VII. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
- толеранттылық және ғаламдық пікір;
- көпмәдениеттілік және көптілділікті;
- мәдениетаралық әрекет;
- мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;
- қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын;
қарым-қатынас мәдениетін;
эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;
шығармашылық ой мен қиялға, шығармашылық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту.
ҮІІІ - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
- денсаулық жағдайының скринингіне;
әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;
өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық;
қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.