Оқытудағы құзыреттілік ұғымы



бет2/3
Дата03.03.2023
өлшемі20,88 Kb.
#170983
1   2   3
Байланысты:
Құзыреттілік 1

Бірінші құзыреттілікстудент проблемаларды шешу құзыреттілігі бойынша:
 әртүрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;
 өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады, сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады;
 өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді талғай алады; сөздік қорын өз бетінше толықтырады.
Екінші құзыреттілікақпараттық құзыреттілік бойынша:
 ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды;
 тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады;
 логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады;
 мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады;
 ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындайды.
Үшінші құзыреттілік коммуникативтік құзыреттілік бойынша:
 сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді;
 ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады;
 оқу материалдары бойынша іскерлік қарым-қатынасқа қажетті дағдыларды меңгереді;
 ауызша, жазбаша сөйлеу қажетті коммуникативтік сапаларды қолданады;
 іс қағаздары түрлеріне сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады;
 ұсынылған тақырып пен ситуациялық тапсырмаларға сай сөздерді орынды таңдап, жұмсай алады;
 қазіргі заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Яғни, құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі болса, «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің басты міндеттерінің бірі пән мазмұнын меңгере отырып, студенттерді қосымша ақпарат негізінде жұмыс істеуге дағдыландыру болып табылады. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін, ақпараттық құзыреттілі негіздерін қалыптастыру студенттердің түрлі ақпарат көздерімен тиімді әрі пайдалы жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты. Студенттердің ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпарттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпарттарды өңдеуге; өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпарттарды қолдануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет