Шығыс Қазақстан моңғол дәуірінде. ХІІІ ғасырда Дала Шыңғысханның сансыз атты әскері тұяғының дүрсілінен селк етті.
Жаулап алынған жерлерін Шыңғысхан өзінің төрт ұлына бөліп берді. Шығыс Қазақстанның аумағы саяси бөлініске тап болып, моңғолдың үш саяси бірлестігіне: Жошы ұлысына (кейіннен – Алтынорда), Шағатай мен Үгедей ұлыстарына енді.
Моңғол иеліктерінің шекарасы әрдайым өзгеріп отырды, бұның негізінде табиғи себептер (мұрагерлері арасындағы қайта бөліс) жатты, бірақ Шыңғысхан ұрпақтарының арасындағы жиі кездесетін талас-тартыс та ықпал етті.
Шығыс Қазақстанның көп бөлігі (Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы) Батыс Моңғолияның жерлерімен қоса Үгедей ұлысының құрамына кірді. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін Үгедей хан лауазымын қабылдап, өзінің ордасын Тарбағатайға орналастырған. Үгедей қайтыс болғаннан кейін 1246 жылы оның ұлы Күйік хан болып жарияланды.
Тегі, өзінің алғашқы міндеті ретінде Күйік хан өзінің негізгі қарсыласы – Батудың көзін құртуды көздеген сияқты. 1248 жылдың басында Күйік хан бастаған әскер Жошы ұлысына қарай жылжиды. Бату оның ниетін біле салысымен өз әскерімен Күйікке қарсы аттанады. Бірақ Шыңғысхан ұрпақтары арасындағы бірінші ашық соғыс болмай қалды. Күйік майдан даласына жетпей, кенеттен қайтыс болады.
Күйік дүние салған соң, империядағы жоғарғы билікті Төленің ұрпақтары өз қодарына алады. Батудың көмегімен ұлы хан тағына Төленің баласы Мөңке отырды (1251 – 1259 ж.ж.). Империядағы билікті, жаулап алынған жерлерді енді Мөңке мен Бату және олардың билігін мойындаған басқа да шыңғыс ұрпақтары өзара бөлісті.
Осыдан кейін Үгедей ұлысының шығыс-қазақстандық бөлігі Алтын Орданың құрамына енді. Үгедей әулетін қайта күшейту оның немересі Хайдудың негізгі өмірлік міндеті болды. Репрессия дәуірінде Мөңке Хайдудың өмірін сақтап қалып, оны кезінде атасының ордасы тұрған Тарбағатайға жер аударды. Хайдудың менмендігі шектен шығып, ол өз әулетіне қарсы шыққан жауларынан кек қайтаруды және моңғол ұлысында Үгедей ұрпақтарына биліті қайтадан әперуді көздеді.
ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдары ол, шағын күшке ие бола отырып, өзінің қолбасшылық қабілеті мен дипломатиялық шеберлігі арқасында Үгедей ұлысын қалпына келтіріп, Тарбағатай мен Қара Ертістің бассейініне иелігін орнатты. Кеіннен олар тіпті Талас өзеніне дейінгі жерлерді жаулап алды, сонымен қоса ол Мәуренахрмен соғысуға дайындалды.
Бірақ соғыстың орнына бейбітшілік келді. Хайду шыңғыс ұрпақтарына бейбіт бастамамен шықты, ол 1269 жылғы жаңа құрылтайдың шақырушылардың бірі болды. Құрылтайдағы саяси мәселелерде Хайду мен шағатайлық Барақ ортақ мәмілеге келіп, Мауераннахрдың үштен бірі Хайдудың иелігіне өтті. Осы құрылтайдан кейін ол дербес билеушіге айналды.
Үгедей мен Шағатай ұлыстарының көп бөлігін біріктірген Хайду 1271 жылдан бастап, Алтайдан Сырдария мен Әмударияға дейінгі аралықта созылып жатқан, тарихта Хайду мемлекеті деген ат алған, мемлекеттің басына келді. Алайда Хайду қайтыс болғаннан кейін шекара бөлісу мәселесі бойынша талас-тартыс қайта басталады. ХІV ғасырдың ортасында талас-тартыстардың нәтижесінде Хайду мемлекеті ыдырады.
Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі (қазіргі Үржар, Аякөз аудандары) алғашында Шағатай ұлысының, кейіннен шыңғыс ұрпақтарының билігі сөз жүзінде болған Моғолстанның құрамына енді.
Шығыс Қазақстанның солтүстік бөлігі ең басында Жошы ұлысының, одан кейін Алтынорданың, соңынан Ақорда құрамына енді. ХІІІ ғасырдың ортасында Плано Карпинидің айтуы бойынша Ақорданың бірінші ханы болған, Орда-Еженнің ордасы Ертіс бойында және Алакөлде болған.
ХІV ғ. соңғы үшінші жартысы - ХV ғ. басында Ақорда мен Моғолстан Әмір Темір әскерлерінің бірнеше дүркін басып кіруіне ұшырады.
Деректерден білетініміздей, XIV ғасырдың 70-80 жж. Әмір Темір қазіргі Үржар мен Аякөз аудандарының жеріне бірнеше рет шапқыншылық жасап, Ертіс бойына жеткен.
Әмір Темірдің шапқыншылық соғыстарынан кейін ХІV ғ. соңы-ХV ғ. бас кезінде Ақорда айтарлықтай әлсіреп, өзінің ықпалын жоғалта бастады. Еділ мен Ертістің арасында жаңа мемлекеттің негізі қаланды. Ол Ноғай Ордасы деп аталды, тағы бір атауы «Маңғыт Ордасы». Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен қоса қоңыраттар, наймандар, арғындар, қаңлылар, алшындар, қыпшақтар, қарлұқтар, алаша, тама және т.б. да кірді.
Қазан (1552 ж.) және Әжітархан (1556 ж.) хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін, ноғай билеушілерінің арасындағы талас-тартыс күшейіп, Ноғай Ордасы бірнеше тәуелсіз ордаларға бөлініп кетті.
Ноғай Ордасының иеліктері кезінде Ертіске дейін жеткен, ол Сібір хандығымен шекараласты, кейіннен осы жерлер соның құрамына енген.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
а/Дәуірлер тоғысындағы өңірдің саяси жағдайына қысқаша сипаттама беріңіз?
б/ Ғұндардың Шығыс Қазақстан аумағында мекендегенін қандай деректер дәлелдейді?
в/ Шығыс Қазақстан аймағында қандай тайпалық одақтар өмір сүрді?
г/ V-ХІІ ғасырларда Шығыс Қазақстандағы саяси жағдай қалай өзгерді?
д/Моңғол дәуіріндегі Шығыс Қазақстан территориясының ыдырау жағдайында болуына не себеп болғанын түсіндіріңіз?
Әдебиеттер:
Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Семей, 2014. - 23 б.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана с древнейших времен до современности. Программа для 8-9 классов общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2014. – 23 с.
Зарифова М.А., Бралинова Д.И. Изучение истории Восточного Казахстана с древнейших времен до современности: Методическое пособие в помощь учителю истории. – Семей, 2014. - 226 с.
Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XIX ғ. соңына дейін. 8 с. арналған оқу құралы. – Семей, 2012. - 84 б.
История Восточного Казахстана. Ч. I. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Учебное пособие для 8-х кл. – Семей, 2012. - 94 с.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XX ғ. соңына дейін. 8 с. aрналған жұмыс дәптері. – Семей, 2012. - 58 б.
Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Рабочая тетрадь для 8-х кл.– Семей, 2012. - 58 с.
История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Хрестоматия для 8-х кл. – Семей, 2012. - 224 с.
Арсланова Ф.Х. «Очерки по средневековой археологии Верхнего Прииртышья //Материалы и исследования по археологии Казахстана. – Том. 3. – Астана, 2012. – 403 с. Имеется электронный ресурс.
Артыкбаев Ж. Среднее Прииртышье в контексте проблем истории Евразийских степей (Этноисторический и этноархеологический опыт исследования) 1 том. - Павлодар, 2007. - 267с. Имеется электронный ресурс.
Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. - А-Ата, 1989.; 2-е изд., исп.: - Алматы, 1995. - 296 с. Имеется электронный ресурс.
Бичурин Н. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т.1-3. - М. - Л., 1950-1953.; 2-изд.: - Алматы, 1998. Имеется электронный ресурс.
История Казахстана в русских источниках XVI-XX вв. В 10 томах. – Алматы, 2005 – 2008. Имеется электронный ресурс.
Кадырбаев А.Ш. Казахстан в эпоху Чингис-хана и его преемников XII- XIVвека. – Алма-Ата, 1992. - 100 с. Имеется электронный ресурс.
Карпини П. История Монгалов, именуемых нами Татарами. // Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. - Алматы, 1993. – 248 с. С. 20-74. Имеется электронный ресурс.
Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. - Алма-Ата, 1972. - 158 с. Имеется электронный ресурс.
Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI веков (Вопросы политической и социально-экономической истории). – Алма-Ата, 1977. - 289 с. Имеется электронный ресурс.
Рубрук Г. Путешествие в восточные страны. // Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. - Алматы, 1993. – 248 с. С. 75-173. Имеется электронный ресурс.
Тақырып 5.Кейінгі орта ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның саяси тарихы
Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Қазақ хандығы қашан және қалай құрылды? Жоңғарлардың басып кіруінің басты мақсаты қандай болды. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. ХVІ ғасырдағы Шығыс Қазақстандағы саяси ахуал.
2. Жоңғарлармен соғыс
3. Қазақ батырлары-Шығыс Қазақстан тумалары.
3. Католиктік шіркеудің қоғамдағы мәселелері.
ХVІ ғасырдағы Шығыс Қазақстандағы саяси ахуал. ХV ғасырдың екінші жартысында Далада болған саяси өзгерістер Шығыс Қазақстандағы ахуалға да әсерін тигізбей қоймады.
Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстанның ортағасырлар тарихындағы басты оқиғалардың бірі, ол сонымен бірге біздің өңірге де белгілі дәрежеде қатысы бар. ХVІ ғасырдың белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Рашиди” еңбегінде «Қасым хан тұсында хандықтың оңтүстік шекарасы Сырдария өзеніне жетіп, Түркістанның үлкен бөлігі кірді, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау бөктерлері мен аңғарларының үлкен бөлігін қамтып, солтүстікте және солтүстік-шығыста Ұлытау мен Балқаш көлімен өтіп, Қарқаралы тауларына, солтүстік-батыста Жайық өзенінінің алабына дейін жеткен. Қасым хан тұсында халықтың саны бір миллионға өсіп, ал әскер саны – 300 мың болды» деп айтқан.
Білетініміздей,аймақтың оңтүстік-батыс бөлігі Моғолстан құрамында болған, сондықтан да осы жерлер мен ондағы тайпалар Қазақ хандығының құрамына енді.
Бірақта, ХV- ХVІІ ғасырларда Шығыс Қазақстанның едәуір бөлігі Қазақ хандығының территориясынан тыс болған. ХV- ХVІ ғасырларда Сібір хандары мен Ойрат билеушілері Қазақ хандығының солтүстік және шығыс шекараларында қазақ хандарының бәсекелестері болды, сондықтан олар ұзаққа созылған күресте өз жерлерін қорғауға мәжбүр болды.
Аймақтың бұрын Ноғай ордасына қараған солтүстік бөлігі ол әлсірегеннен кейін Сібір хандығының құрамына енді.
Сібір хандығы Шыңғысхан империясының ыдыраған бөлігнен құрылған. Ол ХV ғасырдың 60 жылдарынан ХVІ ғасырдың аяғына дейін Батыс Сібірді, Об, Тобыл, Есіл бойындағы жерлерімен қоса, сонымен бірге қазіргі Қазақстанның солтүстік-шығысын, Ертістің оң жағалауындағы өңірді алып жатты. Деректерде Сібір хандығына Тобылдың орта ағысы, Есіл, Ертіс өзендері, Ямышев көліне дейінгі жерлер кіргені айтылады.
Сібір хандығының негізгі тұрғындары “сібір татарлары” деген жинастырылған этнониммен аталған түріктілдес тайпалар болған. Оның құрамында керей, найман, уақ, қыпшақтардан басқа угор тайпалары да кірген.
ХVІ ғасырдың ортасында қазақ ханы Хақназардың әскерлері Шәйбан тұқымынан шыққан Сібір ханы Көшімнің иеліктеріне бірнеше рет басып кірген. Хақназар бірнеше шабуылдардан кейін Тобыл мен Жайық өзендерінің жоғарғы алабын қосып алды. Оның билігі кезінде хандықтың шекарасы шығыста Шыңғыстауға, Балқаш пен Шу өзендеріне дейін созылып жатты. Халықтың аңыз-әңгімелерінде оның аты ерекше даңққа бөленген. Оның кезінде қазақ жүздері қалыптасқан. Хақназарды башқұрттар мен ноғайлар да жақсы білген.
Бірорталықтанған Орыс мемлекетінің тұңғыш патшасы ІV Иван Грозныйдың экспансиялық саясатының күшеюі Сібір хандығының жойылуына (1598 ж.) әкелді. Өзінің аймақтағы ұстанымдарын нығайту үшін де шығыс шекараларының қауіпсіздігін бекемдеу үшін Түмен, Тобыл, Тара, Том сияқты қалалар мен бекіністердің негізі салынды.
Қалалардың пайда болуымен, қазақ даласының шекарасында мал шаруашылық өнімдерін әрі қолжетімді, әрі арзан орыс тауарларына айырбастауға мүмкіндік туды. Аймаққа бекінудің стратегиялық маңызын орыс билеушілері, әсіресе Петр I жақсы.
ХV - ХVІ ғасырларда ойраттар Қара Ертіс пен Зайсан көліне дейін жетіп Батыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрді. Олар көп уақыт бойы шығыс моңғол хандарына бағынып келді, 1587 жылы жоғарғы Ертіс бойында олар сексенмыңдық халха әскерін талқандады. Бұл жеңіс ойраттардың әскери-саяси жағынан күшеюіне әкелді. ХVІ ғасырдың аяғында орыстардан жеңілген Сібір ханы Көшімнің қалған әскерін талқандайды. Сібір хандығының құлауы батыс моңғолдарға солтүстікте Есіл және Ом өзендерінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықта көшіп қонуларына мүмкіндік берді.
Қалмақтар туралы алғашқы дерек осы кезеңдегі орыс жылнамаларында кездеседі. Сібір жазбаларының бірінде: “Тобыл, Ертіс, Об өзендерінің бойындағы халық - көптілді: тотар, қолмық, муғалдар”. «Қалмақтар» (орысша - калмык) деп түрік тілділер ХІV ғасырдың аяғында-ақ Алтай тауынан батысқа қарай өмір сүрген моңғол тілді көршілерін айтқан. Екі ғасыр өткенде бұл сөзді орыстар пайдаланған, кейіннен ол ойрат бірлестігінің құрамына кіргендерге айтылған.
Сібір жылнамаларының мәліметінше, ХVІ-ХVІІ ғасырларда ойраттар иеліктері бүгінгі Омбы қаласы тұрған жерге дейін жеткен. Бұл жер С.У.Ремезовтың кейінгі карталарында да “қалмақ даласының шеті” деп көрсетілген. Батыс Моңғолия басқа ойраттардың көші-қон жерлері ХVІІ ғасырдың басында Ертістің орта ағысындағы оның екі жағалауындағы кең аймақты қамтып қазіргі Новосібір қаласы тұрған жерге дейін жеткен.
Осы кезеңде жоңғарлар (ойраттар) қазақтарға ең көп қауіп төндірген жұрт болды.
Достарыңызбен бөлісу: |