ОӘК 042-14-1-03. 01. 20. 24/3-2008 Басылым №1


Тақырыбы: Тұтыну таурларын маркілеу және штрих кодтары Жұмыстың мақсаты



бет12/12
Дата12.03.2018
өлшемі2,25 Mb.
#39309
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тақырыбы: Тұтыну таурларын маркілеу және штрих кодтары

Жұмыстың мақсаты: Тұтыну таурларын маркілеу және штрих кодтары

Методикалық көрсеткіштер:Кәсіпорындар, коммерциялық құрылымдар, тұтынушылар да тауар туралы сапалы, уақытылы және толық мәлімет алғысы келеді. Тауарлық информация қүралдары маркілеу, техникалық қүжаттар, анықтамалы, оқу және ғылыми әдебиеттер, жарнама және насихаттау жатады.

Маркілеу- тауарға және (немесе) қаптамаға белгіленген текст, шартты белгі немесе сурет. Белгілеу орнына байланысты маркілеу өндірістік және саудалық болып ажыратылады. Өндірістік маркілеуге затбелгілер, қыстырмалар, кольереткалар, жапсырмалар, биркалар, бақылау таспалары және т.б. жатады. Саудалық маркілеуте бағасы, тауарлық және кассалық чектар жатады.

Жеке тауарлар түрлерін маркілеу тәртібі мен ережесі нормативті құжаттарда көрсетіледі. Жалпы барлық тауарларды маркілеуде төмендегі мәліметтер міндетті түрде болу керек:



  • шығарушы және кәсіпорын туралы мәлімет;

  • тауар сәйкес келетін стандарт;

  • сертификация туралы информация;

  • өндіруші кепілдігі;

  • тауарды сақтау мерзімі;

оның негізгі түтынушылық қасиеті; қүрамы, массасы, көлемі, калориялығы, қолданудағы ескертулер. Тауарды маркілеу кезінде өнімге және бүйымға арнайы белгі белгілейді. Ондай белгілерге тауарлық белгі және ілестірмелі белгілер жатады.

Тауарлық белгі - ресми түрде рәсімделген графикалық бейне, ерекше аталу, цифрлардығ, әріптердің немесе сөздердің ерекше үйлесуі, ол кәсіпорынмен тауарға белгіленеді және заңмен қорғалады.

Тауарлық белгі бәсекелестік күресте маңызды орын алады, себебі көптеген түтынушылар тауарлық (фирмалық) белгіге көңіл аударып, белгілі бір кәсіпорынның тауарларын түтынады. Бүл белгілерді таңбалаудың негізгі үш типі бар:



вфирмалық аталу - сөз, әріп, немесе сөз немесе әріп тобы; фирмалық белгі - символ, сурет, ерекше түс немесе белгілеу; •тауарлық белгі - фирмалық ат, фирмалық белгі, тауарлық бейне немесе олардың үйлесуі, олар ресми түрде Халықаралық реестрде тіркелу керек және заңмен қорғалады, оны тауарлық белгінің қасында түрға R әрпі көрсетеді. Егер тауарлық белгі фирма менпщгң болып саналса, онда С белгісі болу керек.

1.9. Тауарларды штрих кодтау



Штрих код (ШК) - тауар туралы информацияны есепке алу және автоматтандырылған идендификация үшін арналған сандар мен штрихтар түрінде кодталған белгі.

Штрих кодты енгізу қажеттілігі өндіріс және сауда саласына ЕЭМ-нің кең енуі мен информациялық технологияның дамуымен байланысты туындады. Нәтижесінде тауарлардың түсуін, оларды тиеу және сатуды есепке алуды автоматтандыру есебінен тауар қозғалысын тездетуге және оның әртүрлі

кезеңдерінде құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге мүмкіндік туды. Қүжатгарды

қолмен толтыру, қоймада қажетті тауарды табу көп уақыт пен еңбекті кажет

етеді және ол операцияларды орындағанда қателіктер пайда болады.

Штрих кодтар екі түрге бөлінеді: европалық -EAN және америкалық -

UPC. UPC кодының EAN кодынан сыртқы айырмашылығы UPC кодында

алдыңғы және соңғы цифрлары қалғандарына қарағанда кішірек, сонымен

қатар соңғысы шетте "зебрадан" тыс орналасқан. Штрих кодтардың қүрылымы

1.2-кестеде келтірілген.





Алғашқы екі цифр өндірушіні, оның тауарын тіркеген және оларға реттік нөмірін бекіткен ұйым орналасқан мемлекет кодын білдіреді.

Штрих кодтағы мемлекет коды тауарды шығаратын мемлекет кодымен сәйкес келмеуі мүмкін, себебі өндіруші немесе сатушы отандық мәліметтер банкісінде емес, шет елде де тіркелуіне хұқығы бар.

Әрбір мемлекетте EAN ассоциациясы орталықтандырып код диапазонын береді. Кодтар әдетте екі орынды (Франция - 30-37, АКШ пен Канада -00-09, Жапония ~ 45-49), бірақ кейде өндіруші кодының бір белгіге қысқаруына байланысты үш орынды (ТМД - 460-469) болады.

Өндірушіге кодты (келесі 3-5 цифр) ЮНИКСАН ассоциациясы тағайындайды, ол EAN Халықаралық ассоциациясында өз мүшелерін

қолдайды.

EAN-8 және EAN-13 кодтарының келесі цифрлары тауар туралы мәлімет береді, оны өндіруші ұйым немесе сатушының өзі езінің кәсіпорны шегінде тіркеу нөмірі ретінде белгілейді

Осы цифрлар көмегімен идентификация үшін қажет тауар туралы мәліметтер кодталады: аталуы, сорты, массасы және т.б. мәліметтер. Тауарға енгізілетін және идентификацияға әсер ететін кез-келген өзгерістер штрих кодты қайта кодтауды талап етеді. Тек бағаның өзгеруі штрих кодтың өзгеруіне

ықпал етпейді.

EAN-14 кодындағы 9~дан 13-ке дейінгі цифрлар тауар қаптамасы жайлы мәлімет береді.

Соңғы код (8,1З немесе 14) - бақылау саны, штрих кодты сканер көмегімен EAN алгоритмінде оқуға арналған.



EAN-8 кішігірім өлшемді қаптама және (немесе) тауарды маркілеу үшін қолданады; EAN-13 кез-келген қаптама және (немесе) тауарға белгіленеді. EAN-14 тек тасымалдаушы қаптамаға ғана қолданылады.

EAN-13 кодының қүрылымы 1.1-суретте көрсетілген. Штрих код ені әр түрлі қою түсті (штрих) және ашық (пробел) сызықшалардың алмасып орналасқан. Енінің бірлігі ретінде модуль алынады. Модул - ең жіңішке штрих немесе пробел (ені -0,33 мм). Әрбір цифр екі штрих пен екі пробелге топтастырылған жеті модульмен кодталады. Мысалы, 4 саны 1011100 түрінде келтірілген (жеті модуль, бірақ екі штрих және екі пробел). Штрихтардың және пробелдардың ені 1-ден 3 модульге дейін.

Штрих кодтау коммерциялық тауарлық информацияға жатады және ең алдымен тауарға төлеу және есептеуді компьютерлендіру үшін арналған, себебі кодты ашу түтынушыға белгісіз.

Тауардың түпнүсқалығын штрих кодтың бақылау цифрларын есептеуден кейін анықтауға болады. Есептеу төмендегідей жүргізіледі:

Штрих кодтың жұп орындарында түрған цифрларды қосу (7290000494616): 2+0+0+4+4+1=11

Шыққан санды 3-ке көбейту: 11x3=33

Штрих кодта тақ орындарында тұрған цифрларды бақылау цифрынан басқа қосып шығу: 7+9+0+0+9+6=31

2 және 3 пункте есептелген сандарды қосу: 33+31=64

Шыққан саннан ондақтарды алып тастау: 4-ке тең болды.

10-нан 5 пункте шыққан санды алып тастау: 10-4=6.

Егер есептеуден кейін шыққан сан (6 пунктегі) штрих кодтағы бақылау цифрымен сәйкес келмесе, тауар заңсыз шығарылғанын көрсетеді және оның сапасы кепілді емес.
3. Студенттің өздік жұмысы

Пєнді оқу кезінде студенттердің өздік жұмысына, олардың сапасына жоғары талаптар қойылып, олардың мерзімінде орындалуына көп көңіл бөлінеді.

Оқу-әдістемелік кешенін құрастырған кезде реферат, курстық жоба, бақылау тапсырмаларының тақырыбы көрсетіледі.

СӨЖ жұмыстарын орындауда реферат тақырыптары алдын ала беріліп, оның көлемі 5 беттен көп болмауы керек (тест машинамен басылған).

ОСӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ солып екіге бөлінеді.

Аудиториялық ОСӨЖ диолог түрінде, ал СӨЖ кеңес ретінде жүргізіледі.

Әрбір ОСӨЖ сабақтарына қажетті материалдар дайындалып, есептерді бірге шығарады, орындауда көмектеседі.

ОСӨЖ тақырыптары 11-ші кесетде көрсетілген.


ОСӨЖ және СӨЖ жоспары

Кесте 11





СОӨЖ

СӨЖ (рефераттар тақырыбның атауы, 5 беттен артық емес)

аудиториялық (диалог)

аудиториялықсыз (консультация)

1

2

3

4

1

Ет консервілері

Ет консервілері

Ет консервілері

2

Пісірілген шұжық өнімдерінің сақтану мерзімін ұзарту

Пісірілген шұжық өнімдерінің сақтану мерзімін ұзарту

Пісірілген шұжық өнімдерінің сақтану мерзімін ұзарту

3

Етті жартылай фабрикаттардың сақтаау мерзімін ұзартуға арналған препараттар

Етті жартылай фабрикаттардың сақтаау мерзімін ұзартуға арналған препараттар

Етті жартылай фабрикаттардың сақтаау мерзімін ұзартуға арналған препараттар

4

Сүт және сүт өнімдерін сақтау

Сүт және сүт өнімдерін сақтау

Сүт және сүт өнімдерін сақтау

5

Қазіргі заманғы ет өнімдерін сақтау әдістері

Қазіргі заманғы ет өнімдерін сақтау әдістері

Қазіргі заманғы ет өнімдерін сақтау әдістері

6

Кондитерлік өнімдерге арналған жаңғақтар мен арахистерді сақтау

Кондитерлік өнімдерге арналған жаңғақтар мен арахистерді сақтау

Кондитерлік өнімдерге арналған жаңғақтар мен арахистерді сақтау

7

Жаңа технологиямен тезмуздатылатын өнімдердің өндірісі

Жаңа технологиямен тезмуздатылатын өнімдердің өндірісі

Жаңа технологиямен тезмуздатылатын өнімдердің өндірісі

8

Балықты сақтау

Балықты сақтау

Балықты сақтау

9

Биологиялық нысандарды сақтаудың қазіргі тәсілдері

Биологиялық нысандарды сақтаудың қазіргі тәсілдері

Биологиялық нысандарды сақтаудың қазіргі тәсілдері

10

Тамақ өнімдерін упаковкалаудың сақтауға әсері

Тамақ өнімдерін упаковкалаудың сақтауға әсері

Тамақ өнімдерін упаковкалаудың сақтауға әсері


Бақылау сұрақтары

1. Ет және балық өндірісінде қандай микробиологиялық процестер қолданылады?

2. Өнімді сақтаудағы негізгі талаптарды атаңыз?

3. Қандай шарттарда физикалық, химилық процестер пайда болады?

4. Тамақ өнімдерінің қорапталуы олардың сапасына қалай әсер етеді?

5. Консервілеудің әртүрлі әдістері неге негізделген?

6. Етті салқындатудың қандай әдістері бар?

7. Суытылған еттің мұздатылған еттен негізгі босымдылықтары

8. Суыту процесі кезіндегі жылу шығуды анықтаудың негізгі формуласы

9. Етті суытудың қандай стадиялары бар?

10. Құс етін қандай суыту әдісімен суытады?

11. Етті сақтаудың ұзақтығы неге байланысты

12. Суытылған өнімдерді сақтау техникасын түсіндір

13. Етті мұздату шорты

14. Мұздату және сақтау кезіндегі өзгерістер

15. Етті аса мұздату процесі жайлы айтыныз

16. Еттің кебуі деген не?

17. Етті аса мұздату процесінде қандай физикалық және химиялық өзгерістер болады?

18. Етті сақтаудығы режимі мен техникасы жайлы айтыныз

19. Негізгі буып-түйетін материалдардың ортақшылығы

20. Тұздау процесінде хлорлы Na-дың колдануы

21. Тұздау әдістерін айтыныз

22. Тұздау процесінде жабдықтарды қолдану

23. Етті сақтау кезіндегі кебу процесінің маңызы

24. Конвективті кебу жойында

25. Кебу процесі қандай факторларға байланысты?

26. Өнімді сақтаудың режимі

27. Ыстау процесі

28. Ыстау затттардың ролін және олардың микрофлораға әсерін түсіндіріңіз

29. Ыстау заттарының антиқышкылдық қасиетінің маңызы неде?

30. Ет өнімдерінде ыстау кезінде қандай өзгерістер болады?

31. Шұжықтық бұйымдарды ыстау даналы тұзды бұйымдарды ыстаудан немен ерекшелінеді?

32. Тірі балықты сақтаудағы биологиялық негіздерді айтыныз

33. «Сықпалау» деген не?

34. Тірі балықты қандай жағдайдарды сақтайды

35. Суытылған орта деген не?

36. Тоңазытып өңдеудің негізгі әдістері

37. Балықты салқындату әдістерін айтаныздар

38. Сақтау кезінде салқындатылған балықта қандай өзгерістер жүреді?

39. Мұздату жағдайында мұздатылған балықта қандай өзгерістер жүреді?

40. Мұздату уақытында балық тіндерінде қандай өзгерістер болады?

41.Мұздату үрдісіне-режімінің жылдамдықтың және ұзақтықтың әсері

42. Мұздату әдістерін айтаңыздар

43. Балықты тұздау үрдісі тұралы не білесіздер?

44. Тұздау режимдері мен әдістерін атаңыздар

45. Балықты «дәмдіуш қосып» тұздау мен «маринадтау» дегенді қалай түсінесіздер?

46. Тұздалған, татымдылық, маринадталған балықтарды сақтау шарттары

47. Балықты кептіру әдістерін айтаңыздар

48. Кептірудің суық және ыстық түрлерінің айырмашылығы

49. Кептірудің сублимациялық әдістерін түсіндіріңіздер

50. Азық-түлікті сақтау режимдерін айтаңыздар

51. Қақтағыш түтін қасиеттерін айтаңыздар

52. Қақтау уақытында балықта жүретін өзгерістер түсіндіріңіздер

53. Балықты кептіру әдістерін айтаңыздар

54. Азық-түлікті сақтау режимдері

55. Балықты қақтаудың табиғи әдісін түсіндіріңіздер

56. Балықты қақтаудың жасанды әдісін түсіндіріңіздер

57. Азық – түліктің режимдерің айтаңыздар

58. Ет және балық өнімдерінің сақтау мерзімдерінің ұзарту әдістерін айтаңыздар

59. Сою алдандағы инъекция принциптерін түсіндіріңіздер

60. Тұздық ортаны не үшін қолданады

61. Вакуумдық буып-түю және ыстық су бүрку туралы айтаңыздар



62. Азотты-оттегі атмосферасының криогендік негізін түсіндіріңіздер
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет