Қоғамдық денсаулық сақтау


БЛОК 1 1.Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдістемесін көрсетіңіз



бет2/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
БЛОК 1

1.Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдістемесін көрсетіңіз.

Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.

Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін және халықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады.Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс-шаралар жүйесін негіздейтін интегралды теориялық-қолданбалы ғылым болып табылады.Қоғамдық денсаулықты ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыру қажет, ал денсаулықты сақтау және нығайту проблемалары денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің нақтылы құзіреті мен жауапкершілігі шегінен шығып кетеді және мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін талап етеді.

Барлық дәрігерлер жоғары деңгейдегі клиникалық дайындықпен қатар саланың сыртқы және ішкі тиімдігін қамтамасыз етушілер болғандықтан қоғамдық денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көре алулары керек.


Ізінше, денсаулық сақтау жүйесінің даму стратегиясы мен тактикасын адам капиталына инвестицияны ұлғайту, сонымен қатар ұлт денсаулығының жоғары деңгейіне жету мақсатымен бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан қазақстандық қоғамды тұрақты дамытумен бірбүтін және жүйелі түсіну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет