ОӘК 042-16 81/03-2013 № басылым


Дәріс 15. Көлемді сораптар



бет17/83
Дата07.05.2017
өлшемі9,14 Mb.
#16052
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83

Дәріс 15. Көлемді сораптар.

Дәріс жоспары.

1. Көлемді сораптар. Жалпы түрлері, жұмыс істеу принциптері, жалпы құрамы және жіктелуі. Қолдану аймағы. Поршенді сораптардың құрлысы, құрылымдық сұлбасы және қолдану аймағы.

2. Беріліс графигі және оларды теңестіру тәсілдері. Индикаторлық диаграмма. Поршенді сораптардың ПӘК-і. Сору биіктігін анықтау. Поршенді сорап берілістерін реттеу. Ауалық қалпақтар.

3. Роторлы сораптардың жіктелуі, жұмыс істеу принципі. Әртүрлі роторлы сораптар құрылғысы және ерекшеліктері: а) роторлы-поршенді; б) пластиналы; в) винт тәрізді; г) шестернялы. Жұмысшы көлемдерін анықтау. Беріліс және оның біркелкілігі. Берілісті реттеу. Сораптардың сипаттамасы, олардың жұмысы.


Жұмыс істеу принципіне байланысты көлемді сораптарға поршенді сораптар жатады.

Поршенді сорғылар элетроқозғалтқыш арқылы айналады да, кривошипті-шатуды механизм жәрдемімен поршен цилиндр ішінде ілгерінді-кейінді жылжиды. Піспекті оңнан солға қарай жылжығанда цилиндр ішінде қысым пайда болады. Соның салдарынан сору клапаны жабылып үрлеу клапаны ашылады. Сұйық үрлеу клапаны арқылы айдау құбырына ығыстырылып шығарылады. Негізгі кемшілігі жұмыстың инерциондығы және сұйықты берудің біркелкеместігі.

Роторлы сораптарды тұтқырлығы жоғары және ластанған сұйықтарды тасымалдау үшін пайдаланады. Роторлы сораптарда клапандар және ауалы қақпақтар болмайды.

Роторлы сораптардың көлемі кішкене, ПӘК көп, поршенді сораптарға қарағанда берілісі біркелкі және реттеу мүмкін. Осы қасиеттеріне байланысты, сонда ақ жылдамжүрістілік және үлкен сенімділігіне байланысты роторлы сораптар гидрожетектерде және басқа да гидрожүйелерде қолданылады. Поршенді сораптар конструкциялық ерекшеліктері мен технологиялық міндеттеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді

1. Айдау және сору циклдарының саны бойынша бір екі жүрісті сораптарды біржақты жұмыс істейтін және екіжақты жұмыс істейтін деп ажыратады.

2. Поршендер немесе плунжерлер саны бойынша сораптар бірпоршенді, екіпоршенді, үшпоршенді және көппоршенді болады. Көппоршенді сораптарда жалпы кривошипті біліктен бір уақытта бірнеше біржақты немесе көпжақты әсердегі цилиндрлер жұмыс істейді. Бірақ әрбір цикл уақыт бойынша жылжиды, оның нәтижесінде берілістің бірқалыпсыздығы азаяды.

3. Сорғыш конструкциясы бойынша – сұйықты цилиндрден соратын жұмысшы орган, поршенді сораптар дискілі поршенді, плунжерлі, дифференциалды поршенді, сол сияқы мембраналы болады.

4. Жетек түрі бойынша – сораптар тура әрекетті және кривошиті механизмді.

5. Цилиндрлердің орналасуы бойынша – сораптар кеңістіктегі цилиндрлерінің орналасуы бойынша горизонтальды және вертикальді.

6. Клапандардың түрі бойынша тәрелкелі клапанды және шарлы клапанды.

7. Міндеті бойынша – сораптар суға, кірге, кислотаға, ыстық сұйықтарға және т.б. арналған болады. Сораптың берілісі деп бірлік уақытта айдағыш құбырөткізгішке сораппен берілетін сұйықтың көлемдік мөлшері. Бұл анықтама барлық сораптар үшін ортақ болады. Поршенді сораптар үшін беріліс біркелкі болады. Көппоршенді сораптарды қолдану берілістің біркелкіеместігін азайтуға мүмкіндік береді.

Сораптың максималды берілісінің орташа берілісінен қаншалықты үлкен екенін көрсететін біркелкіеместік коэффициентін анықтау үшін графиктік әдіс қолданылады.





Құрылған диаграмманың ордината шамасы беріліс диаграммасы деп аталады, ол поршеннің берілген жылдамдығы кезіндесораптың лездегі секундтық беріліске пропорциональды.

Берілісті реттеудің тағы бір әдісі гидропневматикалық аккумуляторларды (ауа қалпақтарын) қолдану.





Ауа қалпақтарын сорғыш және айдағыш желілерде, жұмысшы камераға, одан қалпақтарға дейінгі жол минимальды болатындай, жақын жерге орналастырады. Сорап цилиндріндегі қысымның өзгеру графигі (тегеурін) поршен жүрісі бойынша поршенді сораптың жұмысшы сипатын анықтайтын

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Поршенді сораптардың толық жіктелуін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктері мен қолданылу аймағы қандай? 2. Кривошипті жетекпен поршеннің негізгі қозғалыс заңдылығын көрсетіңіз 3. Поршенді сораптардың берілісі неге байланысты? Қарапайым және күрделі сораптардың берілісін анықтайтын теңдеуді жазыңыз. 4. Поршенді сораптың берілісінің бірқалыпсыздық дәрежесі дегеніміз не? 5. Индикаторлық диаграмма не үшін керек? Индикаторлық қуат, индикаторлық қысым дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

4.1.1. Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б.,– 275 – 306 бет;

4.1.2. Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б.,– 255 – 300 бет;

4.2.1. Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б., – 236 – 274 бет.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР
Әдістемелік ұсыныстар.

Әр лабораториялық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.

Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы

Типтік есептерді біз аудиториялық практикалық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап бере аламын.

Қаратырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспек жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.

Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды практикалық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.

Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.


Тақырып 1. Негізгі физикалық қасиеттер. Гидростатикалық қысым.
Сабақ мақсаты: Сұйықтың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау. Қысымды анықтау әдістері меңгеру.

Есепті шешуге арналған нұсқау.

«Негізгі физикалық қасиеттер. Гидростатикалық қысым» тақырыбын қарастырғанда сұйықты физикалық дене деп қарастыратын негізгі теңдеулерді есте сақтау керек. Физикалық шамалардың өлшем бірліктеріне және оларды есептеу формуласына ерекше көңіл бөліңіз.

Қысымды анықтау есептерін шешкенде қысымның сандық мәні туралы жақсы білу керек.

Абсолютті қысым –абсолютті нольден басталатын және тек оң мәнге ие болатын. Егер есеп шешер алдында атмосфералық қысым берілсе, есеп соңында алынған қысымды артықша қысым деп атайды

Артықша қысым оң және теріс болуы мүмкін. Артықша қысым теріс болады егер абсолютті қысым атмосфералықтан аз болса.


Сұйықтар мен газдар механикасында кездесетін физикалық шамалардың өлшем бірліктері

7-кесте


Физикалық шама

Өлшем бірліктер қатынасы

Есептеу формуласы

1

2

3

Ұзындық,





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет