Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп коймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымызлын ақиқаттығына күмән туғызады


Қазақстанға банк жүйесінің енуі[өңдеу]



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі49,86 Kb.
#79313
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Қазақстанға банк жүйесінің енуі[өңдеу]


Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында кредит желісінің жасалуы 19 ғасырдың соңында басталды. Ресей империясының кредит жүйесінің бір бөлігі болған Қазақстанның кредит желісі мемлекеттік банкінің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктердің филиалдарынан, сондай-ақ кредит кооперациясынан және ұсақ кредиттің басқа да мекемелерінен құралды. 1-дүниежүзілік соғыстың басталуы қарсаңында Қазақстанда ең қарапайым банк операцияларын жүзеге асырған казначейліктерді, сондай-ақ, 345 кредит және қарыз-сақтық серіктіктерін қоспағанда, 44 Банк мекемесі жұмыс істеді. 20 ғ-дың басында Қазақстандағы негізгі Банктер — Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты. Сауда айналымдарының ұлғаюына байланысты Қоянды жәрмеңкесінде Ресей Мемлекеттік банкінің уақытша бөлімшесі 1894 жылдан жұмыс істеді, ал 1912 жылы Ресей сыртқы сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. Сауда-өнеркәсіп ісін тікелей қаржыландыру жөніндегі операциялар — вексельдерді есепке алу және тауарларды кепілдікке алып қарыз беру ісі неғұрлым дамыды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де Қазақстандағы банк жүйесі КСРО банк жүйесінің бір тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, жинақ кассаның 4147 мекемесі жұмыс істеді. Тек Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк, т.б.)
Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк — ҚР Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және уәкілеттігі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге Банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар “коммерциялық Банктер” деп аталады. Себебі, олардың жарғылық қорлары мемл. меншіктен шығарылып, жарналық акцион. капиталдан құралады. Ұлттық Б. эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық Банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды.[1] Екінші деңгейдегі Банктер халық шарасы мен халыққа сан-салалы қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған. Қазақстанда алғашқы коммерциялық Банктер (Интеринвестбанк, Крамдсбанк) 1989 жылдан пайда бола бастады. 1992 жылы олардың саны 232-ге жетіп, 1994 жылы күрт қысқарды. 1999 жылдың басында Ұлттық Банк пен Үкіметтің арнайы ақша-несие саясатының нәтижесінде (жарғылық капиталды өсіру арқылы) Банктер саны бұрынғыдан да азайып, олардың өзіндік капиталы 53,7%-ке (41,2 млрд. теңге), активтерінің жалпы көлемі 10,4%-ке (186 млрд. теңге) жетті. Депозит көлемі ұлттық валюта есебінде 22 млрд-тан асты (1999, қаңтар). Ұлттық Банктің перспективалық жоспарында Банктерді одан әрі шоғырландыра түсу көзделген. Осыған орай олардың жарғылық капиталының ең төм. мөлшерін 300 млн. теңгеге жеткізіп, оны бірте-бірте 1 млрд. теңгеге дейін өсіре беру межеленген. Қазақстандағы екінші деңгейдегі Банктердің ең ірілері қатарына Қазкоммерцбанк, Қазақстанның халықтық банкі, Тұранәлембанк, т.б. жатады (1999). [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет