«Қоғамдық денсаулық сақтау» пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдары



бет14/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#121847
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
Байланысты:
310Б кдс

Графикалық бейнелеудің түрлері
Диаграммалар
Картодиаграмма лар
Kартограммалар
Диаграммалар – белгілі бір құбылыстарды бейнелеуде қолданылатын кескіндер. Диаграм-малардың түрлері:
1.Сызықты диаграммалар
2.Бағаналы диаграммалар
3.Секторлықдиаграммалар
4.Ішкі бағаналы
Сызықты диаграммалар құбылыстың немесе белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді.
Мысалы: халық санының өзгеруі, сәбилер өлімімен туу көрсеткіштерің т.б.Бір диаграммада бірнеше құбылыстың өзгеруін көрсетуге болады, оны түрлі түсті сызықтармен бейнелейді, бірақ сызықтар төрттен көп болмағаны жөн.
Секторлық диаграмма бір құбылыстың құрамын бейнелеу үшін пайдаланылады. Онда шеңберді 100% ға теңейді,ал шеңбердің көлемі 360 болғандықтан 1% 3,6градусқа тең, яғни көрсеткішті көбейтіп градусты(пайыз)табады.Бұдан соң транспортир арқылы шеңбердің доғасын көрсеткіштерге сәйкес бөліп белгілер жасайды.
Ішкі бағаналы диаграмма, жалпы ауру көрсеткішін 100% ға теңейді, ал соны құрамындағы аурудың түрлерін бағананың ішінде түрлі бояумен немесе сызықшалармен көрсетеді


Картодиаграмма – географиялық картаға түрлі диаграмма салынады, көбінесе бағаналы диаграмма пайдаланылады.Мұнда да статистикалық мөлшерге бағананың ұзындығы сәйкес болуы керек.


Картограмма - географикалық қартаға статистикалық көрсеткіштің мөлшеріне қарай соған сәйкес ауданды,аймақты, облысты,сызықшалар мен бейнелейді.Онда неғұрлым көрсеткіш мөлшері жоғары болса, соған сәйкес бояудың түрі қанық болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет