Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі, оның белгілері, құрылымы мен элементтері



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі215,5 Kb.
#88560
1   2   3   4
Байланысты:
Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі, оның белгілері, құрылымы мен элементтері

Саяси жетекші; саяси көшбасшы


Саяси жетекші; саяси көшбасшы (ағылш. political leader) - мемлекеттің, саяси партияның, коғамдық ұйымның жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.

Саяси режим, саяси тәртігі


Саяси режим, саяси тәртігі (lang-en|political regime}}) Экономикалық және мемлекеттік билікті (демократия, тоталитаризм, авторитаризм және т.б.) жүзеге асыру тәсілдері мен құралдарынын жиынтығы.

Саяси қатер, саяси тәуекелдік


Саяси қатер, саяси тәуекелдік (ағылш. political rick) Әскери әрекеттер, үлттық меншіктендіру, тәркілеу, шектеу енгізу және эмбаргомен байланысты кредиттік тәуекел.

Саяси баспана


Саяси баспана (ағылш. political asylum) Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларының негізінде, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Ережесіне сәйкес, Қазақстанның шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі. Азаматтық алған және немесе тұрып жатқан елде қоғамдық-саяси қызметі, нәсілі немесе ұлты, діни нанымдары үшін қудалаудан немесе қудалаудың құрбаны болудын шын қаупінен баспана іздеуші немесе қорғауды қажет ететін, сондай-ақ халықаралық құқықтын нормаларында көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайда тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне саяси баспана беріледі.
1.1
Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1) Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.
2) Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
3) Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өміреге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері қосындысынан тұрады.

Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.


Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.


Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде-мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.


Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.


Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.


Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.


Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің ережелері-уставтарының мазмұнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ - олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады. /2/


Демократиялық саяси жүйені қарастырған кезде оның негізгі нысаны азаматтық қоғам туралы сөз қозғаған жөн. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептеру қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель.


Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша- қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.


Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде- мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: «Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы»,- дейді.


Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығабға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік ерісіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші- клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлістік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.


«Адамдар өз тарихын өздері жасайды,- деп Маркс,- бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барлы, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады».


Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:


- саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;


- қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;


- адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;


- қоғамдық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды- басқару;


- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.


Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда мәндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.


Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғаи. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.


Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.


Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.


Азаматтық қоғам мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз- дербестікке дамыту.


Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда «Азаматтық қоғам» бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды.


Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-баптың 1- тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (ІІ бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27- бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5- бап) және тағы юасқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.


Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.


Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты.


1.2
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық-демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.


Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Бірінші түрі социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жылдары қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал-демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл елдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың, топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс-конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежүзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады:

  • Институционалдық - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды;

  • Реттеуші - құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль;

  • Функционалдық - саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;

  • Идеологиялық - саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.

Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс-әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.
Қоғамның мүдде-мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде-мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш - саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзіліссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады.
Сонымен, жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
Саяси жүйелерді әртүрлі өлшем тұрғысынан жіктеу түрі:

  • Маркстік тәсіл, мәселен, қоғамның формациялық түрде дамуын және әлеуметтік - экономикалық құрылымның ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммунистік саяси жүйелерді ажыратады.

  • Биліктің әлеуметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық - демократиялық және буржуазиалық саяси жүйелерді бөлуге болады .

  • Саяси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына карай демократиялық, авторитарлық және тотаритарлық жүйелер есебінде қарастырылады.

  • Саяси жүйелер өзінің ұстаған бағытына, сипаты мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансфомацияланушы жүйелер болып бөлінеді.

  • Дәстүрлі және жаңғырған (модернизацияланған) жүйелер туралы да айтуға болады. Дәстүрлі жүйеде биліктің харизматикалық түрі үстем, жаңғырған жүйеде азаматтық қоғам бар, саяси рольдер нақтыланған.

  • Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандырылған және жергілікті билік буындарына дербестік берілген т. б. болып бөлінеді.

2.,2.1
Азаматтық қоғам — әлеуметтік прогресс, мәдениет пен өркениеттің бесігі. Бұл ерекше өмір стилі, ойлау және қарым-қатынас түрі, айырықша экономикалық уклад. Бұл тіршілік әрекеті мемлекеттік-саяси формасымен байланысқанның бәрі, мемлекет, саясат, партия бой көтеретін топырақасты, іргетас, бүкіл қоғамдық өмірдің негізі. Осымен байланысты азаматтық қоғамға көптеген ғылымдар: құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия, әлеуметтану және т.б. қызығушылық танытуда. Құқықтану азаматтық қоғамды азаматтық құқықтың субъектісі және құқықтың реттеу субъектісі ретінде зерттейді. Экономикалық теорияны азаматтық қоғамның пайда болуының экономикалық себептері, олардың өмір сүруінде каржы саласынын рөлі қызықтырады.
Тарих болса, азаматтық қоғамның нақты ұлттық формаларын, қоғамдық өмірге қатысудың ерекшеліктерін суреттейді. Философия мен әлеуметтану азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамдық ұйымдардың формасы және қарым-қатынас ретінде қарастырады. Алайда, азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануға ерекше маңызды рел берілген. Тек саясаттану ғана азаматтық қоғамның саяси және қоғамдық институттармен — жалпы мемлекетпен, федералдық және жергілікті билік органдарымен өзара әрекет етудің сипаты мен формаларын зерттейді. Ғалымдардың кол жеткізген табыстарына сүйене отырып, саясаттану азаматтық қоғамның пайда болу себептері мен алғышарттарын, оның кұрылымын, функцияларын, эволюциялық бағыттарын қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда, саясаттану азаматтық коғамның біртұтас бейнесін жаңадан жасайды.
Саяси-әлеуметтік әдебиеттерде азаматтық қоғамды түсіндіруде екі көзқарас — кең және тар мағынада қарастыру калыптасқан. Кең мағынадағы азаматтық қоғам — бұл мемлекет тарапынан тікелей бақылау жасалмайтын коғамдық өмірдің бүкіл салалары. Осындай тұрғыдан алғанда кең мағынадағы азаматтық қоғам демократиялық, авторитарлық мемлекеттерде, кейде тіпті тоталитарлық (мысалы, шаруа қауымдастығындағы, отбасындағы, достар арасындағы, діни және т.б. қарым-қатынастар) мемлекеттерде болуы мүмкін. Азаматтық крғам тар мағынада қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық саласында заңның жоғарылығын қамтамасыз ететін, тұлғаның бостандығына, оның негізгі мүдделері мен құқықтарына, сонымен бірге адамдардың өз экономикалық, әлеуметтік және рухани мүдделеріне жету үшін алуан түрлі қоғамдық және азаматтың өзін-өзі ұйымдастыру формаларына кепілдік беретін демократиялық институттар мен құқықтық мемлекеттің өмір сүруімен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам адамдық қауымдастық ретінде қарастырылады. Азаматтық коғам кісі өмірінің алуан түрлі салаларын және мемлекеттік емес қатынастарды — экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке бастық және с.с. ерікті түрде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік емес құрылымдық катынастарды өзіне косып алған. Осындай азаматтық қоғам пайда болуы үшін құқықтық, демократиялық мемлекеттің болуымен қатар қоғам мүшелерінің алуан түрлі әлеуметтік мүдделерін көрсететін, соның ішінде саны жағынан көп, экономикалык жағынан барынша қамтамасыз етілген және тәуелсіз «орта тап» мүшесін бейнелейтін дамыған әлеуметтік құрылым болуы қажет. Орта тап азаматтық қоғамның тірегі, саяси тұрақтылық пен демократияның әлеуметтік негізі ретінде көрінеді. Бүгінде батыс қоғамының әлеуметтік кұрылымында орта таптың үлесі шамамен 60-70 пайызды құрайды.
Азаматтық қоғам екі негізгі әрі өзара байланыскан: әлеуметтік және институционалдық өлшеуде өмір сүретінін айтуымыз керек. Азаматтық қоғамды құрайтын әлеуметтік өлшеуіш — бұл оның тарихи тәжірибесі. Өз кезегінде саяси тәжірибе саяси үрдіске негізгі қатысушылардың, дәлірек айтқанда жекелеген түлғалар, топтар, бірлестіктер және с.с. қимыл әрекеті үшін жанама түрде «мүмкіндік дәлізін (коридорын)» белгілейді. Әлеуметтік-тарихи тәжірибені — ұжымдық және дербестік деп бөлсек те, олар түптеп келгенде, тұлғаның саяси мінез-құлкын, оның ойлау қалпын және түлға аралық қатынастардың басқа да көптеген аспектілерін анықтайды.
Азаматтық қоғамның институционалдық өлшеуішіне саяси емес, өз алдына жеке ұйымдардың жиынтығы және қоғамның әр түрлі топтарының мүддесі және оларды мемлекеттен тәуелсіз іске асыратын саяси сипат ретінде қараған жөн. Бүгінде азаматтык қоғам туралы ғылыми зерттеулерде оның мәні әр түрліше түсіндіріледі. Мысалы, ғалымдардың бір тобы «азаматтық қоғам» ұғымын социумның белгілі бір қалыпты жағдайын сипаттаушы ретінде қолданса, олардың екінші тобы азаматтық қоғамды түсіндіруді социумның белгілі саласы — мемлекеттік емес қатынастар саласы және институттар, т.б. саласы ретіндегі түсінікпен байланыстырады. Гегельдің пікірінше, азаматтық қоғам — бұл ең алдымен жеке меншікке негізделген қажеттіліктер жүйесі, сонымен бірге дін, отбасы, сословие, тек мемлекеттік кұрылыс, құқық, мораль, парыз, мәдениет, білім, зандар және олардан туындайтын субъектілердің өзара зандық байланыстар жүйесі. Табиғи, «мәдениетсіз» калыптан «адамдар азаматтық қоғамға өтуі тиіс, өйткені тек азаматтық қоғамда ғана құқықтық қатынастар шындыққа айналады».
Азаматтық қоғам — бүл демократиялық елдерде қалыптасқан адамдар қауымдастығы, ол, біріншіден, қоғамның барлық тіршілік әрекеті саласында құрылған ерікті түрде мемлекеттік емес қүрылымдардан (бірлестіктер, үйымдар, ассоциациялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар және т.б.), екіншіден, мемлекеттік емес — экономикалык, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б. қатынастар жиынтығын көрсетеді. Азаматтық қоғам мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар мен козғалыстардың теңестірілген өзара бақылауын, өзара шектеуін жорамалдайды. Себебі, мемлекеттік органдардың кызметі әркашанда мемлекеттік емес органдардың кадағалауында болуы керек, ал мемлекеттік емес органдар өз кезегінде, қызметін заңға орай ұйымдастыруы тиіс және мемлекеттің объективті қажеттіліктерін ескеруі керек.
Азаматтық қоғам — бұл заңды кезең, индивидтердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асырудың жоғары формасы. Ол елдің экономикалық саяси дамуы деңгейіне, халықтың әл-ауқатының артуына, мәдениет пен сана-сезімінің өсуі деңгейіне сәйкес пісіп-жетіледі. Азаматтық қоғам нақты тарихи адамзат дамуының жемісі ретінде сословиелік-феодалдық құрылыстың қатаң шеңберін қирату мен құқықтық мемлекет қалыптасу кезеңінде пайда болады. Жеке меншік негізінде барлық азаматтардың экономикалық дербестігін алуға және бәсекелес экономикада өмір сүру мүмкіндігінің пайда болуы азаматтық қоғам қалыптасуының міндетті алғышарты болып табылады. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда сословиелік артықшылықтарды жою және азаматтың барлық өзге де азаматтармен тең заңды құқыққа ие болған азаматқа айналған адам тұлғасы маңызының артуы мәнді алғышарттар болып есептеледі. Тұлғаның құқы мен бостандығын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның саяси алғы-шарты және іргетасы қызметін атқарады. Мұндай жағдайда адам мінез-құлқы оның жеке басының мүддесімен анықталады және оған барлық кимыл-әрекеттері үшін жауапкершілік жүктеледі. Осындай тұлға өз бостандығын, еркіндігін бәрінен жоғары қояды, сонымен қатар ол басқа адамдардың заңды мүдделеріне де құрметпен қарайды.
Демократияның дамуы және тарамдануы азаматтық қоғамның тынысәрекетінің маңызды жағдайы болып табылады. Тек дамыған демократия жағдайында ғана тұлғаның ішкі еркіндігін және оның азаматтык қоғамның қайсыбір институттарына енгендігіне қарамастан, толық дербестігін сақтау қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкін болады. Басқарудың түрлі формалары бар мемлекеттен азаматтық қоғамның айырмашылығы сол, ол саяси деңгейде тек демократия жағдайында өмір сүре алады.
Азаматтық қоғамның пайда болуы тұлға, қоғам және мемлекет арасында тығыз байланыс құрылған, олардың өзара тең құқықтары, еркіндіктері мен міндеттері қамтамасыз етілген социум қалыптастыруды білдіреді. Азаматтық қоғамның шынайы өмір сүруі Англия мен АҚШ-та құқық туралы билл және Францияда адам құқы мен азаматтығы Декларациясының қабылдануынан басталды. Осыған орай батыс елдерінің азаматтық қоғам орнату жолына түскенін айтқан жөн. Азаматтық қоғам қалыптасуының, жетілуінің өлшеуі болып мемлекет тарапынан адам және азамат құқына кепілдіктің берілуі және оның жүзеге асырылуының деңгейінен көрінеді.
Соңғы он жылдықта азаматтық қоғам кұру үрдісі Батыстан тыс өңірлерде де басталды. Мысалы, Шығыста саяси демократияның тұрақты сипатымен және дамыған азаматтық қоғамымен Үндістан ерекше көзге түсуде. Үндістан азаматтық қоғамына, мемлекетке салыстырмалы түрде алғанда, үлкен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі саяси партиялар, кәсіпкерлер ұйымдары, шаруалар ұйымдары, ғалымдар ассоциациялары және басқалары енген. Сонымен бірге Үндістанда бұқаралык жіктердің әлеуметтік және саяси өмірге араласуға деген талпынысы ретінде қарастыруға болатын төменгі деңгейдегі ерікті қоғамдар кеңінен тараған. Батыстың азаматтық қоғамынан Үндістандағы және Азия, Латын Америкасы, Африка құрлы-ғындағы елдерінде азаматтық қоғам құру үрдісінің өзіндік ерекшеліктері мен көптеген айырмашылықтары болады.
Қайсыбір елдердін, аймақтардың ерекшеліктерінен тәуелсіз кез келген қоғамның негізін қалайтын бәріне ортақ бірнеше идеялар мен принциптерді атаған жөн. Оларға: экономикалық еркіндік, меншік формаларының көп түрлілігі, нарықтық қатынастар, бәсекелестік; адам мен азаматтың табиғи құқығын сөзсіз мойындау және оны қорғау; биліктің заңдылығы және оның демократиялық сипаты; заң мен құқық алдында бәрінің теңдігі; тұлғаның заңмен сенімді түрдегі қорғалуы; биліктің тармаққа бөлінуі мен өзара әрекеттері принциптеріне негізделген құқықтық мемлекет; саяси және идеологиялық плюрализм, жария оппозицияның болуы; пікір, сөз және баспасөз бостандығы, бұкаралык ақпарат құралдарының тәуелсіздігі; мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы, олардың өзара міндеттері мен жауапкершілігі; азаматтық бейбітшілік, серіктестік және ұлттық келісім; адамдардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ететін тиімді әлеуметтік саясат. Азаматтық қоғам — бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес бөлігі, адамдар өзара байланысатын және ерікті тәуелсіз субъектілер ретінде бір-бірімен өзара әрекет ететін әлеуметтік кеңістік іспетті.
Өзінің қызметіне еркін мақсаттар қоя алатын және оларға жетудің тәсілдерін анықтайтын егеменді тұлға азаматтық қоғамның басты әрекет етуші субъектісі болып табылады. Қалыптасқан азаматтық қоғам мемлекет тарапынан жол берілетін ешбір күш көрсетулерге төзе алмайды. Ол азаматтар мүдделерінің еркіндігі шеңберінде өмір сүреді. Онда әлеуметтік өзін-өзі реттеушілік іске асады, бұл оны «өзін-өзі икемдеуші» коғам іспетті қарастыруға мүмкіндік береді.
Азаматтық қоғамдағы елдерде адамдар мемлекеттің бар екендігін шамалы ғана сезінеді және олар өз мемлекеттерінен көмекті өте сирек сұрайды. Англияда адамдардың мемлекетке екі жағдайда ғана ісі түседі деп әзілдейді: жәшіктен поштаны алғанда және көшедегі жүру ережесін бұзғанда. Және, керісінше, азаматтық қоғам нашар дамыған елдерде адамдар мемлекеттен жиі көмек сұрауға мәжбүр болады және «мемлекеттің көзін» тұрақты түрде сезінеді: ол ережелерге бағындырады, бірдемеге ұлықсат етеді, бірдемені шектейді немесе тыйым салады, жұмыс орнына және тұратын жеріне, туристік және ғылыми сапарларына, қажетті тұрмыстық тауарларды сатып алуына және т.б. регламентация (реттеу) коюға шейін барады.
Осымен байланысты мемлекеттің реттеушілік рөлін ең аз мөлшерге -минимумға дейін жеткізу, атап айтқанда: құқықтық тәртіпті күзету, кылмыспен күрес, жеке және ұжымдық меншік иелерінің қызметіне, олардың өз құқықтары мен еркіндіктеріне, белсенділігі мен іскерлігіне және т.б. кедергі келтірмес үшін нормативтік жағдайлар жасау қажеттілігін айтуымыз керек.
Азаматтық қоғамның нарықтык қатынастарын көзге көрінбейтін экономикалык ынталандырулар мен мүдделер ғана басқарып қоймайды. Сонымен қатар оны бүл механизмдерді қажетті арнаға бағыттауға арналған мемлекеттің биліктік құрылымдары өмірде болуы тиістігін атап айтуымыз керек. Қазақстан нарық бәрін өзі реттейді, бәрін өз орнына кояды, тек шыдамдылықпен күтіп отыру кажет деген біржақты «ғажайып әрекет етуші» ережені басшылыққа алған кезеңнен өтіп жатыр немесе одан өтіп болды. Бүл экономикада үлкен көлеңкелі, қылмыстық сектордың, сыбайлас жемқорлықтың, мафияның пайда болуына, сонымен қатар шалағай, тонаушылық жекешелендіруге әкеп соқтырды. Бүгінде нарықтық қатынастардың қальштасуында, анархия мен басқарудағы берекесіздікті тиюда мемлекеттің белсенді рөлінің аса кажеттілігі мойындалып отыр.
Қазақстанда реформа жүргізу барысында мемлекеттің рөлін әлсірету реформаторлардың бірден-бір салмақты катесі еді, енді ғана ол бірте-бірте мойындалып, аздап түзеле бастады. Азаматтық қоғамда азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері, шын мәнісінде, заңға бағынушылық пен салықтар төлеуге саяды. Алайда бүлар, бір жағынан, мемлекеттің өмір сүруін және тиімді қызметін камтамасыз ететін, екінші жағынан, тұлғаның қоғамдағы анық және тең әлеуметтік-құқықтық мәртебесін анықтайтын міндеттері болатын. Әлбетте, нақты жағдайлар мен қарым-катынастарда азаматтардың қоғамдық, еңбек, кәсіпкерлік және басқа да іс-әрекетімен қызмет, әскери, отбасы парыздарын орындаумен байланысты басқа да міндеттердің пайда болуы әбден мүмкін.
Азаматтық қоғам — бұл саясатсыздандырылған және идеологиясыздандырылған қоғам. Оған идеологиялық монополизм мүлдем жат. Бұл -еркін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, өркениетті қоғам. Онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық өшпенділіккедоталитаризмге, адамдарды күштеуге орын жок. Мұнда керісінше, заң мен моральді, ізгілік пен әділдік, демократия мен тең құқықтық принциптерін құрметтейді.
2.2
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Саяси жүйе қоғамның обьективтік даму процесінде қалыптасып, өмірге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуірде әр қилы оқиғалардың болуы да заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразін қамти отырып, заңдлық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.
Адамдар тарихтың обьективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғам мен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып, келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы ұшан – теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары. Қоғамның мүдде мақсаты обьективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде – мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субьективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш – саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз – қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің обьективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
Саяси жүйедегі мемлекеттің орны
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойнына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.
3., 3.1
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;
мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.
Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.
Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қасқаша былай деген: «Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді». Қандай тамаша айтылған пікір...!
Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
Мемлекет адамдардың, саяси- әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.
Қоғамның саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.
Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс- әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.
Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер- қазіргі заманда халықтың мүдде- мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде- мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.
Мемлекет және еңбек ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта мәселенің басым көпшілігі еңбек ұжымдарының құзыретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.
Мемлекет пен жергілікті өзін- өзі басқару мекеменлерінің қызметі жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында мемлекеттік билікті жүргізуге құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан- жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет пен азаматтар- азаматтар мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой- пікірлерін білдіріп оытруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс- әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.
Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым- қатынасына мәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:
зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтывң мәдени, рухани білімін көтері, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б. теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.
Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.
3.2
Қоғамның мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде- мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы- әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б.қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.
Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы. 
Қорытынды.
Бұл курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарау «Саяси жүйе» деп аталады. Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы.

Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.

Екінші тарауда азаматтық қоғам және оның мазмұны, белгілері көрсетілген. Азаматтық қоғам- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік- экономикалық және мәдени- рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Үшінші тарау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі көрсетілген. Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екінші бөлім «Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары» деп аталады. Саяси жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.

Қолданылған әдебиеттер



  1. https://kk.wikipedia.org/

  2. http://referat.resurs.kz/

  3. https://www.referat911.ru/

  4. https://bilim-all.kz/

  5. dereksiz.org

  6. https://www.yaneuch.ru/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет