Қоғамдық денсаулық сақтау


Қоғамдық денсаулық саласының құқықтық негіздерін сипаттап жазыңыз



бет9/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
8.Қоғамдық денсаулық саласының құқықтық негіздерін сипаттап жазыңыз.

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық қамтамсыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерден тұрады: Қазақстан Республикасының Атазаңы; Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқаулары; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары; ҚР ДСМ нормативтік актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.).Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз етілген. Олардың арасындағы негізгісі – Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз, 1995 ж.) болып табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының 29-бабында:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен бекітілген медициналық көмектің кепілдік етілген көлемін тегін алуға құқысы бар.

3. Мемлекеттік және жеке-меншік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке-меншік медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңмен бекітілген негізде және ретпен жүргізіледі.

Азақстан Республикасының әрбір азаматына бұл құқықтар туғаннан тиесілі. Бұл құқықтар Қазақстан Республикасының азаматы болып тұрған барлық ғұмыры барысында күшінде болады. Денсаулық қорғауға құқысы, тек, мемлекет қатысуымен ғана іске асатын әлеуметтік құқықтарға жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасының Атазаңында денсаулықты қорғау құқысын бекіте отырып, олардың іске асуын, республикалық және жергілікті бюджет есебінен медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетумен қоса өз міндетіне алады..29-баптан басқа Қазақстан Республикасы азаматының тікелей денсаулыққа қатысты басқа да құқықтары бар: өмір сүруге құқысы (15-бап), жеке бас еркіндігіне құқысы (16-бап), адам жетістіктеріне қол сұқтырмау құқығы (17-бап), жеке өміріне, жеке басы мен жанұя құпияларына қол сұқтырмау, өз ар-ожданын қорғау құқығы (18-бап), еңбек еркіндігі құқығы (24-бап), демалысқа құқығымен бірге (24-бап, 4 б.), тұғын-жайға құқығы (25-бап), меншік иесі болуға құқысы (26-бап), өмір және денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға құқығы (31-бап), жасына, ауру жағдайына, мүгедектікке, асыраушысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік қаматамасыз етілуге құқысы (28-бап), атан-ананың балаларына қамқорлық жасап, тәрбиелеуге құқысы (27-бап), білім алуға құқысы (30-бап) және т.б. Атазаңда бекітілген құқықтар мен еріктерінен басқа, Қазақстан Республикасыны азаматы өз кезегінде Атазаңды, ҚР заңдылықтарын, басқа тұлғалардың құқықтарын, ерігін, ар-ожданын құрметтеуге міндетті (34-бап).

Халық денсаулығын қорғау денсаулық сақтау жүйесінің құзыреті шектерінен шығып кетеді. Осыған байланысты, халық денсаулығын қорғау бойынша әрекет қазақстандық құқықтардың көптеген салаларын қамтиды: әкімшілік, азаматтық, жер, муниципалды, жанұялық, еңбек, қылмыстық, экологиялық құқы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет