Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет49/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 

Жамбыл облысы, Мерке ауданының қымызынан бөлінген 
көлемі 0,8 мкм, сопақ, дөңгелек, сирек қысқа және ұзын тор тізбектеріндегі 
жұппен орналасқан коккалармен сипатталады.
Грамм оң, қозғалмайды. Агарлы қоректік ортасының бетінде 28-30°C 
инкубациялау кезінде дөңгелек, тегіс шеттері бар дөңес, диаметрі 1-2мм 
жылтыр 
колониялар 
түзеді. 
Факультативтік 
анаэробты. 
Желатинді 
сұйылтпайды, сұйық қоректік ортада, гидролизденген сүтте, бор қосылған 
суслода тұнба түріндегі лайлану жүреді. Тереңдік өсіру кезінде агарда ақ түсті 
жасымық тәріздес колонияларды қалыптастырады, бор қосылған сусло агарда 
колониялардың айналасында ағарту аймағы пайда болады. Ең төменгі өсу 
температурасы – 15°C, оңтайлы

28-30°C, максималды – 45°C. Сүтте 15°C, 
40°C, 45°C жақсы өседі. Сүттегі шекті қышқылдығы – 108°Т. Белсенді 
қышқылдығы – 62°Т. 
Майсыздандырылған сүтті 1% ұйытқыны енгізу кезінде 30°C - 16 сағат 
аралығында тығыз біртекті ұйытқыны түзе отырып ұйытады. Құрамында 0,1% 
метилен көгінің ерітіндісі бар майсыздандырылған сүтті қалпына келтіреді, 
оған 60°C кезінде 30 мин. бойы қыздыру теріс әсер етеді. Құрамында 2, 4% ас 
тұзы бар ГС-те өсуі жақсы, құрамында 6,5% ас тұзы ерітіндісі бар ортада әлсіз 
біртекті лайлану байқалады. Құрамында 0,4% фенол бар сүтте жақсы өседі. 
Қоректік ортада рН – 8,3 болғанда өспейді. 
Глюкоза, лактоза, галактоза, фруктоза, мальтоза, сорбит, арабиноза, 
ксилоза және салицин қосылған ортаны қышқылдандырады. Сахароза, 
раффиноза, рибоза, целлобиоза, маннозаны ыдыратпайды. Тест-бактерияларға 
(
Sarcina, Bac.mycoides, St.aureus, E. coli, Proteus, Diplococcus, Salmonella

антагонистік белсенділікке ие (тежеу аймағы 14 мм дейін). 
Lc.lactis
026ch
– үш тәуліктік қымыздан (Қызылорда облысы, Арал қ., 
2012ж.) бөлінген. Көлемі – 0,7 мкм, сопақ, дөңгелек, жұптық, сирек ұзын тор 
тізбектеріндегі коккалармен сипатталады. Грамм оң, теріс каталазды, 
қозғалмайды. Агар ортасының бетінде 28-30°C инкубациялау кезінде-ақ, 
дөңгелек, тегіс шеттері бар дөңес, диаметрі 1-2 мм жылтыр колониялар түзеді. 
Желатинді ыдыратпайды. Сұйық ортада (гидролизденген сүт, MRS, бал 
қосылған ашытқы) тұнба түзеді. Факультативтік анаэробты. Ең төменгі өсу 
температурасы – 15°C, оңтайлы – 28-30°C, ең жоғарғы – 45°C. Қоректік ортада 
рН-8,3 болғанда өседі. 
Сүттегі шекті қышқылдығы – 140°Т. Белсенді қышқылдығы – 80°Т. 1% 
ұйытқыны енгізген кезде 30°C - 12 сағат кезінде майсыздандырылған сүтті 
біртекті тығыз қойыртпақ түзу арқылы ұйытады. Құрамында 0,1% метилен 


74 
көгінің ерітіндісі бар майсыздандырылған сүтті қалпына келтіреді, 60°C 
температура кезінде 30 мин. бойы қыздыру теріс әсер етеді. Құрамында 2%, 4% 
ас тұзы бар сүт гидролизатында өсімі жақсы, ал құрамында 6,5% ас тұзы 
ерітіндісі бар қоректік ортада өспейді. Құрамында 0,4% фенол бар сүтте өсімі 
жақсы. 
Минералды азоты бар синтетикалық ортада жақсы өседі. Глюкозадан 
көмірқышқыл газын, сондай-ақ аргининнен аммиак түзбейді. Глюкоза, лактоза, 
фруктоза, мальтоза, арабиноза, сорбит, салицин қосылған ортаны 
қышқылдандырады. Сахароза, галактоза, раффинозаны аз ферменттейді. 
Маннит, крахмал, глицеринді мүлдем ыдыратпайды. Тест-бактерияларға 
қатысты (
Sarcina, Bac.mycoides, St.aureus, Е.coli, Proteus, Diplococcus, 
Salmonella
) антагонистік белсенділікке ие (тежеу аймағы 14 мм дейін). 
Антибиотиктерге сезімтал. 
Lb. acidophilus
018k-3 

 
үш тәуліктік қымыздан бөлініп алынған (Алматы 
облысы, Кеген ауданы, 2012ж.), ұштары дөңгелектелген тік таяқшалармен 
сипатталады, әдетте, 4,0-4,6x0,9 мкм көлеміндегі қысқа тізбектер. Грамм оң, 
теріс каталазды, қозғалмайтын, аспорогенді. Агардағы макроколониялары сәл 
кедір-бұдырлы жиегімен көтеріңкі, консистенциясы майлы, колонияның беті 
тегіс, жылтыр, түсі көгілдір түсті ақ, мөлдір емес. Тереңдік колониялары тегіс, 
мақта кесектері түрінде, ақ. Гидролизденген сүтте, сүт сарысуында, MRS, 
ашытқы ортада және олардың агаризденген қоректік орталарында жақсы өседі. 
Микроаэрофил, факультативті анаэробты. Ең төменгі өсу температурасы – 
20
0
C, оңтайлы – 39-41
0
C, ең жоғарғы – 53
0
С. 
Желатинді ыдыратпайды. Сүтті жағымды дәмі мен иісі бар ұйынды 
түзумен қышқылдандырады. 15 сағат ішінде майсыздандырылған сүтті 
ұйытады. Белсенді қышқылдығы – 142
0
Т. Шекті қышқылдығы – 275
0
Т. pН-8,3 
кезінде ЕПС өсім байқалмайды. Құрамында 2%, 4% NaCl және құрамында 20%, 
40% өт бар гидролизденген сүтте жақсы өседі. Құрамында 0,4% фенол бар 
майсыздандырылған сүтте де өсуі жақсы. 60
0
С температурада 30 мин. 
қыздыруға төзімді. 
Минералды азоты бар синтетикалық ортада жақсы өседі. Картоп қоректік 
ортасында өспейді. Глюкозамен, лактозамен, галактозамен, фруктозамен газсыз 
ортаны қышқылдандырады. Раффинозаны нашар ферменттейді. Тест-
бактерияларға қатысты (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет