ОӘК 042-14 1 20. 39/03-2013 № басылым



бет11/13
Дата14.05.2017
өлшемі2,34 Mb.
#16246
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Дәріс 21,22. Жылуэнергетикалық зерттеу

Дәріс жоспары.

1. Жылуэнергетикалық зерттеу. Зерттеудің мақсаты.

2. Энергетикалық зерттеу жүйесі.

3. Энергия, су және отын шығындарының меншікті сипаттары.

4. Энергия үнемі.


Жылуэнергетикалық зерттеу – энергия ресурстарын үнемдеудің құралы болып табылады және ресурстарды пайдалану сапасын анықтаумен қатар, негізгі жылу жоғалу орындарын тауып, оларды жоюдың шараларын жоспарлап, орындалу уақытын және экономикалық тиімділігін анықтап береді. Энергия ресурстарын үнемдеу мәселесіне кәсіби деңгейде қарау нәтижесінде ғимаратты пайдалануда жұмсалатын шығындарды 2-3 есеге дейін азайтуға болады.

Жылуэнергетикалық зерттеудің мақсаты – нақты нысанда энергияның жұмсалу тиімділігін анықтау және энергия шығындарын азайтуға бағытталған шараларды белгілеу.

Құрылыс нысандары мен ғимараттарына энергиялық аудит жүргізу кезінде жылу, электр энергиялары, отын, газ және су ресурстарын пайдалану зерттеледі. Жылыту, желдету, сумен қамту, жарықтандыру жүйелеріндегі энергия шығындары жоба құжаттармен нормаларға сәйкестігін зерттейді.

Арналуы әртүрлі ғимараттарда өнімнің өзіндік құны мен үстеме шығындрындағы энергетикалық құраушының өсімі ғимаратты қайта жаңғыртуда энергетикалық және материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру қажеттігін көрсетеді.

Энергетикалық зерттеу жүйесіне келесі шаралар жиынтығы кіреді:

- құрылыс, инженерлік және қаражаттық-экономикалық құжаттарды талдау;

- ғимараттың, коммуникациялар мен қондырғылардың негізгі энергетикалық сипаттарын өлшей отырып, зерттеулер жүргізу;

- энергия үнемдеу технологиялары мен шараларын енгізудің бағдарламасын жасау;

- энергия үнемдеу бағдарламасының орындалуын бақылау;

- ғимаратты күту қызметіндегі жұмысшыларды оқыту және тестілеу.

Жылуэнергетикалық зерттеу екі бөліктен тұрады:

- ғимараттағы энергия ағындарын зерттеу;

- энергияны тиімді пайдалану ұсыныстарын жасау.

Энергиялық аудит үш деңгейде орындалуы мүмкін:

- жобаны талдау барысында;

- кейбір параметрлерді өлшей отырып, жоба құжаттарын толықтыру барысында;

- аспаппен зерттеу барысында.

Энергия, су және отын шығындарының меншікті сипаттары 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

Меншікті сипаттар

Өлшем бірліктері

Жылу

Гкал/м2жыл; Гкал/м3жыл; кВтсағ/м2жыл; кВтсағ/м3жыл; Гкал/градтәул; кВтсағ/градус-тәул

Электр энергиясы

кВтсағ/м2жыл; кВтсағ/м3жыл

Газ

нм32жыл; нм33жыл

Сұйық

л/м2жыл; л/м3жыл; кг/м2жыл; кг/м3жыл

Тұрмыстық су

л/адам.жыл; л/м2жыл; л/м3жыл

Сырттай бақылау және жұмыс қабілетін тексеру арқылы инженерлік жүйелер алдын-ала бағаланады және инженерлік жүйелердің мынадай ақаулары анықталады:

- ғимарат қоршауларының қыс кезінде ылғалдануы немесе қатуы;

- есік-терезелердің ауа өткізгіштігі, өтпе-желдердің болуы;

- жылу, электр, су көздерінің, отынның қай түрі пайдаланылады;

- жылыту, сумен және электрмен қамтуда үзілістердің болуы;

- инженерік жүйелерді басқару жүйесі және олардың техникалық күйі;

- жылу жетіспеушілігі немесе артық жылу байқалатын бөлмелердің болуы, ыстық немесе суық беттердің орын алуы;

- су құбырында қысымның жеткілікті болуы;

- инженерлік жүйелердің шұғыл жөндеу жұмыстарды қажет етуі.

Мынадай жоба құжаттары талданады (энергияны тиімді тұтыну тұрғысынан):

- ғимарат сызбалары – жоспарлар мен қималар;

- қоршау конструкцияларының жылутехникалық сипаттары;

- жылыту, желдету, сумен, электрмен қамту және автоматика схемалары;

- қазандық схемасы;

- негізгі орнатылған инженерлік қондырғы.

Жоба құжаттарын қарағанда олардың нақты зерттеу өткізілетін жүйеге сәйкестігі тексеріліп, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.

Жылу теңгеруі мен ғимаратта энергия тұтынудың таралуы – жылыту, желдету, ыстық сумен қамту және т.б. жүйелерден түсетін жылу мен жоғалатын жылу мөлшерлерінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Жылу теңгеруі келесі тәуелділікпен анықталады:


Q = Qмн + Qвент + Qинф + QгвQвн,
мұндағы Q - барлық сыртқы көздерден алынатын жылу мөлшері;

Qмн – ғимараттың қоршау конструкциялары арқылы жоғалатын жылу, кВт;

Qинф – инфильтрациямен жоғалатын жылу;

Qвент – желдету жүйесінің жылу жүктемесі;

Qгв – ыстық сумен қамту жүйесінің жылу жүктемесі;

Qвн – ішкі жылу бөлінулер.

Жылу теңгеруінің дәлдігі көптеген факторлерге (өлшеу аспаптарының дәлдігі, өлшеулердің ұзақтығы мен көлеміне және т.б.) байланысты болады.

Теңгеру жасағанда жүйелер мен технологиялық қондырғылардың жұмыс тәртібіне, микроклимат көрсеткіштерінің есепті жағдайларға сәйкестігіне, жылу тасымалдағыш параметрлеріне, ғимараттың инециялық күйіне, сыртқы ауа температурасының динамикасына көңіл бөлген жөн.

Алынатын энергия үнемі нақты шығындар мен нормативтік көрсеткіштерді (олар бар болған жағдайда) немесе әлемдік тәжиірбеде бар көрсеткіштерді салыстыру негізінде бекітіледі.

Алынатын энергия үнемін анықтағанда– тек микроклиматтың қажетті параметрлерін қамтамасыз еткен және ауа тазалығы мен экологиялық талаптар орындалған жағдайда ғана энергия шығынын азайту мүмкін екендігін ескеру керек.

Алынатын энергия үнемі - энергия үнемдеу шараларын енгізе отырып, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, микроклимат көрсеткіштерін және ауа тазалығын қамтамасыз етумен (кВт*сағ; кДж; СО2 эмиссиясы тоннасы) бағаланады.


Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Жылуэнергетикалық зерттеулер қалай жүргізіледі? 2. Жылуэнергетикалық зерттеудің мақсаты қандай? 3. Энергетикалық зерттеу жүйесінің шаралар жиынтығына нелер кіреді? 4. Жылуэнергетикалық зерттеулер неше бөліктен тұрады? 5. Инженерлік жүйелердің қандай ақаулары анықталады? 6. Энергияны тиімді тұтыну тұрғысынан қандай жоба құжаттары талданады? 7. Жылу теңгеруі қандай тәуелділікпен анықталады?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.

4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.


Дәріс 23,24. Ауаағарлар желiлерiн аэродинамикалық сынау

және ауа шығындарын реттеу

Дәріс жоспары.

1. Ауаағарлар желiлерi. Оларға сынақ өткізу.

2. Ауаның шығыны. Өлшеу аспаптарына қойылатын талаптар.

3. Желiнi реттеудiң негiзгi әдiстерi.
Ауаағарлар желiлерiнің аэродинамикалық сыналуы және ауа шығындарының реттелуі барлық тармақтардағы ашық дроссельді құрылғыларда жүргізіледі.

Егер ашық дроссельді құрылғыларда желдеткiштiң электрқозғалтқышы қызып кетсе, желiнiң магистралдi бөлiмшесiнде дроссельдi жабады. Соратын немесе сықайтын желілердегі ортақ ауаағарлар фланецтарының арасындағы дроссельді құрылғылардың орнына диафрагма орнатады. Дроссельді шынжырдағы өлшенетiн тоқ күшi қажетті мәнге дейін төмендемесе ғана орнатады. Осыдан кейін желiнi сынауға кiрiседi.

Желiлерді сынауда мыналарды анықтайды:

1. барлық ауа қабылдағыш және ауа шығарушы калориферлерде, шаң тұтқыш құрылғыларда, сулы камералар мен желiнiң барлық тармақтарындағы ауаның нақты шығындарын;

2. сулы камералар және жергiлiктi сорғыштар, шаң тұтқыш құрылғылар мен калориферлік қондырғылардағы ауаның өту кедергiсін;

3. құйылу саңылауларынан ауаның шығу жылдамдығын.

Ауаның шығынын пневмометрлiк құбыршамен және микроманометрмен немесе шығын өлшегiшпен өлшеуге болады. Сонымен бiрге әрбiр өлшелетiн қимада барлық үш қысымдардың (статикалық, динамикалық және толық) мәндерiн анықтайды.

Ауаағарлар желiлерiндегі ауаның сорылу шамасын тартылу немесе құйылу саңылаулары арқылы өтетiн ауа мен желдеткiш шығындарының айырмасы ретінде анықтайды.

Желi бойынша басқа орынға ауыстырылатын ауаның шығыны дроссельді құрылғылар немесе бiржақты диафрагмалар көмегiмен реттеледi.

Iс жүзiнде желiнi реттеудiң келесi үш негiзгi әдiстерiн қолданады.

1. Желiнiң бөлiмшелерiнің сипаттамасын қолданып, ауаның нақты және тиiстi шығындарының қатынастарын теңестiру.

2. Нақты және тиiстi шығындардың қатынастардың бiртiндеп теңестiру.

3. Нақты және тиiстi шығындарды алдын ала берілген қатынасқа бiртiндеп жуықтау.

Бiрiншi әдiс дроссельді құрылғылар ауаағарлар бөлiмшелерiнiң жергiлiктi кедергiсінен кемiнде бес диаметр қашықтықта орнатылған жағдайда ғана қолданады.

Екiншi әдiсті тармақты желiлердi реттеу кезінде, реттейтiн құрылғысы жоқ қондырғылардағы және тармақтардағы қысым шығындарын өлшеуге мүмкiн емес жағдайларда қолданады.

Үшiншi әдiсті аз тармақты желiлерде және дроссельді қондырғылардағы шарттар болмағанда қолданады.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Ауаағарлар желiлерiнің аэродинамикалық сыналуы қалай жүргізіледі? 2. Желiлерді сынауда нелер анықталады? 3. Желiнi реттеудiң қандай негiзгi әдiстерi қолданылады?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.

4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.


Дәріс 25,26. Ауаағарларды саңлаусыздыққа сынау

Дәріс жоспары.

1. Тасымалданатын желдеткіштердің қолданылуы.

2. Ауаағарлардың тармақталған желiсi.

3. Негiзгi есептеулері.
Тасымалданатын желдеткiштi келесi жағдайларда:

1. Сирек кездесетiн және эксперименттік ғимараттарды тұрғызу кезінде.

2. Ғимаратты қоршайтын құрылымдардағы ауаағарларының төсемi кезінде.

3. Ауаағарларды жоғарғы саңлаусыздықты талап ететiн желдету және ауа тазарту жүйелерінiң монтажы кезінде қолдану жүргізіледі.

Уақытша қуат көзінде тасымалданатын желдеткiштi қолдану негiзгi желдету жабдығын қолдануға және қосуға дейiнгі монтаждау кезеңiнде ауа науаларының саңылаусыздыққа тексеруге мүмкiншiлiк бередi.

Тасымалданатын желдеткiш ретiнде доңғалақтың айналу жиiлiгi 1400-2900 айн/мин, №2,5-шi қатарлы ортадан тепкiш желдеткiштi қолдану қабылданған. Ауаағарлардағы ауаны өлшеу кезінде желдеткiштiң сiңіру түтiгiне ұзындығы 1-1,5 м ауаағарды қосады. Ауаағар диаметрiн ауаның қозғалыс жылдамдығын 1-10 м/с есепке алу арқылы анықтайды.

Жұмыстың алдында мыналарды анықтау керек:

- құрастырылған ауаағарларды және жобаның басқа элементтерiнің сәйкестiгiн тексеру;

- барлық құйылу немесе тарту саңылауларына тығын орнату;

- ауаның сыртқа шығуының мүмкiндік шамасын анықтау.



Ауаның сыртқа шығуының мүмкiндік шамасын анықтау үшiн ауаағарлардың тармақталған желiсiн шартты түрде тармақтарға бөледі. Тармақ саны тармақталу санына тең, ал әрбiр тармақтың ұзындығы тармақталу ұзындықтарының 2-3 шамасын құрайды. Ауа кемуiнiң мүмкiндік (V сағат) шамасы (Vчас) былай анықталады:

мұнда С – саңылаусыздық коэффициенті, (металлды ауаағарлар үшiн С = 0,01 – 0,02; құрылыстық ауаағарлар үшiн С = 0,04 – 0,05; пластмассалы ауаағарлар үшiн С = 0,05 – 0,01).

i - сыналып отырған бөлiмшенiң ұзындығы;

bi - тармақтың ұзындығы.

Нақты ауа кемудi анықтау үшiн тасымалданатын желдеткiштi сыналып отырған бөлiмшелерге қосады.

1. Тасымалданатын желдеткiштiң қаптамасынан және (L, кг/ч) дәнекерленетін ауаағарындағы (L, кг/сағ) және дәнекерленетін ауаағарындағы статикалық қысым (р, Па) өтетiн ауаның шығындарын өлшейдi.

2. Ауаның статикалық қысымын өлшеуге арналған микроманометрi бар сыналатын ауаағарға тасымалданатын желдету қондырғыларын қосады. Ауаның шығыны мен статикалық қысымдарын өлшейдi. Ауа шығынын сыналатын ауаағарындағы статикалық қысымның 2-3 мәндерiнде өлшейдi.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Тасымалданатын желдеткiштi қандай жағдайларда қолданады? 2. Тасымалданатын желдеткiш ретiнде қандай желдеткіштер пайдаланылады? 3. Жұмыстың алдында нелерді анықтау керек? 4. Тасымалданатын желдеткiштi қандай бөлiмшелерге жіктейді?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.

4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.


Дәріс 27,28. Ауа таратқыш құрылғыларды сынау және реттеу. Дайындау жұмыстары

Дәріс жоспары.

1. Ауа таратқыш құрылғыларды сынау және реттеу.

2. Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтіру шаралары.

3. Дайындау жұмыстары.
Ауа өлшемдерi санитарлық нормалар мен технологиялық талаптарға сәйкес келмесе ғана ауа таратқыш құрылғыларды сынайды. Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтірудің мақсаты - нормалар бойынша өндiрiстiк бөлмеде ауаның қозғалысын және бiрқалыпты температураның бөлiнуiн қамтамасыз ету.

Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтіру желдету немесе ауа тазарту жүйелерiнiң жөндеуiнің қорытынды кезеңі болып табылады және келесi шарттарда орындалады:

1. Ортақ шығын, ауаның олардың iшiнен алып тасталатын ауасы берiлетiн баспанаға жобалық мәлiметпен сәйкес келедi.

2. Әрбiр ауа таратқыш арқылы берiлетiн ауаның шығыны есептiк мәндерге сәйкес келедi.

3. Бөлмедегі артықша жылулардың нақты мәндерi және температуралардың жұмысшы айырымы жобалыққа сәйкес келедi.

Үлкен көлемдi өндiрiстiк цехтарда жылу шығару аудандары бойынша бiрқалыпты үлестiруді сынау және ауа таратқыштарды жөндеу ғимараттың бiр немесе екi жапсарлас құрылыс модулдарында жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл қоғамдық - коммуналдық ғимараттар үшiн қажет. Ғимараттың жеке модуліне өткiзiлген сынақ нәтижелерi барлық ұқсас модулдарға таратылады.

Дайындау жұмыстары:

1. Жоспардағы ауа таратқыш құрылымдардың сипаттамасы бар анықтама мәлiметiмен, берiлетiн ауаның бастапқы есептiк температурасымен танысу және ауаның таралу сұлбасы танысу.

2. Ауаның қозғалыс бағытын көрсететiн шартты түрдегi белгiлеулердi, ауаның таралу сұлбасындағы құйылудың шамаланған траекториясын анықтау.

3. Көзбен бақылау әдiсi бойынша құйылу және ауа ағындарының таралу сұлбаларын болжалды траекторияларын тексеру және түзету. Көзбен бақылау жеке облыстар (аймақтар) бойынша ауаның түтiнделуі арқылы iске асады.

4. Жеке облыстар бойынша жылдамдық шектерiндегi есептiк максималдан 0,5 мәнiне дейін аралықта анықталады.

5. Орналастырылу және бақылау нүктесi мен өлшелетiн (t, w, φ) параметрлердi сынауда бағдарлама құру бөлме өлшемiне, жұмыс орыны мен жабдықтың орналасуына байланысты белгiленедi. Бақылау нүктелерiндегi ауа өлшемдерін еденнен 1, 5-2 м биiктiкте өлшейдi.

Өнеркәсiптiк желдетудi жөндеу кезінде өлшемдердiң 2-3 циклдарын өткiзедi. Ауа температурасы және қозғалысын әрбiр нүктелерде бiр уақытта электротермоанемометрмен өлшейдi. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын құрғақ және ылғалды ауа температурасы бойынша аспирациялық психрометрлі термометр арқылы өлшейді.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Ауа таратқыш құрылғыларды қалай сынайды? 2. Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтірудің қандай шарттары бар? 3. Дайындау жұмыстары қалай жүргізіледі? 4. Электротермоанемометрмен не өлшейдi?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.

4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.


Дәріс 29,30. Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтіру

және сынауды жүргізу

Дәріс жоспары.

1. Ауа таратқыш құрылғыларды сынау.

2. Өндірістік факторлар.

3. Бөлмеде ауа алмастыруды ұйымдастыру.

4. Ауа таратқыш құрылғылардың негiзгi түрлері.


Өндірістік бөлмедегі желдету жұмысы сыртқы ауаның температурасы мен ылғалдылығына қатыссыз ауада анықталған температура мен ылғалдылық туғызу, яғни нұсқаулы нормаларды қанағаттандыратын ауа құрамын сақтай отырып, жасанды климат жасау. Желдету өндіріс ғимараттарының бөлмелерінде адамның шаршауын азайтып, оның жұмысының шаруашлық өнімділігін артыратын қолайлы жағдайлар жасаумен қатар, бір уақытта технологиялық үдірістердің қалыпты жүргізілуін қамтамассыз етеді. Өндірістік технологиялық процесстерді әр түрлі зиянды зат-тардың шығыуымен байланысты: газдар, жылу, булар және шаңдар. Өндіріс бөлмесіне үскен көптеген газдар мен булар адамның денсаулығына қауіпті. Желдетіудің көмегімен бөлмеден зиянды ауаны шығарып, таза ауа енгізеді. Желдеткіш құрылғымен жұмыс істегенде адам үшін қауіпті бу, газ және шаң, сонымен қатар бөлменің ауа темперарурасы және оның салыстырмалы ылғалдылығының концентрация денгейі санитарлық нормалармен тағайындалған шекті шамаға дейін төмендейді. Салқындату немесе жылыту кезінде анықталған температураны сқтау мүмкіндлігі, яғни адам ағзасының термореттеу қоршаған ортаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты болады. Жасалған әдістерге сүйенсек, бір түрде жылыулық сезіну туғызатын көптеген метроологиялық факторлар үйлесімін іріктеуге болады. Кез келген механикалық жұмыс соңында жылуға айналатынын бір түрдегі энергияның басқа түрге айналуы арқылы жүретіні белгілі. С ондықтан адамның орындайтын жұмысы неғұрлым қарқынды болса, онда ол соғұрлым көп мөлшерде жылу шығарады және оның көп бірлігін қоршаған ортаға береді. Егер адам денесі мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу қарқыны азайса, онда бұл жағдайда адам ағзасында жылу жиналады да оның температурасы көтеріле бастайды. Сонымен қатар адам денесінің температурасы қалыпты жағдайдан аз болғанда, ең аз дегенде 1ºС-қа көтеріліп немесе төмендесе бұл адамның көңіл-күйінің өзгеріуіне әкеп соғады. Адам ағзасы қоршаған ауаның әсеріне қарсы тұрады, қалыпты жылу теңдестігін сақтауға және қорғаныс реакцялары арқылы дене температурасының тұрақтылығын сақтауға ұмтылады.
а) адам температурасының әр түрлілігі мен ауа есебінен конвекция

б) адам температурасының әр түрлілігі мен адам тұрған бөлменің ішкі қоршау беттері есебінен сәулеленуі

в) адамды қоршаған температура және ауа ылғалдылығына байланысты тер шығару

“а” және “в” факторлары ауа қозғалысына да қатысты. Сәйкесінше бөлмедегі температура t салыстырмалы ылғалдығы φ және ауаның қозғалыс жылдамдығы ω адам денесінің жылулық теңдестігін анықтайды, осы арқылы оның көңіл-күйін де анықтауға болады. Әдістеме жолдары арқылы алынған метроологиялық берілгендер желдету жүйесін құру кезінде маңызды болады. Ауа алмасуының қалай жүргізілуіне байланысты желдету жасанды және табиғи болып бөлінеді.


Бөлмеде ауа алмастыруды ұйымдастыру әдісі бойынша желдету жалпы, жергілікті және аралас болып бөлінеді. Жалпы желдету жұмыс аймақтарында басты түрде барлық бөлмелерде бірдей ауа ортасын (температура, ылғалдылық, ағзаның тазалығы және жылдамдылығы) тудыру шартын қарастырады.

Сынауға қатысушылар санын бақылау нүктелерiнiң санына байланысты анықтайды. Екi техник-жөндеушi температура, ауаның ылғалдылығы мен қозғалысының мәнiн жұмыс журналына өлшеп жазып алуы керек. Бөлменiң жылулық немесе ылғалдылық режимдерінің тұрақтылығы кезінде өлшеудің бiр циклінің орташа ұзақтығы ортамен 20-30 минутты құрайды. Сынаудан кейiн жұмыс журналдардағы жазулар өңделіп, тиiстi кестелерге толтырылады.

Егер кесте бойынша нақты ауа өлшемдерi жобада немесе санитарлық нормаларда қабылданғаннан айтарлықтай айырмашылығы болса, онда ауа таратқыш жүйесi жөндеуге жатқызылады.

Жөндеудің бiрiншi кезеңінде ауа таратқыштан шыққан ауа жылдамдықтарының бiрқалыптылық дәрежесiн анықтайды. Ауа жылдамдығын электротермоанемометрмен немесе пневмометрлiк құбырлармен өлшейдi.

Соңында тиiстi жылдамдық өрiсiн алу үшiн түзулену бөлiмшенiң ұзындығы ауа таратқыш құрылғысының түтiгі 4d астам болуы керек.

Көп жағдайларда түтiктер фланецтары арасындағы жылдамдықтар өрiсiн теңестiру үшiн жергiлiктi кедергiлер (диафрагма, тор) орнатады. Онда жергілікті кедергі мына формуламен анықталады:

ξ = ртолық / рдинам.

Ауа таратқыш құрылғылар келесідей негiзгi түрлерге: реттелетiн торлар; төбелi (плафондар) ауа таратқыштар; тесiлген ауа таратқыштар; шоғырланған ауа таратқыштар деп бөлінеді.



Реттелетiн торлар. Реттелетiн торлар типі Ерiтiндi түр керегеден тұрады қондырма құйылатын керегенiң жазықтығына тiк бұрышымен ауаның шығарылым қамтамасыз ететiн жылжымайтын қабырғалардың түрiндегi шығынның көп ашпалы реттеуiшi және бағдарлаушы аппарат қосатын. Құйылатын қондырмалар бiрнеше түрлердi даярлайды.

Содан соң цехтың (бөлме) жұмысшы облысы орналастырылған нақты ауа өлшемдер жұмыстардың бағдарламасы бойынша өлшейдi. Бұл өлшемдердiң өңдеген нәтижелерi кестелерге толтырып және жоба бойынша СНО қабылданған тиiстi көрсеткiштермен салыстырады.


Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Ауа таратқыш құрылғыларды қалай сынайды? 2. Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтірудің қандай шарттары бар? 3. Қандай факторлар ауа қозғалысына да қатысты болады? 4. Бөлмеде ауа алмастыруды ұйымдастыру әдістері бар?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.

4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет