Өмірбаяны Ахмет Байтұрсынұлы туралы 10 дерек Шығармашылық жолы Қоғам қайраткері және ағартушы Ахмет



бет5/6
Дата11.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135188
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ халқының рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу
Effective use of Differentiation methods, дш реферат Серік Ернар, реферат арай, 256131, 256131, 256131, 9d00054a-269d-49f9-b7a4-e901a45d2c3c, b
Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы


Ахмет Байтұрсынұлы ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы. Ағартушылық мақсаты – өз алфавитін жасау, оқулықтар жазу. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап – танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе», «Маса», «Қырық мысал» атты оқулықтарын жазған.
Әдебиет саласында

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған.




Аудармалары

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет