Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)


Тапсырма: презентация әзірлеу. Әдістемелік нұсқау



бет6/25
Дата13.12.2021
өлшемі150,5 Kb.
#125326
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
СӨЖ, ОСӨЖ - Қаз. тар.
4 Хаттама
Тапсырма: презентация әзірлеу.

Әдістемелік нұсқау: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. Осы заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды. Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығы, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты. Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекеттің Конституциясының негізі болып табылады. Студенттер осы құжаттың баптарына түсінік бере отырып презентация әзірлейді. Презентация белгілі бір тақырыпты, мәселені слайд түрінде көпшілікке ұсына отырып, қорғайды.

Сабақ ZOOM платформасында өтеді. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.



Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.

3. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.

4. Абдоллаев Н.А. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. - Ақтөбе, 2016. - 343 б. http://neb.arsu.kz/

5. Абдуллаев Н.А. История независимого Казахстана (1900-2018 гг.) [Текст]: учебное пособие / Н.А.Абдуллаев. - Астана: Туран, 2019. - 315 с.

6. Айдарбаева Р. Қазақстан тарихы [Кестелер, сызбалар, диаграммалар]: оқу құралы / Р.Айдарбаева. - Астана: Фолиант, 2015. - 200 бет.

7. Шаяхметов Н. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы [Текст]: оқу құралы / Н.Шаяхметов. - Алматы: Эверо, 2014. - 348 бет.

8. Тулентаева К.А. Қазақстан тарихы (1917-2017 жж.). Оқу құралы. - Алматы: "Ақнұр" баспасы, 2018. - 418 б.

9. Бейсенова Ә.С. Қазақ елі - Мәңгілік ел [Текст]: монография / Ә.С.Бейсенова. - Алматы-Астана: Қазақ университеті, 2017. - 385 бет.


7. ҚР-ның қабылдаған мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты, барысы және нәтижелері: «Болашақ», «Мәдени мұра», «Нұрлы көш», «Қолжетімді баспана», «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту», «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы», «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бағдарламалардың біріне презентация дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет