Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/7
Дата06.05.2024
өлшемі170,78 Kb.
#201830
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақстан Республикасы.ҰМЖ-1
7 сынып 2ч №1


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
98- қосымша

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақ тілі" пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. "Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
2) білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өмірде өзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;
3) қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;
4) тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
5) "Қазақ тілі" пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Оқу бағдарламасының ерекшелігі – тек пәндік білімді қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Оқыту нәтижелері студенттердің бойында келесі негізгі құндылықтарды қалыптастыруға негізделген: патриотизм және азаматтық жауапкершілік, сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
Оқу мақсаттары педагог пен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормасы.
"Тыңдалым және айтылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) негізгі ойды анықтау;
4) тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;
5) сөйлеу мәдениетін дамыту;
"Оқылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) мәліметтерді өңдей білу;
6) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
"Жазылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;
2) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
3) эссе жазу;
4) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
5) шығармашылық жұмыс;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфография;
2) орфоэпия;
3) лексика;
4) грамматика;
5) пунктуация.
4. Қазақ тілі пәнінің үлгілік бағдарламасында 10 бөлім қарастырылған.
Қазіргі қоғам құндылықтары "Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті", "Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті", "Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма", "Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма", "Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма", "Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль", "Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер", "Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация", "Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация", "Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер", "Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер", "Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер", "Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер", "Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер", "Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер", "Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер", "Табиғат және экология. Шешендік сөздер", "Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер", "Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер".
Мазмұны:
1) Тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, тиісті ақпаратты анықтай білу, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу; сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану.
2) Оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау, таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми іс-қағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, бұқаралық ақпарат құралдары, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу.
3) Жазылым: жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі, мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия, мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау, көтерілген мәселе бойынша академиялық тұрғыдан эссе жаза білу, мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап жазу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.
4) Әдеби тіл нормалары: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді қазіргі орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану, мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып), мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 96-120 сағатты (4-5 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады.

2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны





Бөлімдер, бөлімшілердің мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

Барлығы

Сабақтар

Теориялық

Практикалық

1-бөлім. Тіл және алаш идеясы

+

+

+

1

Тақырып 1. Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі. Кітаби тіл







2

Тақырып 2. Алаш арыстары тіл туралы, тілдің адам өміріндегі орны. Ауызша сөйлеу түрлері. Кірме сөздер емлесі







3

Тақырып 3. Ахмет Байтұрсынұлының тұлғалық келбеті. Телжан Шонаұлының оқу-ағартуға қатысты еңбектері. Будан сөздер емлесі







2-бөлім. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет

+

+

+

4

Тақырып 4. Мұхит асқан туынды. Білім жарысы. Сөз құрамы. Біріккен сөздер, тіркесті сөздер емлесі. Ауызекі тіл.







5

Тақырып 5. Музыканың үлкен кітабы. Әлем таныған классик. Бейүндес және игерілген кірме сөздер







3-бөлім. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өнер

+

+

+

6

Тақырып 6. Қазақ мәдениеті мен ақыл ойының заңғар биігі. Интонация. Пауза. Ауызекі сөйлеу стилі







7

Тақырып 7. Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы "ар" тақырыбы. Мелодия. Ресми стиль.







8

Тақырып 8. Мағжан мен Жүсіпбек. Ритм. Сөз өнері.







9

Тақырып 9. "Мәңгілік ел" идеясы. Егемен әліпби. Сөйлеу темпі. Қарқындылық. Публицистикалық стиль.







10

Отырар өркениеті. Қазақ отбасының құндылықтары. Тембр. Ғылыми стиль, белгілері







4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

+

+

+

11

Тақырып 10. Батысеуропалық экономикалық интеграция, шарттары. ТМД елдерінің тарихы Әдеби тіл, тілдік норма және көркем әдебиет тілі







12

Тақырып 11. Еуразиялық Одақ: болашақтың стратегиясы. Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар. Лексикалық, грамматикалық норма







5-бөлім. Білім. Ғылым. Инновация

+

+

+

13

Тақырып 12. Қаныш Сәтбаев ғылым –білім туралы. Әдеби тілдің қалыптасуы, тіл дәлдігі







14

Тақырып 13. Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы. Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер







15

Тақырып 14. Нанотехнология. Тілдің пайда болуы туралы ілім. Сөйлеу этикеті.Тілдік норма







16

Грамматика, зерттеу әдісі мен қарастыратын мәселесі







6-бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік

+

+

+

17

Тақырып 15. Байлық пен кедейлік. Сөзжасам, сөзжасамдық тәсілдер







18

Тақырып 16. Қазақстандағы әлеуметтік топтар. Туынды сөз







7-бөлім. Синтаксис. Сәулет өнері

+

+

+

19

Тақырып 17. Ғаламдағы ғажайып ғимараттар. Сөз байланысының түрлері







20

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Астана келбеті. Қазақ жеріндегі ежелгі кесенелер. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері







8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер

+

+

+

21

Тақырып 18. Әлемдік саясат. Әлемдік саясаттың көшбасшылары. Тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қабаттасуы







9-бөлім. Сөз мәдениеті және шешендік өнер

+

+

+

22

Тақырып 19. Шешендік өнер: тарихы, зерттеуі, пән ретінде қалыптасуы. Тыныс белгілері: нүктелі үтір, жақша, тырнақша







23

Тақырып 20. Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің зерттелуі. Төл сөз бен автор сөзі







10-бөлім. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі

+

+

+

24

Тақырып 21. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Уық шаншылған Ұлытау. Термин сөздер







25

Тақырып 22. Бабалар сөзі - даналық көзі. Күрделі, құрама, жалқы атаулар







26

Тақырып 23. Мәңгілік сарын: Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі. Шылаулардың жазылу емлесі







27

Тақырып 24. Қазақстан - қызғалдықтың Отаны. Тәуелсіздік тұғыры. "Мәңгілік" ел идеясы. Пікірталас, оның түрлері







11-бөлім. Жастар мәдениеті және мәселесі

+

+

+

28

Тақырып 25. Ел тірегі - білімді жастар. Болашаққа жол ашқан бағдарлама. Дәйексөздер. Публицистикалық стиль







29

Тақырып 26. Сөйлеу мәдениеті. Кітап – білім бұлағы. Шешендік сөздің түрлері







30

Тақырып 27. Жастардың кәсіп таңдауы. Қазақстанның дарынды жастары. Мен жастарға сенемін! Етістіктің шақ, жақ категориясы







12-бөлім. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция

+

+

+

31

Тақырып 28. Қоғам. Қазіргі қоғам. Сөзталас. Интонация







32

Тақырып 29. Миграция. Миграцияның түрлері. Интонацияның құрамдас бөліктері







33

Тақырып 30. Жастардың зияткерлік бағдарламасы. Ісқағаз түрлері және оларды топтастыру







13-бөлім. Әлемді өзгерткен өнертабыстары.

+

+

+

34

Тақырып 31. Әлем мойындаған рекорд. Адамзат жаңалығы. Ұлы өнертапқыш. Пікір алмасу. Көркемдеу тәсілдері.







35

Тақырып 32. Суасты құралдарын жасаудағы ғылым жетістігі. Публицистикалық шығармаларға тән ортақ мақсат. Алмастыру.







36

Тақырып 33. Жылқыны алғаш қолға үйреткен - қазақ даласы. Көшпелілер киімі. Көшпелілердің алғашқы конькиі. Публицистикалық стильдің тәсілдері. Меңзеу. Символ.







14-бөлім. Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.

+

+

+

37

Тақырып 34. Қазақстан – "ядросыз әлем" қозғалысының көшбасшысы. Пікірталасты жоспарлау сатылары. Әсерлілік құралы.







38

Тақырып 35. Бірікен ұлттар ұйымы. Әлемнің бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне Қазақстанның үлесі. Пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары. Антитеза. Ассонанс.







39

Тақырып 36. Экстремизм мен терроризм ХХІ ғасыр індеті. Бейбіт өмір – береке бастауы. Қазақ халқы – бейбітсүйгіш ел. Көркем әдебиет стилі, көркемдік ерекшеліктері.







15-бөлім. Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау.

+

+

+

40

Тақырып 37. Тарихи жәдігерлерге не жатады. "Мәдени мұра" бағдарламасы. Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері. Әңгіме және дөңгелек үстел. Мәтін.







41

Тақырып 38. Қазақтың ертедегі қару-жарақтары. Ұлттық аспаптар. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар. Сипаттау, әңгімелеу мәтіні







42

Тақырып 39. "Бабалар сөзі" 100 томдығы. "Ұлы даланың жеті қыры" Шешендік сөздердің жіктелуі. Пайымдау мәтіні.







16-бөлім. Табиғат және экология.

+

+

+

43

Тақырып 40. Тірі табиғат және өлі табиғат. Табиғат туралы мақалдар, тыйым сөздер. Қазақстанның табиғаты. Табиғатты қорғау. Айтыс. Сыни пікір, сыншының деңгейі. Кіріспе.







44

Тақырып 41. Табиғатты қорғайтын халықаралық ұйымдар. Шешендік сөздің лексика-грамматикалық белгілері. Негізгі бөлім, қорытынды.







17-бөлім. Жаңа әлемдегі театр мен кинематография.

+

+

+

45

Тақырып 42. Театр – өмір айнасы. Әлемге әйгілі өнер ордалары. "Астана опера" – өнер шаңырағы. Тыныс белгілерінің қолданылу негіздері.







46

Тақырып 43. Алаш аңсаған фильм. Әлемге танылған Әміре. Кинофестиваль – кино өнері туындыларының байқауы. Қазақ даласының Орфейі. Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы.







18-бөлім. Еңбек нарығы және сұраныс.

+

+

+

47

Тақырып 44. Нарық. Еңбек нарығы. Сұраныс, ұсыныс және баға. Тапшы мамандықтар. Болашақтың мамандығы. Мәнерлі сөйлеудің негізгі белгілері.







48

Тақырып 45. Цифрлы Қазақстан: мамандықтарға сұраныс. Қазақстандағы жұмыс күші қозғалысы. Интонацияның үстеме мағына беру, сөйлемдер жігін ажырату қызметі











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет