Оқытудың интерактивті әдістері



бет4/14
Дата12.12.2022
өлшемі3,49 Mb.
#162434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ СЛАЙД
Әлия Молдағұлова

Әңгіменің түрлері

Әңгіменің түрлері

Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрін

анықтады:

  • Әңгіме-дебат (мәлімдеу және қарсы мәлімдеу)
  • Топтық (қайталау, мақұлдау, түсіндіру)
  • Зерттеушілік (сыни әрі сындарлы).
  • Сонғы екеуі PSHE-де кең тараған, өйткені олар оқушыларды эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады. Кейде дебат та болуы мүмкін, бірақ оның дәлелдерге негізделген стилі қауіпсіз және қолайлы орта құра алмайды. Бұл оқушыларды өз көзқарастарына бағытталған орынсыз шабуылдардан сақтанып, тайсалмай сөйлеуге итермелейді. Топтық әңгіме қауіпсіз ортаны құруға барынша ыңғайлы. Бұл жерде «сөйлеушілер әңгіме құрып, өз бетінше және өзара қолдау көрсету арқылы, сынап-мінемей ақпаратты ұсына отырып, білім және түсінік негізін бірлесіп құрады» (Мерсер, Сөздер мен Саналар, 2000)

Пікірталастар мен талқылауға арналған жаттығулар

Төменде пікірталастар мен дебаттарды қолдау үшін қолдануға болатын тәсілдер берілген. Тінтуірмен айналдырыңыз немесе слайд шоудағы сілтемеге басыңыз.


Уақыт шеңбері Балалар философиясы
Кемпірқосақ топтары Қар кесегі
Жұптық әңгіме Тыңдап отырған үштік
Өкілдер Джигсо Құндылықтар спектрі Ыстық орындық
Ара қашықтық Алтын балықтың аквариумы
Стоп-кадр Ақылдың алты қалпағы
Еркін талқылау Радиоға қоңырау шалу
ТВ Шоу Сұрақтар шеңбері
Стикердегі диалог Айналмалы бекет
Ойлан –Жұптас - Бөліс 3-қадамдық сұхбат

Уақыт шеңбері


Мақсаты:
Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсінуді алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.
Ұйымдастыру:
Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп).
Жаттығудың сипаттамасы:
Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отыр. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, үйлестіруші екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:
  • Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
  • Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.
  • Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет