Оқырмандық Қызығушылығының ерекшеліктері 10 сынып оқушылары Насырова Амина



бет5/7
Дата13.11.2022
өлшемі96,4 Kb.
#157999
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғылыми жұмыс
Дене шынықтыру (1)
Оқырман қызығушылығын дамыту
Оқырман қызығушылығын дамыту көптеген факторларға байланысты. Бұл факторлар әдебиет сабақтары, кітапханадғы жүргізіліп жатқан жұмыстар, отбасындағы ата-аналардың ықпалы.
Білім беру ісінің негізгі міндеті терең ойлайтын, рухани бай, гуманистик бағыт алған, өзінің бірегейлігін түсінетін тұлғаны тәрбиелеу. Мектеп болса осындай тұлғаны дамытып тәрбиелейтін білім ордасы, әдебиет пәні бұл жерде жетекші орын алады. Әдебиет оқу пәні ретінде кешенді міндеттерді шеше алды:

  • Дүниетанымды, адамгершілікті қалыптастырады;

  • Эстетикалық сезімдерді қалыптастырады;

  • Бейнелік ойлау және сөйлеуді дамытады.

Тән алу керек, әдебиет пәнінің маңызды екендігін ешкім күмән келтірмегенімен, осы пәнге оқушылардың қызығушылығы төмендеп кеткен. Оның себебі жоғарыда айтылғандай қазіргі замандағы технологиялар, атап айтқанда – теледидар, компьютер. Әдебиетке қызығушылықтың төмендеуіне оқушылардың қызығушылығымен талғамына назар аудармау, жас ерекшеліктеріне және өмір тәжірибесін есепке алмау да себеп болып жатыр.
Оқырман қызығушылығының дамуы осы мәселені шешуге ата-аналардың араласуына да байланысты. Кітап оқуға қарым-қатынасты қалыптастыруда отбасының ролі үлкен. Үйдегі кітапхана баланың кітапқа деген қарым-қатынасына ғана емес сонымен бірге оқитын кітаптарын белгілеп береді. Балаларда оқырман қызығушылығын дамыту үшін «оқитын орта» керек. «Оқитын орта» ең алдымен отбасында болуы керек. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату арқылы оқырман қызығушылығын оятуға болады. Ол үшін кітапханашы мұғаліммен бірге жиналыс, сұхбат, дискуссия, лекция, дөңгелек стол, әдеби мейрам, тақырыптық және жеке кеңес т.б. өткізіп, ата-анлар бұрышын ұйымдастыру қажет.
Бала мектеп табалдырығын аттап, мектеп кітапханасымен қарым-қатынаста болады, өйткені оқушылардың басым көпшілігі кітаптарды кітапханадан алады. Мұғалім кітапхана және кітапханашымен оларды таныстырады. Кітапқа қызығушылығы жоқ балалар өздерінің кітапханаға, оқулықтар алу немесе кітаптарды реттеуге, кітапханашыға көмектесу үшін кіремін деген жауаптарды береді. Оқырман қызығушылығын дамытуда кітапханашының тұлғалық ерекшеліктері маңызды рөль атқарады. Кітапханашы өзі кітап оқудан бақыт табатын, шығармашыл, автормен диалог жүргізе алатын болғанда ғана балалардың кітап оқуға қызығушылығын оята алады. Сұхбат, балалар әдебиетіндегі жаңалықтармен таныстыру, кітап таңдау бойынша практикалық сабақтар, ақпараттық технологияларды еңгізу нағыз оқырманды тәрбиелейді.
5-8 сынып оқушыларының кітапханамен жұмысын сараптама жасау арқылы кітапханаға кіріп қызығушылық білдіретінін анықтадық. 5 – сынып оқушылары ертегілерді, өлеңдерді көп оқиды.
Апта сайын кітапханаға кіріп тұратын оқушылар 10,4% - 20.8%, Айына бір рет кіретін оқушылар – 68,7%, кірмейтіндер – 10,4% құрайды. Қызығып оқитын кітаптары: Дж Свифт «Гулливердің саяхаттары», А.Пушкин «Сказка о царе Салтане», П.Мәхсәтова «Сирлиқ аләм бу» ( өлеңдер ), Т.Намәтов «Солмас чечәкләр» ( өлеңдер ), Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын», Мақал-мәтелдер т.б.
6-7 сынып оқушыларының кітапханаға апта сайын кіріп тұратындары – 56,2%, айына бір рет – 31,25%, кірмейтіндер – 9,7%.
6-7 сынып оқушылары кітапханадан алып оқитын кітаптар: А.С.Пушкин “Стихи», Абай «Жетім», П. Сабитова «Журигимдә бир отум бар» (шеирлар), А. Рози «Чиңқи чүш», Д. Машурова «Ана мираси», «Қазақтың мақал және мәтелдері», А. Беляев «Адам - балық», М. Твен «Том Сойердің басынан кешкендері» т.б.
8 – сынып оқушылары кітапханаға көп кіреді, апта сайын кіретін оқушылар – 60% -70 % жетеді. Қызығып оқитын кітаптары: «Абай қара сөздері», «Ауылдың айтқыштары» , «Беташар», Х.Һәмраев «Мән тирик туғулған өз жутум билән», Й.Таирий «Язниң ялғуз ялдамиси», Ч.Айтматов «Тополек мой в красной косынке», «Гульсары», И.Жалил «Ипархан», А.Һезбақиев «Шахмат дуниясидики карамәтләр» т.б.
Оқушылар кітапханаға негізінен пән (қазақ тілі, ұйғыр тілі, орыс тілі ) мұғалімдерінің тапсырмасымен кіреді. Осы мектептегі жеткіншектердің кітап оқудағы ерекшелігі өлеңдерді көп оқиды . Оның себебі кітапханадағы кітаптар қорына байланысты. Жаңадан келген, заманауи кітаптар негізінен өлеңдер. Оқушылармен әңгімелескен кезде прозадан көрі поэзия олардың көңілінен шағатынын айтады. Екінші бір себебі жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне сай келетін кітаптардан кинофильмдер көп. Қазіргі кезде ондай фильмдер базардың әр бұрышында, тиімді бағада сатып алуға болады. Жоғарыда айтылғандай оқушылар кітапханада жұмыс істеуді сабақтың жалғасы ретінде қабылдайды. Мұғалімдер тапсырма берген кезде әлбетте кітапханада бар кітаптарға сүйенеді. Сол үшін кітапхана қоры бай болуы қажет. Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану сабақтарында Абайдың қара сөздері, мақал-мәтелдер көп талқыланады. Оқушылар мысалыға Абайдың әрбір сөзіне өз ой-пікірлерін жазады. Кітапхана жұмысын сараптама жасаған кезде, оқушылар осы кітаптарды таласып алып оқитынын көрсетті. Демек оқушылардың оқырмандық қызығушылығының дамуы мектептегі кітапхана қорына тікелей байланысты. Өз келешегін ойлаған мемлекет мектеп кітапхасының қорын байытуы қажет.
Оқырман қызығушылығы өзінен өзі қалыптаспайды. Оны қалыптастыру үшін біріншіден кітап оқуға деген қажеттілікті дамыту керек, екіншіден кітап оқу үшін қажетті дағдыларды дамыту керек. Оқырман қызығушылығын зерттеген ғалымдардың пікірлерін сараптау арқылы қызығушылық критерийлерін, немесе нағыз кітап оқуға болған қызығушылықтың белгілерін анықтадық. Қызығушылық критерийлері:

  • Кітап оқуға дұрыс көз қараста болу, «кітап оқуды жақсы көремін»;

  • Нақты бір кітаптарға қызығушылық таныту, «бұл кітаптарды оқығым келеді» ;

  • Кітап оқуға әуестену, «кітаптан бас көтере алмаймын»;

  • Кітап туралы басқалармен әңгемелесуге талпыну, «басқалардың осы кітап туралы білгенін қалаймын».

Мұғалімдер, кітапханашы осы критерийлерді пайдаланып жеткіншектерде нағыз оқырман қызығушылығын қалыптастыруға болады.

Оқырман қызығушылығын дамыту моделі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет