Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері



Дата12.05.2020
өлшемі18,27 Kb.
#67411
Байланысты:
3 лекция
2 лекция, 4 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 8 лекция, 9 лекция, 10 лекция, 10 лекция, 8 лекция, 11 лекция, 11 лекция, 15 лекция, бақылау сұрақтары 1-ші сынып.

  1. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері

Педагогикалық процестің басты идеясы - оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мзмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен , оқыту машиналармен, техникалық құралдармен , атап айтқанда , символикалық экранды – динамикалық дыбысты- техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.

Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық-психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен балалар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, қамқорлық және қиын жағдайларда өзара көмек іс-әрекетінің сапасына тиімді ықпал жасайды.

Сонымен , тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау – бұл әр түрлі іс-әрекеттерін нақты жоспарлау , әр түрлі жұмыстарды табиғи бірлікте жүзеге асыру.

Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді. Оқыту және тәрбие процесінің арасындағы байланысты тікелей аралық қатынастың байқауға болады. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Мысалы, кітаптың «Екінші бөлімі» бойынша тәрбие процесінің принциптерін, «үшінші бөлімдегі» оқыту процесі принциптерін еске түсіруге болады.

Екінші бір есте қалатын мәселе – бұл оқыту және тәрбие процестерінде принциптерді тәрбие және білім беру теорияларына байланыстырып, жеке-жеке пйдаланудың да мәні зор, жақсы нәтиже береді. Бұл жағдай осы кітаптың екінші және үшінші бөлімдерінде баяндалады.

Оқытудың ақпараттық техналогиясының оқу процесінің барлық құраушыларына мәнді әсері бар. Компьютердің оқу мақсаттарында пайдаланылуы баланың жұмысын жеңілдетіп, ұзақ уақытта орындалатын қызметтен босататын, қажет ақпаратты өзі іздеп табуға мүмкіндік алатыны, қателесу қорқынышынан құтылатыны Б.С.Гершунский, С.А.Бешенков, Е.И. Машбиц, С.Г.Григорьев.[6,7,8,9]

Оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына ақпараттық технологияларды интеграциялау арқылы енгізу Г.Б.Ахметова, М.Х.Балтабаев, Р.Ш.Бектұрғанова, Ө.З.Иманғожина, С.С.Құнанбаева, А.Ә.Нұрманалиева және т.б. зерттеу жұмыстарында жазылған.[10,11]

Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту үрдісі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарасымен және өзіндік моральдық талаптарымен, белсенділіктің түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттермен сипатталады.

Сонымен қатар, ақпараттық технология тек жеке даралықты қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортақ қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып, оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да қарастырады. Себебі бір мектепке дейінгі топтағы баланың меңгеру деңгейлері әр алуан. Бірақ меңгеру талаптары бәріне бірдей. Сондықтан бұл жерде ақпараттық технология меңгерудің сатылап жүру кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау, модульдік оқыту, даралық және топтық оқыту әдіс-тәсілдерін қатар интеграциялық түрде қамтиды.

Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байлаысты оқу әрекетінің түрлері:

эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде:



  • манитор экранындағы фонына назар аудару;

  • фондағы жекеленген объектілерге зейін аудару;

  • нақты жағдаятты және айрықшаланған объектілерді суреттеу;

  • нақты жағдаяттарды кешенді бейнелеу;

  1. жағдаятты тануға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде:

  1. моделді түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде:

  • таңдалған алгоритм бойынша моделді түрлендіру;

  • таныс модель жасау, түрлендіру нәтижесін интерпретациялау;

  • берілген есептің шешуін бағалау;

  1. дағдыны қалыптастыруғы қалыптастыруғктикалық әрекет:

  • дағдыны таныс жағдайда қолдану;

  • таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру.

Осы кезеңдер бойынша бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Оқу әрекеті компьютерлік сауаттылықтың маңызды бір құраушысы өңдірісте, мәдениетте, білім беруде компьютерлердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосыпы, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Бұл әр баланың дербес компьютердің және тәрбиешінің көмегімен өзара түсінісу ортасында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және баланың танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.

Бастауыш мектепте оқыту процесіне ақпараттық технологияны енгізу



  • оқу процесінің тиімділігін үнемі арттырумен,

  • рационалды пайдаланбайды,

  • оның рөлін кітап бетін аударуға ғана саяды,

  • төменгі сынып оқушыларының ақыл-ой дамуын қадағаламай, есте сақтау, ойлау, шығармашылық жұмысын төмендетеді,

  • оқытуға ойындық сипат беріп, оқу материалын меңгеруін кемітеді.

Жаңа технология – ол әртүрлі деңгейлікте оқытуға мүмкіндік берудің алды, ол екі түрлі ұғым. Саралап оқытуды технология алдымен іске асырады. Кейбір ғалымдар технология деген түсінікті белгілі бір өмірге қажеттіліктен туған тұжырым шарты деп қабылдайды. Қандай теория болса, сондай технология құрылады деген ұстанымда.

Бастауыш мектептің 1 сынып оқушыларын оқытудың маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы айтылған үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз ету, баланың адамгершілігін, эстетикалық талғамын, экологиялық сауатты өмір сүру мәдениетін халықтың озық салт-дәстүрі, рухани мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынады.

Халыққа білім беру ісін жетілдіру – мемлекет саясатының мәселелерінің бірі. Білімнің мазмұны – оқыту процесі компаненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде балалардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінез қалыптасады.

Мектептепке дейінгі және бастауыш білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:


  • табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру;

  • диалектикалық – матералистік көзқарасты тәрбиелеу;

  • адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;

  • жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.

Жалпы орта білім мзмұнын қалыптастырудың көзі адамның өз тағдырын өзі шешудегі негізгі өрісі (ортасы) – адам, қоғам, табиғат, ноосфера болуы қажет.

Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндеттері білім мазмұндағы тұтас бейнелеу критерийі. Бұл критерийді пайдалану үшін жүйелі құрылым талдау әдістері қолданылады. Осы әдістерінің негізінде оқу бағдарламасында көрсетілген барлық негізгі теориялар, заңдар, және ұғымдар ғылымының осы саласы жөніндегі жеткілікті тұтас түсінік береді, ғылым өндірісте, қоғам және мәдени өмірде қолданылады; балалардың дағдысы, танымдық ынтасын, ақыл-ойын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерінің негізгі түрлері пайдаланылады.



Орта білім мазмұнын құруда халықаралық тәжірибені ескеру критерийі. Бұл критерийі бойынша біздің оқу бағдарламаларымызды дүние жүзіндегі дамыған елдердің орта мектеп оқу бағдарламасыме салыстыру және әрбір оқу пәні бойынша мектептегі білім дәрежесінің артықшылығын қамтамасыз ету керек.

Қазіргі заманғы мектептің оқу әдістемелік және материалдық базасына білім мазмұнының сәйкестік критерийі. Осыған сәкес білім мазмұнына басты лабораториялық және практикалық жұмыстардың кіруі қажет. Оларды өткізу үшін мектеп өмір талабына сай жабдықталуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет