Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз



бет3/3
Дата21.01.2022
өлшемі30,67 Kb.
#112938
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
тақпақтар қоштасу

Ән «Тәрбиеші»  

Жүргізуші: Қуаныштан  шаттанып


Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып

Би билейік балақай!

Орта топтың балаларының орындауында  тамаша биді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.

Ортаға «Білгішбек» келеді


Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы  білімдісіңдер  мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік  асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді


Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

2-Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде  талпынуың керек емспе?


Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

1-Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен  апаңнан  қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.

Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

2-Тәрбиеші : Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?


 Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Мектепке біз барамыз ба?


2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9.    Екі алғанда жылаймыз ба?
10.     Оқушы біз боламыз ба?

Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?


2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?


2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3.    Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5.    Сериал көріп жатасыз ба?
6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.    Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.    Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?
 
1-Тәрбиеші: Рахмет  көп- көп
                      Балаларымыз көңілді
                       Шақырамыз ортаға
                      Тойымызға сән беріп
                       Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Гүлдер»


2-Тәрбиеші: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?


1-    бала. - оқып білім алу үшін
2-    бала: - еліме еңбек ету үшін
3-    бала: Білімді азамат болу үшін
4-    бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

1-Тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.

Ән: «Отан деген атамекен»

Білгішбек: Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.


Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнанда қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.


Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой.Біздіңде балалардың саған дайындаған бір көріністері бар, кәне сенде отырып тамашала.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет