек бойынша 
эпикалық, лирикалық, драмалық 
деп жіктелсе, ал стильдік, тәсілдік тұрғыдан 
реа-
листік, романтикалық, сюрреалистік, траге-
диялық, комедиялық, юморлық, сатиралық, фан-
тастикалық, геройлық 
т.б. түрлерге жіктеледі. 
Шағын зерттеуімізде көркем образдың барлық 
түріне кең талдау жасау мүмкіндігі шектеулі 
болғандықтан, бірқатарына сипаттама жасап 
кетелік.
Әдебиет тектерінің спецификалық ерекше-
ліктеріне қарай көркем образдар да өзара 
ерекшеленеді. Эпикалық образ кең құлашты 
баяндаулар мен суреттеулер арқылы бейне
-
ленсе, лирикалық образ түрліше көңіл-күйлер 
мен шабытты толғаныстар арқылы жасалады, 
ал драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен 
қым-қиғаш қимыл-әрекеттер барысында сом
-
далады. Эпикалық образ бен драмалық образ
-
да нақтылық сипат басым болса, лирикалық 
образға шарттылық тән. Ал романтикалық об
-
раз дара характерімен танылатын күрделі образ.
Эпикалық образ
деп оқиғаға құрылған 
шығармаларда іс-әрекет, мінез-құлық, кескін-
келбет, ойлау-сөйлеу әдеттері арқылы тұтастай 
көрініс алған, жан-жақты ашылған толыққанды 
сомдалған кейіпкерді айтамыз. Эпикалық об
-
раз – жинақталған әрі дараланған тип. Оның 
болмысын жазушы жинақтау мен даралаудың 
тәсілдері арқылы аша түседі. Атап айтсақ, пор
-
трет, характер, психологизм, мінездеу, диалог, 
монологтардың эпикалық образ табиғатын та
-
нытуда қызметі зор. Көптеген шығармаларда 
баяндаушы қызметін де атқарады. З. Қабдолов 
«Сөз өнерінде» мынадай сипаттама береді: 


119
С.Ә. Қалқабаева
«Эпикалық образ – бедерлі бейне; әрі нақты, 
әрі затты тұлға; кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен 
көруге, сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға
қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жо
-
лын бар бұралаңымен байқауға, өскен орта
-
сын барлық ой-қырымен байыптауға болатын 
күрделі, кесек қаһарман» (Қабдолов, 1992: 119). 
Әдебиетте эпикалық образға мысалдарды көптеп 
келтіруге болады. Өз заманының эпикалық 
бейнесiн жасау арқылы дәуiр сырын аша бiлген 
қаламгерлер әдебиетiмiзде баршылық. Әсiресе 
белгiлi кезеңнiң өзектi тақырыбын қамтып, 
замандастың адамгершiлiк әлемiн көрсетуде 
романист жазушылардың атқарған ролi зор. 
Қазақ романының алғашқы қарлығаштары 
М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалындағы» Жа
-
мал, С. Көбеевтiң «Қалың малындағы» Ғайша, 
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарындағы 
Қамар мен Ахметтерден төңкерiс алдындағы 
ескi салт-дәстүрге қарсы тұрып, бақыт пен 
шынайы махаббат үшiн күрескен жастардың 
бейнесiн көреміз. Бұл көркемдік дәстүрдiң 
Кеңес өкiметi жылдарында да қызу жалғасын 
тапқандығына Қазан дүрбелеңi тұсындағы кедей 
өмiрiн, әлеуметтiк арпалыстарды суреттейтiн 
Ж. Аймауытовтың «Қартқожасындағы» Қарт қо-
жа, 
«
Ақбілек» романындағы Ақбілек, С. Мұ қа-
новтың «Ботакөзіндегі» Ботакөз бен Асқар, 
30-жылдардағы заман өзгерiсi мен жаңа типтi 
адамның рухани жаңаруын сөз ететiн I. Жансү -
гiровтiң «Жолдастарындағы» Сатан, Б. Майлин-
нiң «Азамат Азаматычындағы» Азамат образда
-
ры бұған дәлел.
Әдебиетiмiзде болмыс-бітіміне сай адами 
қасиеті толыққанды ашылған эпикалық об
-
раздар баршылық. Мысалы, С. Ерубаевтың 
«Менiң құрдастарымдағы» жан әлемi бай Рах
-
мет, М. Әуезовтің «Өскен өркеніндегi» асыл да 
асқақ махаббатты көксеген Iлияс пен Айсұлу, 
І. Есенберлиннің «Ғашықтарындағы» ақкөңiл де 
қиялшыл Жантас, З. Шашкиннің «Сенiміндегi» 
бiлiмдi де өжет Нұрлан, Ш. Мұртазаевтың 
«Қара маржанындағы» арманшыл Нариман, 
Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол 
жылдарындағы» махаббат пен достыққа берiк 
Ербол мен Меңтайлар – жастар бойындағы асыл 
қасиеттердi жинақтаған образдар.
Эпикалық образдың мүмкіндігі көп екенін 
тарихи шайқастарды, халықтың және жеке 
кейіпкерлердің ерліктерін бейнелеуінен де көре 
аламыз. Эпостық жырлардан бастап, кең көлемді 
эпопея мен тарихи романдарда, орта және 
шағын көлемді оқиғалы шығармаларда сурет
-
телген кейіпкерлердің қай-қайсысы да эпикалық 
образдың табиғатын таныта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет