Қолыңыздағы оқу-әдістемелік құралдың мақсаты студенттің өзіндік жұмысын тиімді жүргізіп, әдеби талдау дағдысын қалыптастыру әрі жетілдіру


-тақырып. Тұрмыс-салт жырлары (4 сағат)



бет2/7
Дата07.02.2023
өлшемі93,5 Kb.
#167789
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практикум
Хамза Есенжанов. «Ақ Жайық» романы.
1-тақырып. Тұрмыс-салт жырлары (4 сағат)


Міндеттері . Тұрмыс-салт жырларының жанрлық сипатын, ішкі түрлерін, қоғамдық қызметі мен халық өміріндегі орнын, ұлттық салт, әдет-ғұрыптармен байланысын, жекелеген жанрларының композициялық құрылымы мен көркемдік кестесін таныту, фольклорлық мәтінді талдау, ғылыми-зерттеу жүргізу дағдысын қалыптастыру.


Әдебиеттер:



  1. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл: Әдеби-этнографиялық таным / Құраст. Б.Әлімқұлов, Е.Әбдірахманов. – Алматы: Санат, 1994.

  2. Беташар: Той-томалақ кітабы / Құраст. Ж.Дәуренбеков. – Алматы: Өнер, 1991.

  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 986 б.

  4. Бабалар сөзі. Қазақтың мақал-мәтелдері. – Астана: Фолиант, 2010. Т.65:. – 488 бет.

  5. Қыз Жібек. Бабалар сөзі. Жүз томдық. 53-том. – Астана: Фолиант, 2002. – 695бет.



Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Б.Әлімқұлов, Е.Әбдірахмановтар құрастырған «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» кітабымен мұқият танысып шығыңыз. Осы кітап бойынша үйлену салтына қатысты төмендегі ұғымдарға түсінік беріңіз.

а) «Қыз көру», оның қазақ эпосындағы көріністеріне мысалдар келтір.
ә) Қыз бала мен ұл баланың тәрбие-тәлімі мен үлгі-өнегесіне қатысты халықтық пайымды білдіретін мақал-мәтелдерден мысалдар келтіріңіз. (Кемі 10 мақал).
б) Қазақтың үйлену салтындағы жаушының қызметі қандай?
в) «Ақ бата, қызыл қан шығарған құда» деген сөздің мәнісі неде?
г) «Бел құда», «бесік құда», «қарсы құда», «жанама құда», «бауыздау құда» тіркестерінің мәні?
ғ) «Ұрын тойдың» мәнісі не?
д) Қалың мал, оның берілу себебі неде және оның бөлімдері? Қазіргі кезде қыз үшін қалың мал төлеу қажет деп ойлайсыз ба?
ж) Қыз ұзату тойы, оған қатысты ырым-жоралғылар туралы әңгімелеңіз.
з) «Шілдехана», «шілде күзет», «шілде той» тіркестерінің мәні?
и) «Бәсіре атау» деген қандай ырым? Мәнісі не?
к) «Тұсау кесу», «Сүндетке отырғызу», «Ашамайға мінгізу», Тоқым қағу» салттарының мәні неде? Оларды ауызша сипаттап беріңіз.

  1. ТСЖ үй-іші, шаруашылық, еңбек үрдісіндегі түрлі салт-ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысын мысалдармен дәлелдеңіз.

  2. Ғалымдардың ТСЖ (ғұрыптық фольклорды) жіктеу үлгілері туралы айтыңыз.

  3. ТСЖ жиналып, зерттелу тарихы жайында хронологиялық кесте жасаңыз. Үлгі:

Кесте 1



Уақыты

Болған оқиға
(жинақтың, зерттеу
еңбектің жариялануы)

Авторы

Маңызы

1

18**

«Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты мақала жарық көрді

Ш.Уәлиханов

Тұңғыш рет қазақтың бәдік, арбау, бақсы сарыны сынды ғұрыптық фольклор үлгілеріне ғылыми түсінік берілді.




  1. Төрт түлік жайындағы және аңшылық жырлардың қазақ халқының тотемистік, анимистік дүниетанымымен байланысын дәлелдеңіз.

  2. Наным-сенімге байланысты жырлардың қоғамдық қызметіне назар аударыңыз.

  3. Самалық деген не? Этнографиялық зерттеулерге сүйеніп түсінік беріңіз.

  4. Аушадияр деген не? Этнографиялық зерттеулерге сүйеніп түсінік беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет