Қолыңыздағы оқу-әдістемелік құралдың мақсаты студенттің өзіндік жұмысын тиімді жүргізіп, әдеби талдау дағдысын қалыптастыру әрі жетілдіру



бет5/7
Дата07.02.2023
өлшемі93,5 Kb.
#167789
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практикум
Хамза Есенжанов. «Ақ Жайық» романы.
Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Қазақ жұмбақтарының ең жаңа жинақ «Бабалар сөзінің» 64-томы. Осы жинаққа жазылған алғы сөзбен, мәтіндермен мұқият танысып шығыңыз. Жанр табиғатына қатысты көрсетілген басқа іргелі еңбектермен танысып шықсаңыз нұр үстіне нұр.




  1. Жұмбақ жанры жайлы ғалым Ш.Керімнің: «Бір зат қаншалықты көп жұмбақтардың өзегіне айналса, әр жұмбаққа нысана алуан түрлі өрнекпен бейнеленіп, алуан белгілері төбе көрсетеді. Оның себебін адам танымының шексіз мүмкіндігінен іздеу мақұл, айналадағы құбылыстар мен заттардың қасиеттері ұшан-теңіз, адамның ой-өрісі кеңейген сайын әр құбылыстың бұрын байқалмаған сыр құпиялары ашылып, ол жайлы мағлұматтары мен түсінік шеңбері кеңейе түспек», - деген пікірін нақты мысалдармен дәлелдеңіз. Бір заттың немесе құбылыстың әр қилы жұмбаққа арқау болатынына мысалдар келтіріңіз. Әр жұмбақта жасырылып тұрған бір ғана зат (құбылыстың) түрліше қасиеттерінің сан қырынан танылатынына назар аударыңыз. Әр жұмбақта затқа (құбылысқа) берілген сипаттаманың логикалық қисындылығы мен дәлдігіне, бейнелілігіне көз жеткізіңіз.

Үлгі:
Басы бар да шашы жоқ,
Көзі бар да қасы жоқ.
Жүретұғын аяғы жоқ.
Суықта тоңбайды,
Ыстыққа күймейді.

Қанатты бір мақұлық ұшып жүрмес,


Өңгей бұл жалғаннан дәурен сүрмес
Ыстық пен жаздыгүні пәрмені жоқ,
Тоқсанда жаурадым деп үйге кірмес,
Бәрін де жердің жүзін өрт алғанмен
Құданың құдіретімен отқа күймес.
Демсіз, үнсіз.
Жүрсе, үнсіз.
Басса, ізі жоқ
Жүрсе, жолы жоқ.

Суда өмір сүреді,


Сусыз жерде шөлдейді.
Абайсызда ұстасақ,
Кетемін деп көнбейді.
Келтірілген 4 жұмбақтың да шешуі – балық. Әр жұмбақта балықтың сыр-сипаты әр қырынан танылған. Бірінші, екінші, үшінші жұмбақтарда балықтың сыртқы пішінінің кейбір сипаттары (басы, көзі, қанаты) суреттелсе, төртінші жұмбақта кеңістіктегі орны сипатталған т.б.



  1. Барлық фольклор жанрлары тәрізді жұмбақтар да көпнұсқалы болып келеді. Жұмбақтардың көпнұсқалылығына мысалдар келтіріңіз.




  1. Фольклор жанрларына тән сипаттың бірі формулалық қайталама жолдар мен тіркестердің қолданылуы. Жұмбақтар да осы заңдылықтан тыс қалмайтынын дәлелдейтін мысалдар келтіріңіздер.

Үлгі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет