Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік Оқытуды ұйымдастыру формасы



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,62 Kb.
#84030
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ДШН-27

Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу мтериалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыр алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыу процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурситя түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабқтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларғ бқылау жасайды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың ұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндергше қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қаыстыра отырып, олардың дүние танымын тереңдете және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультатив оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практиклық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосды.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарын қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмыс ұсынылған әдебиеттермен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті – оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдықь әрекетін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын–талаптарын, ғылымға бейімділігн немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдай жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігн дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымегн қатар оқытудың өмір мен байлансын қамтамасыз ету, пән аралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтарыда ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыроуға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптарымен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды.Оларға жеке дара тапсырмалар беріп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық–лаборториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет