Өлшем құралдарының қателіктері



бет8/8
Дата13.02.2020
өлшемі388,2 Kb.
#57999
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өлшем құралдарының қателіктері



Жіберілетін абсолютті қателіктердің шектері мына формуламен анықталады:


Немесе

 = ±(а + Ьх),

Мүндағы, х - өлшенетін шаманың мәні, а,Ъ - х-ке тәуелді емес оң сандар.

(12) - формулаға сәйкес нормалау өлшеу құралының құрамында аддитивті және мультипликативті құраушылар бар екендігін білдіреді, мысалы, ГЗ-36 жиілігі төмен генератор үшін Д щ ±(0,03/ + 2) Гц.

Жіберілетін келтірілген негізгі қателіктің шектері мына формуламен анықталады



Мүндағы, х- өрнектелген бірлікте келтірілген нормаланатын мән; р - стандартталған мәндер тізбегінен мұндағы л=1,0-1,-2 және т.б.) таңдалатын өлшемсіз оң сан.

Бұл дегеніміз, өлшенетін шаманың мәні есептегіш құрылғының көрсеткішінің жоғарғы шегінен сәйкес пайыз санынан артық болмайды [3].

Мысалы: 26-суретте көрсетілген 0,5 дәлдік класындағы шкаласы бар вольтметрдің есептегіш құрылғысының көрсеткіші 124 В көрсетіп түр. Өлшенетін кернеу неге тең?

Шешу. Берілген қүрылғы үшін өлшенетін кернеу көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен 1 В-тен артық бол-майды. Сәйкесінше, өлшенетін кернеу 123Б < V < 125 В.

Егер жоғарыдағы жағдайларда нөлдік мән өлшеу диапазонының ішінде орналасатын болса, онда өлшенетін шаманың мәні есептегіш құрылғының көрсеткішінің өлшеу шегі модулінің ең жоғарғысына сәйкес келмейтін пайыз санынан артық болмайды.

Мысал: 26-суретте керсетілген 1,5 дәлдік класындағы шкаласы бар амперметрдің есептегіш құрылғысының көрсеткіші 4 А көрсетіп түр. Өлшенетін ток күші неге тең?

Шешу. Берілген құрылғы үшін өлшенетін ток күші көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен 0,3 А-ден артық болмайды. Сондықтан өлшенетін ток күш.

Бірқалыпсыз шкалалы өлшегіш құралдар үшін нормаланатын мән шкаланың ұзындығына тең етіп орнатылады.

Жіберілетін салыстырмалы негізгі қателіктің шек-тері: егер А (11) формуласы бойынша анықталса,



егер А (12) формуласы бойынша анықталса,



Мұндағы стандартталған мәндер тізбегінен таңдалатын өлшемсіз оң сан; Хк - өлшемдер шектері ішіндегі модулі бойынша ең үлкені (өлшеудің жоғарғы шегі немесе ортасында нөлі бар аспаптар үшін елшеулер шектерінің сомасы); с,й - стандартталған мәндер тізбегінен таңдалатын оң сандарх - аспап көрсеткіші.

Жіберілетін қосымша қателіктің шектері, әдетте, жіберілетін негізгі қателіктің шегінің үлестік мәні түрінде орнатылады. Дәлдік класының белгісі аспаптардың шкаласына, щиттеріне немесе корпусына жазылады.

Өлшем құралдарының дәлдік кластары шартты белгілермен (әріппен, санмен) белгіленеді. Жіберілетін негізгі қателіктер шектері (13) жөне (14) формулаларға сөйкес келтірілген немесе салыстырмалы қателік түрінде өрнектелетін өлшем қүралдары үшін дөлдік кластары пайызбен осы шектерге тең сандармен белгіленеді. Салыстырмалы қателікті келтірілген қателіктен ажырату үшін дәлдік класын салыстырмалы қателік түрінде белгісін дөңгелекпен сызады (2.5). Егер қателік шкала ұзындығынан пайызбен нормаланған болса, онда класс белгісінің астына V белгісін қояды. Егер қателік (15) формуласымен нормаланған болса, онда дөлдік класы с / _ ретінде белгіленеді (мысалы, 0,02 / 0,01) [6].



Мысал. Өлшеу шектері 0 10 А амперметр шкаласында 2,5 дәлдік класы көрсетілген. Бұл осы аспап үшін келтірілген қателік нормаланғанын білдіреді. (3.6) формуласына Хн = 10 А және р = 2,5 мәндерін қоя отырып келесіні аламыз:

Егер дәлдік класы келесідей белгіленсе (2.5), онда қателікті өлшенген мәннің пайызымен есептеу қажет болар еді. ОсылайшаІизж = 2 А кезінде, аспап қателігі

Мысал: 27-суретте көрсетілген 0,02/0,01 дәлдік класындағы шкаласы бар ампервольтметрдің есептегіш қүрылғысының көрсеткіші 25 А көрсетіп түр. Өлшенетін ток күші неге тең?

Шешу. Берілген құрылғы үшін өлшенетін ток күші көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен


27-сурет. Бірқалыпты шкаласы бар 0,02/0,01 дәлдік класындағы амперволътметрдің панелі

А-ден артық болмайды. Сондықтан өлшенетін ток күші 24,992 А<_I < 25, 00 А.



Мысал: 28-суретте көрсетілген (гз)дәлдік класындағы бірңалыпсыз шкаласы бар мегамметрдің есептегіш құрылғысының көрсеткіші 40 мом көрсетіп түр. Өлшенетін кедергі неге тең?



Шешу. Дәлдік класының мұндай белгісі үшін өлшенетін шама көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен 2,5%-дан артың болмайды. Сонды0тан өлшенетін кедергі 39 МОм < К < 41 МОм.



28-сурет. Бірқалыпсыз шкаласы бар (2) дэлдік класындагы мегамметрдің панелі

Бақылау сұрақтары

  1. Өлшем құралдарының қателігі түсінігіне анықтама беріңіз.



  2. Өлшем құралының жүйелі және кездейсоқ қателігі дегеніміз не?

  3. Жүйелі қателіктің болу себептерін атаңыз.

  4. Кездейсоң қателіктердің туындауына ңандай факторлар өсер етеді?

  5. Өлшем құралдарының абсолютті ңателігінің өлшеу нәтижелеріне немесе физикалық шаманың шынайы мәніне қатынасымен сипатталатын қателік ңалай аталады?



  6. Қандай жағдайларда қателік келтірілген болуы мүмкін?

  7. Өлшем құралдары үшін ңандай жағдайлар қалыпты, ал қандайлары қалыпты емес болып саналады?

  8. Әсер етуші шама терминіне түсінік беріңіз.

  9. Қалыпты өлшеу жағдайлары және жұмысшы өлшеу жағдайлары дегеніміз не?

  10. Негізгі, қосымша және динамикалық қателіктерге сипаттама беріңіз.

  11. Кездейсоқ шамалардың қалыпты таралуы дегеніміз не?

  12. Қалыпты таралу заңының формуласын көрсетіңіз.

  13. Стьюденттің таралу заңын қалай түсінесіз?

  14. Қалыпты таралу кезіңдегі қателіктің сенімді шектері дегеніміз не?

  15. Көп бақылаулар жасалатын өлшеулер нәтижелерін өңдеу ережелері қандай факторларды ескереді?

  16. Бақылаулар нәтижелерін өңдеу қандай ретпен жүзеге асырылады?

  17. Бақылаулар нәтижелерінің орташа квадраттың ауытқу бағалауын қалай есептейді?

  18. Нәтиженің алынбаған жүйелі қателігі қандай себептерден пайда болуы мүмкін?

  19. Өлшеу құралдарының дәлдік класы не үшін бағаланады және оның маңыздылығы неде?

  20. Халық шаруашылығының қандай салаларында өлшеу құралының дәлдік класы түсінігі кеңірек пайда-ланылады?

  21. Дәлдік класы дегеніміз не?

  22. Дәлдік класы қандай белгілермен белгіленеді және бұл белгілер аспаптардың қай бөлігінде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет