Оқытудағы құзыреттілік ұғымы



бет1/3
Дата03.03.2023
өлшемі20,88 Kb.
#170983
  1   2   3
Байланысты:
Құзыреттілік 1


Оқытудағы құзыреттілік ұғымы
«Құзырет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс тауып, қолдану мүмкіндігіне қарай құзырет, құзыреттілік, құзыретті ұғымдары әр түрлі мәнде саралануда.
Латын тілінен келген «Компетентность» (лат.competentia – құқылы тиесілік) термині бір нәрсе жайында өзінің дәлелді, абыройлы пікірін білдіре алатындай білімді меңгеру, бір салаға қатысты хабардарлық, беделділік деген мағынаны білдіреді.
Competence – беделді тұлғаның нақты шарттарда белгілі бір іс-әрекеттерді жасай алуының заңдастырылған мүмкіндігі, өкілеттілік шеңбері. Осыдан келіп, (competens – тиесілі, лайықты, мүмкіндігі бар) – өзінің білімі мен өкілеттілігі тұрғысынан шешім қабылдап, пікір білдіре алатын белгілі бір саланың білімді, білгір маманы».
«Компетенция» (лат. Competere – дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) –
белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабардарлығы бар мәселелер шеңбері;
біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттігі шеңбері.
С.И. Ожеговтың сөздігінде «құзыреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама берілген: «құзыреттілік – біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы».
Ал Ю.Н.Емельяновтың еңбектерінде құзыреттілік ұғымы ауқымды жоспарда қарастырылады: «Құзыреттілік – дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.
Оқытудағы «құзырет», «құзыреттілік» «құзыреттілік тәсіл» дегеніміз нені білдіреді, бұл ұғымдардың еліміздің білім беру жүйесінде қандай маңыздылығы бар және «шәкірт құзыреттілігін қалыптастыру» қалай жүзеге асады? Осы сұрақтар курстық жұмыстың осы бөлімінде талданады.
Қазіргі таңда «білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзырет ұғымы ерекше орын алады. Зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша құзырет тек білімге ғана емес, біліктілікке жақынырақ және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды. Яғни құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдардан тұрады. Бірақ құзыреттілік жай ғана бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол студенттердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игертуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.
Құзыреттілік тәсілдің шығуына себепші болған проблема бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнының «қазіргі заманғы экономика мен өркениеттің сұранысына» сәйкес болмауынан туындап отыр дейді И.Д.Фрумин.
Қазіргі қоғамда оқытуда «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының қолданылуы туралы бірнеше пікір қалыптасқан. Мәселен, «бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» және «оқу біліктіліктері» деген дәстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар» дейтін, немесе «құзырет» және «құзыреттілік» адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр және олар кәсіби іс-әрекеттің жоғары сапасын көрсетеді» дейтін де пікірлер бар. Дегенмен, «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары студенттердің мәдениеттанымдық іс-әрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруде.
Құзырет пен құзыреттілік – бір-бірімен тығыз байланысты екі ұғым. “Құзырет – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, іскерлік, дағды, әрекет тәсілі) жиынтығы болса, құзыреттілік – адамның сол әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі” болып табылады. Сондықтан да құзыреттілік ұғымына тек танымдық және әрекеттік-технологиялық құраушылар ғана емес, сондай-ақ мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық компоненттер де кіреді.
Сонымен «құзыреттілік» ұғымына қатысты анықтамаларды былайша топтастырып беруге болады:


алынған
білімдер мен
біліктерді іс-
жүзінде,
күнделікті
өмірде қандай
да бір
практикалық
және
теориялық
мәселелерді
шешуге
қолдана алу
қабілеттілігі.

адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс.

сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті арқылы байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы.

тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы.

тұлғаның қызметке өзбетімен әрі үздік араласуға бағдарланған жалпы қабілеттілігі, оның оқуы және әлеуметтенуі барысында алған білімдері мен тәжірибесіне негізделген іс-әрекетке дайындығында көрініс беретін кіріктірілген сапасы.

Еліміздегі нәтижеге бағдарланған білім беру бағдарламасының жобасында «Оқытудың басты мақсаты оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және оларды жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдері негізінде қазіргі өндірістік технологияларды игеруге, практикалық дағдылар мен түйінді құзыреттерді меңгеруге үйрету болып табылады» делінген. Сол себепті, жоғары оқу орындарында оқытудың мақсаты оқу пәндері бойынша білім жүйесін, өзбетінше жұмыс істеуге қажетті біліктілік пен дағдыны, ғылыми дүниетанымды, құлықтық көзқарастарды қалыптастыруды, оқу және еңбек қызметі мен қоғамдық қызметке ынта тудыруды қамтамасыз ететіндей мазмұнды игертуді көздейді. Оқу-тәрбие үдерісінде пәннiң мазмұны оқытудың әдiстерi, тәсiлдерi, формалар жүйесiнiң және оқыту жағдайы мен оқушылардың қоғамдық пайдалы iс-әрекеттерiнiң көмегiмен жүзеге асырылады. Оқыту мен тәрбиенiң мазмұндық және процессуалдық жақтарының дәл осындай бiрлiгi, олардың мақсатының тағайындалуы, педагогикалық бағдар оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
Құзыреттілікті қалыптастыра оқыту студенттің хабардарлығын емес, мынадай жағдаяттарда: нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірдегі өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шеше білу біліктілігін анықтайды. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді
Жаңа нормативтік құжаттарда білім сатылары бойынша оқытылатын пәндерден күтілетін нәтижелер анықталып берілген. Олар үш түрлі құзыреттілік түрінде сараланған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет