Оқыту үшін әмбебап дизайн құрастырушы докторант Жомартова А. Д. Павлодар 2020



бет1/3
Дата23.05.2020
өлшемі152.89 Kb.
түріСабақ
  1   2   3


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілгі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық педагогикалық факультет

Психология және педагогика кафедрасы


ОҚЫТУ ҮШІН ӘМБЕБАП ДИЗАЙН


Құрастырушы докторант Жомартова А.Д.

Павлодар 2020


1 практикалық сабақ Әлемдік білім беру кеңістігіндегі инклюзивті білім беру ұғымы мен мәселесі:

  1. "Инклюзивті білім беру" деген не және оның негізгі идеясы

"Инклюзивті білім беру" ұғымы біздің елде салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Ол еліміздің барлық азаматтары үшін сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отыр. Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту "Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген және инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру бағыттары сипатталған, сондай-ақ жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелер ұсынылған.

"Инклюзивті білім беру" ұғымы француз тілінен аударғанда «inclusif»-«өз құрамында», латын тілінен-«include» аударғанда «қосамын» деген мағынаны білдіреді, ол білім беру процесіне денсаулық жағдайына, нәсілдік және діни қатыстылығына, түрлі наным-сенімдеріне қарамастан, білімге мұқтаж адамдардың барлығын қосуды білдіреді.

Испания, Саламанкада 1994 жылдың маусымында өткен айырықша мұқтаждықтары бар тұлғаларға білім беруге арналған дүниежүзілік конференцияда келесі жағдайлар айрықша айтылды:

• әрбір баланың білім алуға негізгі құқығы бар және қажетті білім деңгейіне жетуге және қолдау алуға мүмкіндігі болуы тиіс;

• әр баланың бірегей ерекшеліктері, мүдделері, қабілеті және оқу қажеттіліктері бар;

• білім беру жүйесін әзірлеу және білім беру бағдарламаларын жасауда осы ерекшеліктер мен қажеттіліктердің кең алуан түрлілігін назарға алатындай етіп орындау қажет;

• кәдімгі мектептер білім беру саласында бірінші кезекте ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында балаларға бағытталған педагогикалық әдістер негізінде жағдай туғызуы тиіс және оқуға қол жетімді болуын қамсыздандыру қажет;

• мұндай инклюзивтік бағыттағы қарапайым мектептер кемсітушілік көзқараспен күресудің ең тиімді құралы болып табылады. Қауымдастықтарда қолайлы жағдай жасау, инклюзивті қоғам құру және барлығына білім беруді қамтамасыз ету: балалардың көпшілігі үшін нақты білім ала алуын қамтамасыз етеді және білім беру жүйесінің тиімділігін және пәрменін арттырады".Ұсынылған бала құқықтары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ "Білім туралы" Заңымен бекітілген, және білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері көрсетілген:

1) барлық балалардың сапалы білім алу құқығының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамдағы барлық адамдардың білімге қолжетімділігінің қамтамасыздығы;

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке тұлғаны білім алуға ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігін қамсыздандыру;

8) оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) меншік нысандары, оқыту және тәрбиелеу нысандары, білім беру бағыттары бойынша білім беру ұйымдарының алуан түрлілігінің болуы [3-бап,] ал 2015 жылдан кейін жоғарыда айтылған Министрдің бұйрығы шықты

2. Инклюзивті білім беру идеясының пайда болуының тарихи алғышарттары (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Самуэль Гейнике, Александр Бланше және т. б.).)

Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады. Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі: − Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы»; − Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 ж ылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы [4-12]. Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», «Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі бойынша Саламанк декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері» және т.б. [13-15]. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген.

Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру. Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері: - инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру; - инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру); - білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау; - «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу; - инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі қағидаларға негізделеді: − Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның ұстанымын айқындайды. − Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу, сондайақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықылас-ықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының қатынасуы. − Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді. − Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады. − Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда, балалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар балаларды арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген атааналық (заңды өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Скандинавиялық елдерде, Жапонияда, АҚШ-та инклюзивті білім беру



4. КСРО кезеңіндегі бірлесіп оқыту идеясы

5. Заманауи Германияда инклюзивті білім беру

6. Заманауи Ирландиядағы инклюзивті білім беру

7. Финляндияда Инклюзия

АҚШ-та инклюзивті білім беру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет