Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені



бет6/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1), дефекталогия, пс.прак.билет, психака туралы түсінік
Әдебиеттер:

  1. Айтбаева А.Б. Коррекциялық педагогика негіздері: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.-160 б.

  2. Основы специальной психологии: Учеб.пособие /Л.В.Кузнецова, Л.И.Переслени, Л.И.Солнцева и др. М.: «Академия», 2005.-480 с. .

  3. Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.

3 дәріс



Тақырып: Ақыл- ойы бұзылған балалар психологиясы

Дәріс мазмұны:

  1. Ақыл-ойы бұзылыған балалар психологиясына түсініктеме беру.

  2. Ақыл-ойы бұзылған балалардың психологиялық түрлері.

  3. Ақыл-ойы бұзылысы балаларды оқыту және тәрбиелеу.

  4. Олигофрен баланың танымдық дамуы.

  5. Эмоционалды-ерік сферасының даму ерекшеліктері.

Ақыл-ойы баяу, кеміс деген сөз дефектологияда жиі айтылады. Бұл балалардың ақыл –ой қабілетінің төмен болу екендігін білдіреді. Ақыл-ой кемістігі орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейдегі зақымдалуынан болады. Арнайы педагогикада ақыл-ойы кеміс балалардың бұзылуын зерттейтін, оларды оқыту мен тәрбиелеуді қарастыратын және әлеуметтік ортаға бейімделу мәселесімен шұғылданатын олигофренопедагогика болып табылады. Бұл терминді ғылымға ХХ ғ.басында неміс психиаторы Э.Крепелин енгізген болатын және оның мағынасы грек тілінен аударғанда «ақылы аз» дегенді білдіреді.

Олигофрения –бұл ақыл-ой сана және психикалық түрдегі дамымаушылық. Орталық жүйке жүйесі қызметінің зақымдануының нәтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас миының дамымауы болып саналады. Преднаталдық -ішкі даму жағдайында; наталдық -дүниеге келу сәтінде; постнаталдық- дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезеңмен сипатталады. Бұл мәселе бойынша ХХ ғ. 50-70 жылдары отандық ресейлік ғалымдар көптеп айналыса бастады Г.Е.Сухарев, М.С.Певзнер, Д.Н.Исаев, В.В.Ковалев және т.б.

Олигофренияның болу себептері әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады. Бұлар экзогендік (сырттай) және эндогендік (ішкі) сипатқа байланысты келеді.

Экзогендік фактор – анасынын жүкті болу негізіңде түрлі инфекциялық аурулармен ауруы (тұмау, қызылша т.б.), түрлі интоксикация (улы заттардың әсерінен), паразитті жұқтыруы (жануарлар арқылы жұғатын токсоплазмоз), вирустік аурулар, анасының ағзасына түрлі кеселдің түсуі, түрлі травмалар мен соққылардың әсерінен болады.

Эндогендік фактор – туа пайда болатың олигофренді алып келеді. Бұған патологиялық тұқым қуалаушылық, ата-анасының түрлі венерологиялық аурулары, сондай –ақ екеуінің біреуінің ақыл-ой кемістігі, хромосом тобының бұзылуы, ақзадағы ақуыздыңалмауының бұзылысы (фенилкетонурия), резус-фактор бойынша қан құрамының сәйкес келмеуінен болады.

Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар. Идиотия, имбецил, дебил.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет