Оқырмандық Қызығушылығының ерекшеліктері 10 сынып оқушылары Насырова Амина


Жеткіншектердің жасерекшеліктері және оқырмандық қызығушылығы



бет3/7
Дата13.11.2022
өлшемі96,4 Kb.
#157999
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғылыми жұмыс
Дене шынықтыру (1)
1.2. Жеткіншектердің жасерекшеліктері және оқырмандық қызығушылығы.
Жеткіншек балалардың дамуында жыныстық толысу тез жүреді:
қыздарда 11-13 жас; ұлдарда – 13-15 жас. Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондықтан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны- оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген.
Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқой келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру қажет. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұйымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады.
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идеал - баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Жеткіншектермен тәрбие жұмыстарын жүргізуде олардың қызығушылығын дұрыс бағыт алдыру зор маңызға ие.
Ендеше жеткіншектердің қызығушылықтарының ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Әр түрлі пәндерді оқып үйрену арқылы жеткіншектердің ой-өрісі дамиды, қызығушылығы бастауыш сынып оқушыларымен салыстырғанда кеңейе түседі. Бастауыш сыныпта оқушылардың қызығушылықтары мектеп және үйдегі жұмыстарымен ғана байланыста болса, жеткіншектердің білімі, өмір тәжірибесінің артыумен олардың жаңа әр түрлі қызығушылығы пайда болып, дамиды. Жеткіншектердің қызығушылығы бастауыш сынып оқушыларына қарағанда тұрақты болады. Осымен бірге жеткіншектердің қызығушылығының бағыты олардың өте белсенділігі және бұл белсенділіктің өзгеріп тұруына байланысты тез ауысып кетеді. Мысалы: біреулері мектептегі барлық үйірмелерге бірден жазылып алады, екінші біреулері жыл бойы бір үйірмеден екіншісіне, одан үшіншісіне т.б ауысады. Бір уақыттың өзінде көп нәрселерге қызығу немесе қызығушлықтың тез өзгеріп тұруы дұрыс емес. Жеткіншектердің қызығушылықтарын мұғалімдер, ата-аналар қадағалап тұруы керек. Олардың қызығушылықтарының тұрақты болуына жағдай жасаулары керек. Жеткіншектерде бүкіл өмір бойы жалғасатын қызығушылықтарды тәрбиелеу керек. Жеткіншектер қызығушылығы туралы айтқанда осы жаста кең таралған көркем фильмдерге деген қызығушылықты ұмытпау керек. Кино тәрбиенің зор құрамы бола тура, егер қадағаланбаса үлкен зиян жеткізуі мүмкін. Сапасы нашар фильмдерге еліктеу қандай нәтижеге алып келетінін айтпасақта түсінікті. Балалар фильмдердегі ұрыс-соғыс, қаталдықты ұнатады. Мұғалімдер, ата-аналар оқушылардың кино көруін қысқарту керек. Заманында Д.С.Макаренко оқушылардың кино көру нормасы айына 2-3 рет деп көрсеткен. Ал ендеше не болып жатыр? Айына емес күніне 2-3 рет кино көреді. Фильмдер балалардың заманға лайықты тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуі үшін, көрген фильмдерді олармен бірге талқылап, сұхбаттар жүргізу керек. Жеткіншектерге тән болған қызығушылықтардың тағы бір түрі – бұл спортқа деген қызығушылық. Осы жаста адам бойындағы күш-қуат, шеберлік сияқты қасиеттерді құрметтейді. Осы қасиеттер көрінетін спорт ойындарын ( футбол, волейбол, хоккей ) өте жақсы көреді. Ондаған спортсмендердің аттарын,командалар құрамын, спорттық кездесулердің нәтижелерін біледі. Әр бір жеткіншектің сүйікті командалары бар болып, олардың жетістік және сәтсіздіктерін қатты уайымдайды. Спортпен айналасудың жағымсыз жақтары да бар. Біріншіден, ол жеткіншекті өзіне қаратып алады – да басқа жұмыстар екінші дәрежелі болып қалады. Екіншіден, спортпен жүйелі түрде айналаспау денсаулығына әсер етеді. Тез арада күш-қуат, шыдамдылық, ептілікті дамыту үшін өз ағзасына зиян шектіреді.( ауыр жүк көтеру, шаршайтыратын жүгіру т.б.)
Жеткіншектерде жас ерекшеліктеріне байланысты оқырмандық қызығушылығы өзгереді. Оларды кітаптардағы жарқын қызықты сюжет, тез дамитын іс-әрекеттер қызықтырады. Жеткіншектерді қиыншылықтарды тез жеңе алтын, ер жүрек, мықты кейіпкерлердің іс-әрекеттерін әңгімелейтін, шытырман оқиғаларға толы кітаптар қызықтырады. Сонымен қатар оларға ғылыми – фантастикалық мазмұндағы, саяхатшылар өмірі туралы олардың басынан кешкен тосын оқиғалар туралы әңгімелер, ерекше бір қызықты және құпияға тола оқиғалар қызықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет